Мазмұны

 

Кіріспе 3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ МӘНІ 5

1.1 Еңбек өнімділігін жетілдірудің объективті қажеттілігі 5

1.2 Еңбек өнімділігін арттырудың негіздері және оған әсер ететін факторлар 12

2 «ҚАНТ» АҚ  ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН ТАЛДАУ 17

2.1 Қант қызылшасы мен қант өндірісінің даму тенденциялары 17

2.2 «Қант» АҚ экономикалық қызметінің сипаттамасы 26

2.3 «Қант» АҚ еңбек өнімділігін ұйымдастыруын талдау 32

3 «ҚАНТ» АҚ  ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 48

3.1 Жаңа технологияларды енгізу – еңбек өнімділігінің өсу факторы ретінде 48

Қорытынды 57

Пайдаланған әдебиеттер көздері 60

 

 

КІРІСПЕ

 

Бүкіл экономиканың, сонымен қатар оның жеке салаларын қайта құры-лымдау мен ұйымдастыру реформаларының тереңдеуі – қазіргі кезеңдегі  алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Нарықтағы  ұсыныс  пен  сұраныс жиынтығының аз да болса да,  үлес салмағын  алып отырған  кез  келген өндірістің саласы жоғары деңгейдегі ғылыми-технологиялық мүмкіншіліктерді қолдана отырып, жоғары сапалы өнім шығару барысында экономиканың өсуіне әсер ететіні күмәнсіз.

Қазіргі таңдағы тамақ өнеркәсібі елдің  экономикалық және саяси  тәуел-сіздігін қамтамасыз ететін негіз болып отыр. Құрылымдық қайта құру төлем қабілеті бар сұраныс пен тауар ұсынысының  айналысы, баға, қаржы және салық саясаты,  сыртқы экономикалық  және жаңашыл әрекетшілігіне  байла-нысты пайда болады.

Қайта құрылымдау – бұл кәсіпорынның құрылысымен  өзгертуге бағыт-талған  экономикалық-ұйымдастырушылық, басқару,  меншік  формасы, құқықтық-ұйымдастыру  мәселелері,  техникалық шараларын  жүзеге асыру  және  кәсіпорынның  қаржы  жағдайын  түзету,  бәсекелестік  қабілеті  бар шығару мен оның көлемін ұлғайту, және де  жалпы өндірістік тиімділікті кө-теру болып табылады.

Бәсекелестік қабілеті бар және ғылымды  қайта ұйымдастыру процесімен тығыз байланысты. Сондықтан да, мемлекет  тарапынан  ғылыми-техникалық және  технологиялық  зерттеу жұмыстарын  қолдау  басты  мәселелердің бірі. Сонымен  қатар,  микродеңгейдегі  құрылымдық  өзгерістерді  айқындайтын негізгі  экономикалық  шешімдердің  міндетіне жүктелуі тиіс. Экономикалық дағдарыс  жағдайын  ескере  отырып  салықтандыру,  баға саясаты, амортизация, несиелендіру,  бюджеттік  инвестиция  сияқты  барлық  құрылымдық пропорцияларына мемлекет тарапынан түрлі әдістер мен амалдарды қолдана отырып, ықпал етілуі керек.

Тамақ өнеркәсібінің шұғыл түрде дамуы, өндірістік сұранысты ұлғайта отырып,  қажет ғылыми-техникалық  және  технологиялық  базаның  қалыптасуының байланыс тізбегі негізінде, ұлттық экономиканың басқа да маңызды салаларын қайта жөнге келтіру мен қарқынын  үдететін  күш болып табылады.

Сондықтан бүгінгі күнде «Кәсіпорында еңбек өнімділігін жоғарылату жолдары» — өзекті, маңызды тақырыптардың бірі және бұл тақырыпты біраз экономистер қатары өз еңбектерінде қарастыруда.

Өндірістің  құрылуы  әр уақытта  кәсіпорындарда қызмет  істейтін  адам-дармен  тікелей  байланысты. Жұмыс  күші – адамның  табиғи  және ой  қабі-леттілігінің  жиынтығы, оның  еңбекке  деген  қабілеттілігі.  Нарықтық  қатынастар  жағдайында  еңбекке  қабілеттілігі  жұмысшы  күшін  тауарға  айналдырады.  Бірақ,  бұл әдеттегі  тауар  емес.  Оның  басқа  тауарларға қарағанда айырмашылығы  сол,  біріншіден,  ол  өзіне  қарағанда  құнды  көп  жасайды, екіншіден, оны қатыстырусыз кез келген өндірісті  жүзеге асыруға болмайды, үшіншіден, ол  негізгі  және  айналыс  өндірістік  қорлардың,  жалпы  алғанда шаруашылық  жүргізудің  экономикасының тиімділігіне байланысты болады.

Жоғарыда айтып өткендей, дипломдық жұмыстың мақсаты: кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бұл үшін дипломдық жұмысқа келесідей міндеттер қойылды:

 нарықтық жағдайдағы еңбек өнімділігінің негізін және маңызын анықтау;

 еңбек өнімділігін жоғарылатуға әсер ететін негізгі факторларды анықтау;

 кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатудың ұйымдық-экономикалық аспектілерін қарастыру;

 кәсіпорынның экономикалық қызметіне сипаттама және еңбек өнімділігін ұйымдастыруын талдау;

 кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатудың басты бағыттарын анықтау.

Осы дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі — «Қант» акционерлік қоғамы.

Дипломдық жұмыстың әдістемесі. Бұл дипломдық жұмысты жазғанда кәсіорындардың еңбе өнімділігіне қатысты «Еңбек туралы», зерттеу объектісіне қатысты «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа 2005-2006жж жолдаулары және кәсіпорындардың ебек өнімдігігін зерттеуші ресейлік және қазақстандық ғалым-экономистердің ғылыми еңбектерін қолдандым.

Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста экономикалық, статистикалық және салыстырмалы әдістер кеңінен қолданылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер көздерінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі айқындалды және дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері анықталды.

Бірінші бөлімде еңбек өнімділігінің теориялық негіздері: «еңбек өнімділігі» ұғымы, қазақстандық және шетел экономистерінің «еңбек өнімділігі» терминінің түсіндірмелері, еңбек өнімділігінің көрсеткіштер жүйесі, еңбек өнімділігін бағалау әдістері және әсер ететін негізгі факторлар қарастырылды.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының аймақтарындағы қант қызылшасы мен қант өндірісінің даму тенденциялары, «Қант» акционерлік қоғамының соңғы 3 жылдағы экономикалық көрсеткіштері талданды және нарықтағы орны, артықшылықтары мен кемшіліктері, әсер етуші факторлар анықталды.

Үшінші бөлімде «Қант» АҚ  еңбек өнімділігін жоғарылатудың негізгі бағыттары қарастырылды. Оның негізгі бағыты еңбек өнімділігінің өсу факторы ретіндегі жаңа технологияларды енгізу болып табылатыны айқындалды.

Дипломдық жұмыстың қорытындысында жұмыстың мазмұнын қортындылап, кәсіпорында еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар берілген.