MA3МҰНЫ

КІРІСПЕ 1

I-Бөлім. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ 6

1.1. Қысқа мерзімді несиенің қажеттілігі мен мәні 6

1.2. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ МЕН САТЫЛАРЫ 34

1.3. НЕСИЕНІ ҚАМТУ НЫСАНДАРЫ МЕН НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 71

II-БӨЛІМ. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕР БОЙЫНША БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ 81

2.1. КЛИЕНТТІҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ 81

2.2. Қысқа мерзімді несиелеу тәжірибесі (ААҚ "Казкоммерцбанк" материалдары негізінде) 92

III-тарау. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕУДІҢ БОЛАШАҒЫ 111

3.1. Қысқа мерзімді несиелеу бүгіні мен ертеңі 111

ҚОРЫТЫНДЫ 116

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 119

 

 

КІРІСПЕ

Қыска мерзімді қарыздар беру банк ашуға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі рұқсат берген және банк операцияларын жасауға лицензия алған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Банктер қысқамерзімді несиелендіру үрдісінде нарықтық қатынастардың жан-жақты қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, егемен Қазақстан Республикасы мемлекетінің экономикасы мен қаржысын нығайтуға, жөн-жосықсыз дағдарыстың өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валюта теңгенің нығаюына ықпал жасап отыруы тиіс.

Қарыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп тиімділігін арттыруда оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеру мақсатындағы шараларға, өнімнің тиімді әрі жоғары жаңа түрлерін шығаруға ынталандыруға, халыққа жан-жақты қызмет көрсетуге, халыққа қажетті тауарлар шығаруға және экспортқа жұмсалады. Сонымен қатар олар нарықтық құрылымның қалыптасуын, кәсіпкерлік жұмысты кеңейтуді, сату-сатып алу операцияларын ұлғайтуды қызу қолдай отырып және бұл мақсатқа қарыз бөлуді ұлғайта отырып, олардың басым көпшілігінің банк кассасына өткізілген қолма-қол ақша есебінен қайтарылуын қарастыруы керек.

Жоспарлауға байланысты барлық мәселелерді, қарыз беру және оны өтеуді, пайыздық мөлшерлемелерді азайтуды немесе көбейтуді қарыз алушылар несиелік шарттар негізінде жергілікті банк мекемелерінің өзінде шешеді, ол шарттар екі жаққа да өзара міндеттемелер мен экономикалық жауапкершіліктер жүктейді.

Банк мекемесі мен қарыз алушының арасындағы несиелік шарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалады, егер қарыз алушы қарызды үнемі және қысқа мерзімге алатын болса, онда оған қарыз уақытша әйтпесе кейбір қарыздарын беруіне қажет болғаны. Ұзақ мерзімді несиелік шарт жасалғанда, мұндай шарт несиелік келісім жасаушы жақтармен жыл сайын анықталып отырады, екі жаққа да тиісті жекелеген келелі мәселелер талқыланады. Шарт жасау тәртібі әр қарыз алушыға жеке түрде жасалуы тиіс.

Қысқа мерзімді несиелендіру банктер арқылы коммерциялық негізде жасалып, олардың жедел, қайтарымды, төлемді, өтелімді болуы және қарыздың белгілі бір мақсатқа жұмсалуы көзделеді.

Банк мекемелері қысқа мерзімді несиелендіру қарыздарын өздерінде бар несиелік ресурстар шамасында береді.

Қысқа мерзімді несиелендіру үшін қажет қарыз және несие ресурстарын бөлуде, банк алдын ала жоспарланатын төртінші тоқсанда алдағы жылдың әр тоқсанында бөлінетін қажетті қарыздардың есебінің үлгісін қарыз алушылардан талап етеді, олардың айналымдағы қаржыларының пайда болу, жеке көздерінің және кредиторлық қарыздарының шамасын байқауы тиіс.

