ЖОСПАР

 

Кіріспе2

1. Салық және салық салудың есебі4

1.1 Салық туралы түсінік4

1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы5

1.3 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі6

2.  Бюджетпен есеп айырысу есебі34

2.1 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі34

2.2 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі37

Қорытынды40

Пайдаланған әдебиеттер41

 

Кіріспе

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2005 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет ─ жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.

Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, мүліктерге салынатын салық, ҚҚС, акциздер.

Мемлекеттік бюджетке төленетін салықтардың барлығы кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының ағымына әкеп соғады, сонымен қатар дұрыс есептелінбеген салық сомалары келешекте айыппұл түріндегі шығындарды тудырады, сондықтан салықтар сомасын дұрыс есептеу бухгалтерлік есепте аса маңызды болғандықтан тақырыптың ерекше өзектілігі бар.

Ашылған тақырыптың зерттеу объектілері болып «Тасты» ЖШС мемлекеттік бюджетке төлейтін тікелей, жанама салықтар мен басқа да алымдар мен төлемдер табылады.

Осы курстық жұмысты орындау барысында келесі мақсаттарды алдымен қойдым салықтардың шығу тарихын зерттеу, салық сомаларын есептеу және оларды бухгалтерлік есепте бейнелеу, сонымен қатар салық кодексін баптарын бухгалтерлік есеп стандарттары арасындағы байланыстарды қарастыру. Қойылған мақсаттардың орындалуы салық және салық жүйесін толығымен оқып, бюджетке төленуге тиісті салықтар сомасын есептеп үйрену талаптары қойылған.

Аталған курстық жұмыстың зерттеу обьектісі болып «Тасты» ЖШС бюджетке төленетін салықтар. Курстық жұмысты әдістемелік негізі болып салық кодексі, бухгалтерлік есеп стандарттары.