МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе3

І Бөлім. Салық салудың қалыптасу деңгейі6

1.1. Салық салудың даму эволюциясы6

1.2. Салықтардың мәні, мақсаттары және міндеттері13

1.3. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы20

ІІ Бөлім. Салық салу объектісіне практикалық талдау31

2.1. Салық комитетінің бөлімінің жұмысын талдау31

2.2 Қосылған құнға салынатын салық түсінігі және оның сомасын анықтау34

ІІІ Бөлім. Салық қызметін басқару жетілдірудің негізгі бағыттары38

3.1. Жаңа экономикалық шартта салық қызметінің құрылымы мен мәртебесі38

3.2. Ұйымдастырылған басқару құрылымын жетілдіру41

3.3. Салық төлеушіні тіркеу мен есебін жетілдіру. Салықтын дұрыс төлеуіне бақылау жасау45

Қорытынды49

Қосымша материал А52

Қосымша материал Ә53

Қосымша материал Б54

 Кіріспе

 

 

Әкімшілік-әміршілік жүйесінен нарықтық қатынастарға өту ең алдымен кәсіпкерліктің дамуына және қаржы саясатының қалыптасуына байланысты. Мемлекеттік қаржы саясатында мемлекеттік реттеумен қатар екі түрлі негізгі реттеуіш болады: салықтар мен міндетті төлемдер және мемлекеттік шығындар. Олар арқылы экономикалық нақты секторға, қаржылық және әлеуметтік сфераға әсер етуге болады. Қаржы саясатының тиімділігі ең алдымен салық жүйесін тиімді ұйымдастыруымен анықталады.

Өркениетті ірі мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі олардың жан-жақты жетілген нақты да қолданбалы салық заңдары жүйесіне, яғни – “Күшті мемлекеттің негізі – күшті салық қағидасына байланысты” екені белгілі.

Демек, ел экономикасын дамытудың басты тетіктерінің бірі – салық саясаты, ол бұрынғы Кеңестік дәуірде қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикалық жүйеге бет бұрады. Осы экономикалық қайта құрудың құрамдас бөлігі бүгінгі таңда қоғамымыздың алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі – мемлекеттік салық саясаты болып отыр.

Егеменді мемлекет болған жерде шұғыл мерзім ішінде дербес салық жүйесінде реформалау жасау алда тұрған мәселе. Салық жүйесінің мақсаты бюджетке уақтылы заңмен белгіленген салықтар мен міндетті төлемдердің түсуі. Міне, осындай салық міндеттемелерін қамтамасыз етудегі басты орынды салық заңдарын бұзғаны үшін заңда белгіленген жауаптылық алмақ.

Өзекті мәселенің бірі қоғамның нарықтық экономикаға көшуіне байланысты бұрын сонды болмаған экономика саласында бой көтерген салықтын уақытында түспеуі. Мұндай елеусіз жағдайының себептері жетілмеген салық заңдары болып отыр. Қоғам экономикасына қауіпті салықтын уақытында түспеуінің алдын - ала шара қолдану. 

Практиканың мақсаты  оқып үйренгендегі теориялық негіздерді өндірісте немесе ұйымдарда қолдану. Практика кезінде Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық комитетінде жұмыс атқарып жатқан бөлімдер, оның құрлымы, міндеттерімен танысу және салық қызметі органдарының мемлекеттік өкімет органдарымен өзара қарым - қатынасын білу.

Салық қызметі республикалық бюджеттік жүйесінің тұрақты кірістік негізін толығымен қамтамасыз ету үшін, салық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіруге белгі бір уақыт керек. Бұл жүйе – шешуші буын, мұны қолға алғанда Қазақстан Республикасы Үкіметі еліміздің экономикасын көтере алады. 

Салық қызметінің негізгі міндеттері: 

 Салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;

 Заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобалары әзірлеуге қатысу;

 Салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

Салық қызмет органдарының мемлекеттік өкімет органдарымен өзара қарым-қатынасы.

Салық қызмет органдары орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы мен басқа мемлекеттіе бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады.

Мемлекеттіе өкімет органдары Қазақстан Республикасының салық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына, бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруына, салық құқығын бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органдарына жәрдемдесіп отыруына міндетті.

Олай болса салық жүйесі деп белгілі бір тәртіппен, анықталған принциптермен және өзіндік форма, әдістермен алынатын салықтар, алымдар, мемлекеттік баждар және басқа да міндетті төлемдердің жиынтығын айтамыз. Салық жүйесінің негізгі бір сипаты төлемдердің мемлекеттік заңмен белгіленген тізімі және салық төлеушінің шаруашылық жекешелігі болып табылады. Салық жүйесі нарықтық қатынастардың, жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың қажеттілігіне сәйкес болуы қазіргі салық саясатының негізгі мәселесі болуда.

Қазақстан Республикасында салық жүйесінің дамуы салықтын алынуымен қатар жүреді. 1991 жылы біздің республикамызда салық жүйесінің негізгі салық құжаттамасы шықты. Бастапқыда оған жоғары дәрежеде дамыған нарықтық анықтамасын бермеді. Осы кезеңде салық саны көбейіп және де басқа да бюджетке міндетті төлемдер саны көбейіп, салық заңына қайтадан жаңа жеңілдіктер қосылды. Осының нәтижесінде салық түрінің тым көбеюінің салдарынан заң ішіндегі актілерін жүйелеу қиындап, бір-біріне деген қарама-қайшылық туды. 1995 жылдың басында салық төлеушіге салық салмағы өте жоғары болды.

1995 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы заңы өз күшіне еніп, жүйе жетілу жағына қарай өзгертілді. Бірақ жаңа салық жүйесінің жетіспеушіліктері біртіндеп шығып жатыр. Оған қазір жылда-жылға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. 

1998 жылы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” заңына өзгертулер мен толықтырулар қосылып, басылып шықты.

Басқа жүйелер сияқты салық жүйесі де бір-бірімен тығыз байланысты элементтерден тұрады. Салық жүйесіндегі ең басты элемент ол – салықтар. Қандай бір мемлекет өзінің белгілі бір материалдық қаржылық базасы болғанда ғана өмір сүре алады. Қысқасы ол өз функцияларын жүзеге асыру процесінде пайда болатын шығындарды жабуға және өз аппаратын құру үшін ақша қажет. Ақшаны тауар өндіру саласындағы қызметтен, яғни сол өндірілген тауарларды сату арқылы табуға болады. Бірақ мемлекеттік қызмет басқару процесіне жататындықтан, онда тауар түріндеге жаңа құн өндірілмейді. Сондықтан да мемлекеттік ақшаны басқа амалдармен табуға тура келеді. Мемлекеттің өзіне ақша табу аламдары көп түрлі. Бір жағдайларда мемлекет ақша иелерінің мемлекетке ақшасын ерікті түрде біру әдісін қолданады. Бұл әдістің классикалық мысалына мемлекеттік зайымдар енеді. Екінші әдісте мемлекет өзінің меншігіндегі мүлкін пайдаланып кіріс табады. Мысалы, өз иелігіндегі жерді арендаға беріп ақы алады. Үшіншіден, өзінің қызмет көрсетулерінен ақы алады дегендей, тізімді жалғастыра беруге болады. Бірақ қазіргі кездегі мемлекеттің өзіне қажетті ақшасын табуының негізгі әдісіне салықтар жатады. Салықтың маңызын түсіндіру үшін салық деген ұғымның өзіне дұрыс ақтама беру де зор маңызға ие.