Есеп айырысудың негізіне өнеркәсіптің көлеміне, қарай алдағы жылдың жоспарланатын есеп көрсеткіштері, баға мен тарифтің өзгеруін ескере отырып, соңғы бірнеше жылдардағы жиналған қарыздары мен кредиторлық қарыздары жатқызылуы керек. Бұл есеп айырысулар жыл бойына банк пен қарыз алушының өзара келісулері бойынша анықталуы мүмкін. Мұндайда банктер заем алушылардың жеке өздерінің есімдерінің (айналымдағы қаржыларының, басы артық қорларының) шығу кездерін қадағалап, оның есу қарқынының бөлінген несиелік қаржыдан қалыспауын көздейді.

Несиелік шартта міндетті түрде қаралатын мәселелер:

несиелендіру объектілері;

жоспарланатын қарыз көлемі, оның бағытталуы;

қарыздың берілуі мен оны өтеу мерзімінің шарты, оның қарыз алушының қызметінің жақсаруына тигізетін ықпалы;

қарыз бойынша пайыздық мелшерлемелер, олардың төмендеуі немесе жоғарылауы;

қарыз алушының қарызды қайтаруды қамтамасыз етуде несиелік құндылықтар (кепілдеме, т.б. кепілдік құжаттар) бойынша міндеттемесі;

материалдық артықтар мен өндірістік шығындардың орнын толтыратын жеке айналым қаржыларының нормативі;

несиелендіруге қажетті есептеулер мен мәліметтер тізбесі, қарыз алушыларға белгіленген несие беру мерзімдері және басқа да шарттар:

қатысушы жақтар келісім шартын бұзған жағдайда қолданылатын экономикалык іс-әрекет шаралары;

Шарттың нақты мазмұны жақтардың келісім жасасуына қарай анықталады.

Несиелік шарттар банк мекемелері қарыз алушылардың өндірістік және инвестициялық қызметін, олардың қаржы жағдайын, ақша айналымындағы қаржыларының, жай-күйін, өндіріс пен айналымдағы шығындарды азайтуға белгіленген шараларды, қор қайтарымдылығы мен түсімнің өсуін терең, жан-жақты зерттеп білген соң жасалады.

Сонымен қатар банктер қарыз алушылардың бастамасы мен іскерлігін жан-жақты қолдай отырып, олардың өндірістік қызметіне қол сұқпауы тиіс. Банктер қарыз алушылармен қарым-қатынаста бола отырып, олардың жоғары көрсеткіштерге жетуінде ынталы және мүдделі тілектері болуы тиіс.

Несиелік ресурстарға сұраныс әр түрлі субъекттер (жеке, заңды тұлға) тарапынан болып келді және бола бермек. Қазақстан экономикасының даму бағыты мен өндіріс саласының кешенділігіне байланысты шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді несиелендіруде, әр түрлі мәселелер мен перспективалар бола бермек.

Диплом жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым:

қысқа мерзімді несиелендіру шартымен жан-жақты танысу;

өз көзқарасым тұрғысынан қысқа мерзімді несиенің бүгін мен ертеңін дәлелдеу;

жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау.

Жұмысты орындауда міндетім мынадай:

қысқа мерзімді несиелендіру бағыты мен маңыздылығын айтып көрсе-ту;

қысқа мерзімді несиелендіру бойынша қарыз қабілеттілікті анықтаудың әр түрлі елдердегі жүйесін салыстыру;

Қазақстан экономикасындағы қысқа мерзімді несиені тұтынушы салаларға талдау жасау. Тақырып өткірлігі болып, қысқа мерзімді несиенің бүгіні мен еотені және оған деген тұтынушы болуы өзекті мәселенің даму сұрақтары табылады.

Әдістемелік негіз ретінде ҚР Президентінің "ҚР Ұлттық банк туралы", "ҚР банктер және банктік қызметтер туралы" заңдары мен ҚР Ұлттық банктің "Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелендіру" ережесі, және көптеген құқылы-нормативтік заң актілері мен ережелер, экономикалық әдебиеттер қолданылды.

Жұмыс кіріспе, 3 бөлім және қорытындыдан тұрады.