МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН  БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Құрылыстық ұйымдар мен олардың қаржы ресурстарының

қалыптасуы..............................................................................................................6

1.2  Құрылыстық ұйымдардың қаржы ресурстарын басқару саясаты................. .................................................................................................................................12

1.3 Құрылыс ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен

қаржылық нәтижелігін  бағалау әдістері.............................................................21

ІІ БӨЛІМ «BI-GROUP» АҚ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2.1 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының құқықтық мәртебесі және

оның қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайына сипаттама ..................29

2.2 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының негізгі қаржылық

жағдайын талдау ...................................................................................................37

2.3 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының қаржылық

коэффициенттерін есептеу .................................................................................45

ІІI БӨЛІМ ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Акционерлік Қоғамның қаржылық тұрақтылығын жетілдіру

жолдары ..............................................................................................................62

3.2 Акционерлік Қоғамның қаржылық жағдайын  басқару стратегиясы........... ...............................................................................................................................67

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................78

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................81

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан − 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы» стратегиясының 3-ұзақ мерзімді басымдықта: «Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестициаларын тартуға негізделеді» делінген [1].
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2009 жылғы наурыз айындағы «Дағдарыстан − жаңару мен дамуға» атты жолдауы баршамызға үлкен әсер етті. Біз қазір барлық ірі құрылыс кәсіп-орындарын адамдарды басқа мамандық-тарға оқыту үшін қарыз бөлуге міндет-тейміз. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды [2].
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкершіліксіздікті, іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру — нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс − әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объек-тивті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі − оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Құрылыс ұйымдарының қаржылық стратегиясының болуы халықаралық қатынастарда да үлкен рөл ойнайды. Еліміздің беделді қаржыгерлердің бірі Аблязов М. өзінің бір сөзінде: «Халықаралық нарықтарда Қазақстанның қаржылық институттарының белсенді қызметі әмбебап тәжірибе алуға мүмкіндік береді, елімізге деген инвестициялық қызығушылықты арттырады және арзан және ұзақ мерзімді қаржылық қаражаттарды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деп отанымыздың қаржылық нарығының тұрақтылығы мен экономикамыздағы ұйымдардың орнын көрсетті [4].
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады.  Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Нарықтық экономика жағдайында құрылыс ұйымдарының қаржылық өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның «тежелуі».
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты   жүргізуші   субъект   ретінде   құқық   жағдайларын   едәуір
нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, салып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Бір сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады. Қазіргі нарықтық жағдайда табыс рөлі зор. Жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның маңызының төмендетілгені бәрімізге мәлім.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы құрылыс ұйымдарының климатын, процестерді, жағдайды, жалпы құрылыс ұйымдарының қаржылық жағдайын талдау және тұрақтылығын бағалаудың жекелеген аспектілерін қарастыру.
Дипломдық  жұмыстың міндеттері:
 Құрылыс ұйымдары жұмысының теориялық аспектілерін зерттеу, яғни олардың мәнін, ұйымдастыру нысанының түрлерін, сондай-ақ қаржылық тұрақтылығы мен қаржы нәтижесін бағалау әдістері;
 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының қаржылық жағдайын басқару, талдау және бағалау;
 Қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
 Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша  жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
 «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымынының қаржылық стратегиясын жетілдіру жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту мен жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыру  есептеледі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымынының қаржылық жағдайын басқару, тұрақтылығын бағалау нысандары табылады.
Жұмыстың ақпараттық негіздері болып ҚР заңдары, 1997 жылғы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстан − 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы», ҚР Президентінің 06.03.2009 жылғы «Дағдарыстан − жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауы. Қарастырылған тақырыптың теориялық аспектілерін мазмұндауда көптеген отандық және ресейлік авторлардың әдебиеттері, сондай-ақ жұмыстың тәжірибелік бөлімін жазу барысында  «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының қаржылық есептері мен мерзімдік басылымдардағы және «BI-Group» АҚ құрылыс ұйымының электрондық  порталындағы ақпараттар  пайдаланылды.
Дипломдық  жұмыстың құрылымы кіріспе, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралған.