Мазмұны

 

 

Кіріспе.......................................................................................................................4

1. Трансұлттық корпорациялардың әлемдік экономикадағы орны

1.1 Халықаралық корпорациялардың әлемдік шаруашылықтағы орнының теоретикалық негізі.................................................................................................7

1.2 ТҰК халықаралық қызметінің оң және теріс жақтары................................12

1.3 ТҰК заманауи даму беталысы........................................................................16

2. Трансұлттық корпорациялардың қабылдаушы елдердің ұлттық экономикаларына әсері

2.1 ТҰК және қабылдаушы мемлекет қызметі: экономикалық дамуға және ұлттық қауіпсіздікке ықпалы................................................................................32

2.2 Мемлекеттер экономикасында трансұлттық корпорациялардың әлеуметтік-экономикалық салдары......................................................................38

2.3 Қабылдаушы ел мен ТҰК арасында өзара қарым-қатынастың әлемдік тәжірибесі...............................................................................................................46

3. Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздік жүйесінің қазіргі жай-күйі және трансұлттық корпорациялардың әрекетін талдау

3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік жүйесі мен оны қамтамасыз ету тетігі............................................................................................54

3.2 Трансұлттық компаниялардың Қазақстан экономикасына әсері................85

3.3 Трансұлттық корпорациялар мен Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне әсері.......................................................................96

Қорытынды..........................................................................................................103

Пайдаланылған әдебиет тізімі...........................................................................107

