ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2

І  ҚҰН ТЕОРИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ, ЗАҢЫ ЖӘНЕ ТАУАР ӨНДІРІСІНІҢ ЗАҢЫ 3

1.1 Тауар құның мөлшері және оны айқындаушы факторлар 3

1.2 Құн заңы және шекті пайдалылық заңы 5

ІІ ҚОСЫМША ҚҰН ЖӘНЕ ПАЙДА ТЕОРИЯСЫ 9

2.1 Қосымша құн және жалақы 9

2.2 Құн және пайда 14

ҚОРЫТЫНДЫ 20

ҰСЫНЫЛҒАН әДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 27

 

КІРІСПЕ

 

Қоғамдық өндірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға — құн заңының, көрінісі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.

Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап, құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Қоғамда үстемдік ететін өндірістік катынастардың типімен байланысты оның әрекет ерекшелігі   де    өзгеріп    отырады.    Құн   заңының    тауар өндірушілерге әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізі құн заңының өзінде емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, қоғамның экономикалық құрылысының сипатында.

Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің келемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру маңызы зор.