Жоспар

 

Кіріспе..................................................................................................................3

1. Әлемдік қаржы нарығы............................................................................6

2. Қаржы нарығының құрылымы мен оның дамуы ................................15

3. Еурорынок................................................................................................20

4. Қазақстандағы    құнды   қағаздардың 

      қалыптасуы     және   дамуы..................................................................22

Қорытынды........................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................30

 

Кіріспе

Әлемдік   шаруашылықта    қаржы нарығы   ұғымы   ақша,  валюта,    кредит, капитал рыноктарын      қоса   отырып кеңінен     түсіндіріледі. Бұл қаржыны    жалпы  ақша   мен  құн    категорияларына     бара-бар    категория    ретінде    қарастырылып практикамен,   негізінен   дүниежүзілік     практикамен байланысты, өйткені     экономикалық   ресурстардың     кез келген   түрі    меншіктің    титулдары  болып   табылатын  ақшамен  немесе    тиісті    бағалы   қағаздармен,    басқа   құжаттармен ортақтастырылады.  

Әлемдік қаржы  нарығын    бірнеше    түрге   классификациялауға  болады: олар, ұйымдасқан (ресми және  жабық) және  ұйымдаспаған болып (бейресми, ашық),  тұрақты   нарық.  Мысалы: аукцион.

Әлемдік  қаржы  орталықтары  – бұл  әлемде  шоғырланған қаржы орталығы, басқа   елдермен   тауар-ақша   қатынасы. Бүгінгі   күні   бұл  ең  пайданы  көп әкелетін  сфера болып келеді. Сондықтан  да   әлемдік   қаржы   орталықтарының    құрылымында  ұлттық   нарық, валюталық,  несиелеу, қор нарығы  және   де    алтын   нарығы кіреді.   

1-ші   дүние жүзілік   соғысқа   дейін    қаржы   орталығы  болып  Лондон қаласы   болды. Лондон  қаласында  жалпы  осы  елдің   экономикасының  дамуы  ең   жоғарғы  орында  болған,   оның   банктік   жүйесі   мен   басқа   елдермен   жақсы   сауда   қарым-қатынасының   ұстауы, сонымен  қатар   олар  осылай   фунт  стерлинг   ақша  жүйесін  бір  қалыпта   ұстап  тұрды. Қысқа  мерзімді   несиелеуде    стерлингтік   вексель   қолданылды. 80 % халықаралық   төлемдер осы  фунт   стерлинг  арқылы  іске  асырылды. 

Ал  бірінші   дүние   жүзілік    соғыстан кейін  қаржы  орталығы  болып  АҚШ мемлекеті   орнады. Бірақ   Лондон  өзінің өмір сүруін   осымен  тоқтатқан  жоқ,  ол  АҚШ  елімен  бірге әртүрлі   қаржы-несие    жүйесінде   және   қор  нарығында   өзінің   үстемдігін  орнатты. АҚШ-тан  басқа   тағы  да    басқа  мемлекеттер    келді. Олар:   Батыс  Европа  елдері  мен Жапония және   тағы  да басқа  жерлерден  болды.  Бәсекелесуді    көтеру  мақсатында, АҚШ  мемлекеті   бірінші   болып  валюталалардың    либерализациялауын  бастады. 

Ал  бүгінгі күнге   келетін   болсақ,   1990 жылы  «Делор  жоспары» бойынша  Европалық Одақ  елдерінде     бір ортақ  валюта мен  қаржылық  орталық  құру   туралы   қаулы   қабылданды. 

1993  жылы  ортақ европалық   валюта мен  қор  нарығы  мен қаржы  қызметтері құрылды. 

1999 жылы   Европалық  Одақ  елдерінде    евро  жүйесі   енгізілді. Бағалы   қағаздар мен  дериваттар евро жүйесіне   көшірілді, осымен   валюталық   тәуекелдікке   әкелді.   

Менің   курстық  жұмысымның   мақсаты – ол әлемдегі барлық  қаржы нарығымен  таныстыру. Оның түсінігі мен құрылымымен, сондай-ақ  оның  даму бағдарламасымен таныстыру.  

Бүгінгі   күні  қаржы ол нарықтың   ең  негізгі  элементі   болып табылады. Сондықтан  да  нарықтың  дұрыс   жұмыс  істеп және көркеюіне осы  қаржының   алатын орны  зор.  Мен   өзімнің   курстық  жұмысымда  әлемдегі  ең  жақсы дамыған  индустриалды  елдерді  алдым. Соның   ішінде,  ол  Жапон  елі мен  АҚШ елі.   Осы  екі   ел  нарықтың  тең  жартысын өз тауар  өндірісімен   қамтамасыз етеді.  АҚШ пен Жапон елі  бір-біріне   өте  ұқсас. Екеуі   де   бірінші дүние жүзілік   соғыстан  кейін  өз  экономикасын күрт көтерді. Екі  ел  өз позицияларын  нығайтып және  әлемдік   нарықтағы  өзінің  электро-техникалық,  машина жасау кешенімен,сондай-ақ  тағы да  басқа  ұсақ-ірі тұрмыстық заттарымен  бүгінгі  күні  нарықты  жаулап алуда. 

Нарықтық  қатынастардың  құрылымында да, мемлекет  тарапынан   оларды   реттеу    механизмінде де  қаржы    зор  роль    атқарады.

Қаржы – нарықтық   қатынастардың     құрамды    бөлігі    және   мемлекеттік   саясаты    жүзеге   асырудың құралы. Бұл  орайда    қаржының     әлеуметтік-экономикалық   мәнін     түсіне    білудің,  оның    іс-әрекет     етуінің  ерекшеліктерін    терең    ұғынудың, әлемдегі мемлекеттер  экономикасының     ойдағыдай   дамыту    мақсатымен     қаржы  ресурстарын    неғұрлым    толық   және    ұтымды    пайдаланудың   әдістері   мен  амалдарын   көре   білудің    маңызы  зор.

Сонымен,  әлемдік  қаржы  нарығы – бұл,  ең  алдымен   дербес   экономикалық   категория   ретінде    бағалы    қағаздарды  сату    мен  қайта   жөніндегі  операцияларды    жүзеге    асыру  жолымен    кәсіпорындардың,    фирмалардың, банктердің,    жинақтаушы   зейнетақы    қорларының,  сақтық    институттарының,   мемлекеттің   және    халықтың    уақытша   бос  ақшасын    жұмылдыруды,    бөлінуді    және  қайта    бөлуді    қамтамасыз   ететін     нарықтық    қатынастардың   жиынтығы. Ол  нарықтық    қатынастар     жүйесінің   құрамды    бөлігі    болып   табылады және тауар,   ақша, кредит,  сақтық,  валюта  және басқа    рыноктармен байланысты.