Қосымшалар

Кіріспе
В.И.Ленин айтуы бойынша «қаржы капиталы заманында жеке меншік пен мемлекеттік монополиялар бір-бірімен байланысып жатқанын, әлемді бөлу мақсатында олар империалисттік қақтығыстың тек кейбір бөлшектері ғана болып табылатынын біз анық көріп отырмыз». New York Times Magazine 28.03.01 жазылған мақалада: «Егер Америка жаһандануды дамытқысы келсе, әлемдік аренада өзін астам держава ретінде ұстауға қысылмау керек, өйткені ол шынында да солай болып келеді. Нарықтың «елеусіз қолы» ешқашанда «елеусіз жұдырықсыз» іске асырылмайды. «Елеусіз жұдырық» деп АҚШ-тың әскері, флоты және әуе күштері аталады» - деп белгіленеді.[48]
Тақырыптың өзектілігі - қазіргі заманда адамзат жаһандану адами қоғамының барлық салаларына әсер ететін қиындықтарымен  айналысады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, сонымен қатар әлемнің, аймақтардың, белгілі мемлекеттердің мен жерлердің әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы. Жаһандану үрдісі әлемдік экономика эволюциясы, әлемдік шаруашылық байланыстар күшеюінің қайталмайтын нәтижесі болып объективті сипатқа ие. Жалпы әлемдік нарықтың, капитализмнің әлемдік жүйесінің және оның ішінде трансұлттық корпорациялары билігі дамуының қалыптасуына қарай экономикалық үрдістің қатысушылары ретінде ұлттық мемлекеттердің «құруы» концепциясы ұсынылды. Осы концепцияға сәйкес аса ірі корпорациялар өсуі кезінде «ұлттық мемлекет экономикалық бірлік ретінде өзінің соңына жақындап келеді». «Әлемнің экономикалық болашағы әлем кіріктіретін ірі корпорациялар қолында». Осындай үрдістің шарықтау шегі ретінде «ірі корпорациялар қол астында әлемнің экономикалық ұйымдастыруы» болуға тиіс. Көлік пен байланыс саласында технологиялық жетістіктердің «жаһандану әсері» трансұлттық корпорациялары іс-әрекеттері экономикалық әсерінің дамуында көрінеді. ТҰК сауда операциялары мен капиталдың шығарылуын алмастырады, кейбір жинақтаушы бөлшектерді шығаруын әртүрлі елдерде және солардың біреуінде күрделі өнімнің соңғы шығаруын  орналастырып, әлем көлемінде еңбекті цехаралық бөлудің пайдаларын тиімді қолданады. ТҰК – бұл жаңа «жаһанды субъектілер», олардың ең ірілері қаржы-экономикалық және технологиялық мүмкіндіктері бойынша әлемнің кіші және орта мемлекеттерінің көбін асып түседі.
Трансұлттық корпорациялар өздерінің филиалдарын оларға қызықты мемлекеттерде ашады. Қызықтарының негізі - өзінің технологиялық бөлімдерін мен өндірісті орналастыру немесе дайындалған тауарларды, өндірілетін қызметтерді сату болып  табылады. ТҰК өздерінің эволюциясы кезінде өздерінің географиясын бұрынғы КСРО елдеріне де өткізді.
Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік егемендішін алуы ішкі және сыртқы ресурстарының сапасы мен жұмылдыруына байланысты елдің өмірге төзімділігінің негізгі кепілі ретінде Трансұлттық корпорациялармен қауіпсіз экономикалық қатынастармен қатар жалпы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын күшейтті.
Қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздік ең алдымен Қазақстанның алдыңғы қатарлы экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, елде әрекет ететін трансұлттық копорациялар, инвесторлар мен шетел компаниялардың экономикалық іс-әрекеттердің ұлттық экономикасына теріс жағдайларын тоқтату, аталған экономикалық объектілерімен дұрыс қатынасты құруға бағытталған экономикалық қауіпсіздігіне сүйенеді.
Осыған орай Қазақстан Республикасы даму стратегиясының негізгі бағыттарының ішінде, елдегі трансұлттық компаниялардың филиалдарымен ойдағыдай жұмыс істеп, оларға заңсыз операцияларды жүргізуге, мемлекеттің салық органдарынан табиғи ресурстардан түскен пайдалырының ірі көлемдерін көрсетпеуіне, табиғатқа және аймақтардың әлеуметтік- әлеуметтік, экологиялық жағдайларын кемсітуге жол бермеу, қазақстандық өнеркәсіптерін технологиялық, өндірістік жағынан өздерінің елдеріне тәуекел етуге тосқауыл қоятын барлық саяси-әлеуметтік салалардың тиімді және тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ететін экономикалық жүйесінің қауіпсіздігі басым болып табылады.
Соңғы жылдары ТҰК мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өйткені экономика, оның жағдайы мен әлемдік экономикалық қоғамдастығына ықпалдасу деңгейі трансұлттық корпорациялардың орталықтары әлемнің жетекші елдерінің өз шамданушылықтары мен мүдделерінің пайдасына шешілуіне әкелетін әсер ету тетіктеріне жиі айналып отырады.
Жалпыға мәлім болғандай, бүгінде Қазақстан Республикасындағы трансұлттық корпорациялар, шетел компаниялардың іс-әрекеттері мен ұлттық экономиканың қауіпсіздігі экономистердің, саяси және мемлекеттік қайраткерлерінің, халықаралық экономикалық ұйымдар басшыларының ерекше назар аударатын мәселелерінің қатарына қосылды.
Экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз ету мен шетел мен трансұлттық компаниялардың зиянды да теріс әсерлерін төмендету, олардың экономикалық-әлеуметтік жағдайына оң салдарын көбейту мәселелеріне деген ерекше назар аударылуы келесі жағдайлармен себептеледі:
1. Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі қауіп-қатерлері ұлттық қауіпсіздігінің басты және түйінді қауіп қатерлердің қатарына кіретін құбылысқа айналды;
2. экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі қауіп-қатерлердің материалдық залал келтіру деңгейі мен айқымдары (мысалы, шетел мен трансұлттық корпорациялардың филиалдарымен жасалатын экономикалық қылмыстардың деңгейі, шетелге кететін капиталдарының «кему» көлемдері) қауіп қатерлердің басқа түрлері бойынша қалыптасқан шығышдарының едәуір жоғары болады;
3. шетел мен трансұлттық корпорациялар жасаған экономикалық зиян салдары толықтырылмайды және кеткен капиталдар мемлекеттік бюджетке штрафтар немесе алымдар ретінде толығымен қайтарылмайды, сондықтан қазіргі қауіп-қатерлердің кейінгі сақталуы мен таратылуы әлеуметтік-экономикалық қатынастарының деформациялануына шарасыз болып жатады.
4. Қазақстан Республикасында орналасқан шетел мен трансұлттық корпорациялармен бірге құрылған бірлескен немесе шетел капиталы бар кәсіпорындар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мағынасында стратегиялық салаларда үлкен роль алады. Бұл кәсіпорындарға экспорт пен импорт, тауар өндіру мен ішкі нарықта сату көлемінің 50-80% пайызға дейін келеді. Бұл болашақтағы мемлекеттің тәуелсіз экономиканы құруға көлемді күдікті туғызады [2].
Жоғары аталғанын есепке ала отырып, осы дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстанда трансұлттық корпорациялар әрекеті мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі туралы ұйғарымдарын жүйелеу, сондай-ақ қазіргі әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың рөлі мен даму тенденцияларын, қабылдаушы мемлекетке қандай әсер ететінін, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі мен осымен байланысты Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік жүйесінің қазіргі жағдайына талдау жасау.
Жалпы мақсатынан шыға отырып, жұмыста төмендегідей міндеттер қойылды:
 әлемдік шаруашылықта трансұлттық корпорациялардың орнын мен іс-әрекеттерін зерттеу;
 әлемде қазіргі трансұлттық корпорацияларының даму тенденцияларын талдау;
 трансұлттық корпорацияларының қабылдаушы мемлекеттердің экономикалық дамуына мен ұлттық қауіпсіздікке ықпалын қарастыру;
 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік жүйесі мен оны қамтамасыз ету тетіктерін қарастыру;
 Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясатының алдағы негізгі міндеттері мен басымдықтарын талдау;
 Қазақстанның экономикалық даму жүйесінде трансұлттық копорациялар әрекетін талдау.
Зерттеу объектісі трансұлттық корпорациялар мен экономикалық қауіпсіздік жүйесі болып табылады.
Бұл дипломдық жұмыста ақпарат көздері ретінде ұлттық экономиканың стратегиялық даму саясатының, статистикалық, жедел есептердің ақпараттары, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы материалдар, ресми органдарының статистикалық мәліметтері, сондай-ақ халықаралық экономикалық ұйымдардың статистикалық мәліметтері мен талдаулары қолданылды.