МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.....................................................................................................................................31 САУДАДАҒЫ БАСҚА ДА ТАУАРЛЫ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1  Саудадағы сатып алынған тауарларды өткізудің  жалпы сипаттамасы.......................5

1.2   Тауар қорлары, оларды жіктеу және бағалау...............................................................15

 

2  САУДАДАҒЫ  БАСҚА ДА  ТАУАРЛЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

 

2.1 Бартерлі операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебі және құжат айналымы................................................................................................................................24

2.2 Комиссиондық бастамада тауар сату операцияларының есебі және құжат айналымы................................................................................................................................25

2.3 Консигнацияға берілетін тауарларды сатудың синтетикалық және аналитикалық есебі және құжат айналымы..................................................................................................27

 

3 САУДАДАҒЫ БАСҚА ДА ТАУАРЛЫ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ................................................................32

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................................38

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................40

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі кездегі Қазақстан экономикасында кәсіпорындардың капиталы маңызды экономикалық категория ретінде қарастырылып, бухгалтерлік есептің салыстырмалы түрде алғандағы жаңа объектілерінің бірі болып отыр.       Кәсіпорынның меншікті капиталының негізін оның құрылтай құжаттарында тіркелген жарғылық капиталы құрайды. Жарғылық капитал кез келген заңды тұлғаның өз қызметін жүзеге асыруындағы қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда шет елдік компаниялармен бірлесіп өз қызметін жүзеге асыратын отандақ кәсіпорындардың басшылары мен басқарушылары өз есептемелерінің халықаралық стандарттарға сай  құрылуына деген қажеттілікті мойындап отыр.  Бухгалтерлік есеп пен есептемелердің стандарттарын жасау және оны енгізу жұмыстары экономикасы дамыған өркениетті мемлекеттердің барлығында жүзеге асырылуда. Стандартты енгізу көптеген факторлардың әсеріне тәуелді болып, бірқатар  проблемалар туындатуда. Ұлттық стандарттарды жасау мен оны отандық тәжірибеде қолданудың негізгі үйлестірушісі Халықаралық Бухгалтерлік Стандарттарын енгізумен айналысатын Комитет болып табылады (ҚЕХСК).

Ұлттық стандарттарды жасау мен оны отандық тәжірибеде қолданудың маңыздылығы күн сайын артып, шешімін табуды талап ететін өзекті мәселеге айналып отыр.    Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның қызметі табысты болу үшін меншікті капиталдың құрамында маңызды рөл атқаратын  қосымша капитал мен резервтік капитал, кәсіпорынның бөлінбеген пайдасы және басқа да резервтердің болуы қажет. Капиталдың осы аталған құрылымдық бөліктері кәсіпорын активтерінің меншікті қаржы көздерінің өсімінің әсерінен қаншалықты ұлғайғанын көрсетіп отырады. Осы орайда кәсіпорынның жарғылық, резервтік, қосымша капиталдарын есепке алу мәселелері де өзекті болып табылады.

Экономиканық барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және   олардың   құрылымдық   бөлімшелердің  қызметін   жедел  басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық  тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Берілген курстық жұмыстың негізгі мақсаты - сауда кәсіпорынның өнімді өткізумен байланысты шығындарының бухгалтерлік есебін кәсіпорын тұрғысынан зерттеу және оның тиімді жолдарын қарастырып, тиімді ұсыныстар жасау.

Зерттеу барысында берілген мақсаттарға жету үшін келесілерді қарастыру қажет:

- өндіріс және   сату   бойынша   шығындардың   бухгалтерлік   есебін реттейтін бастапқы нормативтерге талдау жасау;

- өнімді өткізумен байланысты шығындардың құрамын карастыру;

- ондағы бухгалтерлік есептік реттілігі мен өнімнің өзіндік құрамын талдау;

- өнімді өндірумен және өткізумен байланысты операцияларға талдау жасау;

- зерттелетін   кәсіпорынға   қысқаша   сипаттама   беріледі   және   сауда

операцияларының аудиті жүргізіледі.