МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3 

 

1. БАНКТІК АУДИТТІҢ ТҮСІНГІ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Аудиттың теориясы және банктердегі  мәні, қажеттілігі  және атқаратын рөлі............................................................................................................7

1.2. Банк аудитінің тұйымдастырулық негіздерімен сипаттамалық ерекшеліктері.................................................................................................15

1.3. Шетелдердегі банк аудитінің әдістері мен тәсілдері..................................21

 

2 . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЫ МЕН БАНКТІК АУДИТІҢ ЖҮРГУЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Қазақстан республикасыда банктік аудиттік жағдайы мен дамуын бағалау............................................................................................................25

2.2 Банктік аудитті іске асыру әдістемесі («Темірбанк» АҚ мысалында)...............................................................................................38

3. ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАНК АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ...............................................................56

3.1ҚР банк аудиттінің казіргі заманғы тенденциялары мен даму перспективалары...........................................................................................66

3.2 Банктік аудитті үсыну бағдарламасы……………………………………..

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................77

 

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан экономикасының нарыққа енуі күрделі және қарама-қайшылықты процесс. Кәсіпорындардың арасында тиімді экономикалық байланыстарды орнату барысында бір-біріне деген сенушіліктің болмауы қазіргі заманда жиі кездесетін құбылыс, осы жағдайда барлық меншік иелері нақтылы экономикалық ақпарат қажеттілігін айрықша сезінеді.     

Осыған байланысты коммерциялық құрылымдар мен банктердің қызметіне тәуелсіз бақылау жүргізу бүгінгі күннің нақтылы талабы деуге болады.  

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршіл-әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды.

Нарық жағдайына бейімдеудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірмелерді  жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдардың маңыз беріліп отыр.

Ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайға тиянақты аудит жүргізуді талап етеді. Микро деңгейдегі бизнесте қабылданатын шешімнің сапасы алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығы мен оның талдамалық негізінің тереңдігіне тікелей байланысты болатыны іс жүзінде дәлелденген.

Қазақстан Республикасында индустриясы  дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес  банктің жаңаша кешенді тәуелсіз  банктік аудиті жүзеге асырылуда. Операцияондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Банктің банк аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.

Банктің тиімділігін талдау мен банк аудиттің жеткілікті дәрежеде әзірленбеу мәселесі оның біршама дайын нұсқасын нақтылауды ғана месе, сондай-ақ белгілі бір экономика секторының әр түрлі салаларындағы дағдарыс  жиілігінде, нарық коньюнктурасы өзгергенде және бәсеке деңгейінің болжап білуге болмайтын өзгеше жағдайларында оны ұйымдастырудың принциптік жаңа тәсілдемелерін әзірлеуді де талап етеді.

 Нарықтық қатынастардың дамуы барысында ірі компаниялар мен холдингтердің пайда болуы, олардың қызмет аясының кеңуі, бизнестің жалпы бірігу нәтижесінде тікелей меншік иелері (акционерлер) мен компанияның құрылымдық басшылары (директорлар, басқарушы тұлғалар тағы басқа жалдамалы басшылар) арасында алшақтық пайда бола бастады. Өз міндеттерін орындау барысында компаниялар мен банк басшылары атқарылған жұмысы туралы мерзіміне қарай қаржылық есеп ұсынуға тиіс, осы есептердің шынайылығы тәуелсіз сарапшылардың көмегімен жүзеге асырылады.  

Тақырыптың диссертация зерттелу дәрежесі көптеген шетелдік және отандық ғылымдар жұмыстарымен анықталады. Банктік аудиттің дамуына шетелдік  және отандық ғалымдар үлкен үлес қосқан: Тасмағамбетов Т.А., Абленов Д.О., Ержанов М.С., Даулетбеков Г.Б., Андреев В.Д. Крейнина М.Н., Абленов Д.О., Н.К. Мамырова., Крылова Т.Б., Ван Хорн Дж.К.,  Я.В. Соколов. 

Қазақстанның банктері мен банктік жүйесінде өзгеру процестері жалғасуда.   Ресурстарды тарату механизмін жақсарту және экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, ел экономикасының ашықтығын, бәсекеге қабылеттілігін  жетілдіру, сондай-ақ нарық тәртібін сақтау үшін үкімет бірқатар іс-шаралар жүргізуде. Осы кезге дейін қызметтері қатаң реттеліп келген банктер дербестік ала бастады. 

Осы жағдайға бейімделіп, жұмыстарын алға бастыру үшін банкирлер нарықтық экономика талапарына сай келетін кәсіпкерлерге айнала бастады. Бұл істе банктік активтердің сапасына, кіріске, басқарушы органдарға бақылау жасауды күшейтпесе болмайды. Сондықтан банктік аудиті әрі қарай дамыту қажет. Сол себептен осы тақырып таңталды.

Диссертация жұмыстың мақсаты. Банктік аудиттің маңызын айқындауды және банк қызметіндегі аудиттің маңыздылығын диссертация жұмыстың мақсаты деп анықтауға болады.

Диссертация жұмыстың негізгі міндеттері мыналар жатады:

- Аудиттің маңызы мен қажеттілігін қарастыру;  

- Банктік аудит түрлері және олардың сипаттамасын ашу;                          

- Банктік аудиттің мақсаты, міндеттері, әдістері мен тәсілдерін оқып-білу;  

- нақтылы мысал келтіре отырып, банктік аудитке баға беру;

- Қазақстандағы банктік аудиттің одан әрі дамуына бақылау жасау.

- Банктің ішкі және сыртқы аудитін ұйымдастыру:

- ҚР банк аудитінің қазіргі заманғы тенденциялары мен даму перспективаларын талдау.

   Аталған міндеттері көрсетілген диссертация жұмысты орындау барысында Темірбанк АҚ-ның материалдары, сондай-ақ банктік қызмет, аудит салаларындағы заңнамалық актілер, кәсіби әдебиет, мерзімді баспасөз бетінде жарияланған материалдар, статистикалық мәліметтер қолданылды.

   Диссертация жұмыстың объектісі. Диссертация жұмыс объектісі «Темір бан»АҚ.

   Диссертация жұмыстың пәні. Банк аудитінің талдау зертеу тақырыбының пәні болып табылады.

    Диссертация жұмыстың әдістемелік негізі.  Бұл жұмысты жазу  барысында Баканов М.И., Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С.,  Ковалев В.В., Негашев Е.В. Стоянова Е.С., Дюсенбаев К.Ш.  және т.б. ғалымдардың  еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты.

  Зерттеу нысаны ретінде Темірбанк алынған және банктің аудит жағдайын талдауы.

Жұмыстың әдістемесі болып, қолданылған Халықаралық аудит стандарттары, Қазақстан Республикасының азаматтық кодекс, зерттеу мәселесі бойынша арнайы және ғылыми әдебиеттер мен журналдар болып табылады. 

Диссертация жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыстың мазмұны ... есептеуіш машина бетінде, қосымшалар ... машинка бетінде баяндалған. Жалпы жұмыста ... кесте, ... сурет бар.