Мазмұны

 

Кіріспе.........................................................................................................................4

1   Әдебиетке шолу.................................................................................................6

1.1 Арпа дақылына сипаттама....................................................................................6

1.2 Арпа  систематикасы...........................................................................................10

1.3 Қуаңшылық және оған төзімділік туралы жалпы ұғымдар ...........................21

1.4 Арпа дақылының қуаңшылыққа  төзімділігі....................................................25

1.5 Суармалы жерлерге арпа өсімдігінің бейімделуі.............................................31

2   Зерттеу әдістемесі.......................................................................................39

2.1 Өсімдіктердің куаңшылыққа төзімділігін анықтау және  арттыру әдістері.....39

2.2 Құрғақшылыққа төзімділікті анықтайтын тура және жана әдістері..............39

2.3 Егу алдындағы құрғақшылыққа қарсы шынықтыру.......................................43

2.4 Арпа дәнін өсу энергияснда құрғақшылыққа шыдамды ету және   

      өңгіштігі................................................................................................................46

3   Зерттеу нәтижесі..............................................................................................50

3.1 Шынықтырылған арпа дәнінің өсу энергиясы мен өңгіштігі.........................50

     Қорытынды...........................................................................................................59

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................61

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Арпа дақылы бірден бір қолайлы  дақыл қатарына жатады. Мал шаруашылығы  дамыған елдерде жүгері, бидай, сұлы, тары дақылдармен қатар оның мал азығындық, азық-түліктік және техникалық маңызы да орасан зор. Үлкен аймақты алып жатқан, табиғи жайылымдықтар табиғи байлықтардың негізгілердің бірі оның негізінде шаруашылықтар тұрақты түрде мал өнімдерінің өсуіне  қол жеткізуде сапалы әрі жоғары мал өнімдерін алушы мал азығының алатын орны ерекше.Олардың негізгі жем-шөптің дәнді дақылдар құрайды. Оның ішінде арпа дақылы құрғақ климатта  белокты мол түзеді. Бидай сұлы мен қара бидай дақылдарға қарағанда арпа дәнімен сабаны әлде қайда құнды. 

Арпа белогында 20 дан астам аминқышқылдар болса оның 8 –і өте бағалы. Арпа азық-түлік ретінде де аса құнды, жармалық дақыл оның дәнінен кофе сурогатын дайындайды. Ол шөл қандыру қасиетін бойынша ересек адамдарға өте тиімды. Арпа дәні сыра өндірісінің негізгі  шикізаты болып саналатын. Арпа дәннің өңдеу  өндірісінің  қалдықтарын сабан шөптерді сүрлеу үшін  қамыр ашытқылары ретінде пайдаланады.

Осы ашытқыларды   қолданса өнімдердің  түсі әдемі болып келеді, сыра дайындау өңдірісінің арнайы арпа сорттарын  ғана пайдаланады. Арпаның агротехникалық   рөлі ерекше зор. Арпа егісі де  фитосанитарлы ретінде арам шөптердің жойылуына жағдай жасалады. Ол көп жылдық шөптерде  бүркеме  дақыл ретінде аса қолайлы. Себебі арпа  өсімдігі өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде  жылдам өсіп топырақ бетінде көлеңке түсіріп, тұзданудан сақтайды. Көп  жылдық шөптердің  жас өскіндерінің жақсы жетілуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсу дәуірінің қысқа болуына байланысты  арпа ерте жиналады,  ал көп жылдық шөптерді күзге дейін  тағы бір рет орып алуға болады. Таза арпа егілген арпаны орып,  бұл жерлерге тиімды себу мерзімі жаз айларына  тура келетін тары егіп,  екінші өнім жинауға мүмкіндік туады. Дақыл өнімін арттыру үшін  егіншілік мәдениетін көтерумен қатар, сапалы сорттап егудің  маңызы да орасан зор. Ал, экологиялық қолайсыз аймақ үшін жергілікті селекций сортын өсіру бірден- бір қолайлы шара екені белгілі, әлемдік тәжірибе де бұл шараны қуаттайды. Селекция жұмыстарын жүргізу үшін негізгі фондарды таңдап алудың маңызы орасан зор.

Өсімдік шаруашылығының   әртараптандыру бағдарламасы аясында, су тапшылығы мен қуаңшылық жағдайында аймақтың ауыл шаруашылығы өндірісін арттырудың  негізгі бағыттарының бірі құрғақшылыққа  шыдамды дәнді дақылдар егісінің көлемін арттыру болып табылады. Дәнді дақылдардың аралығында мал – азықтың дәнді дақылдардың, оның шінде арпанның маңызы орасан зор, оның үстіне аймақ климатының құрғақ болып келетін бұл өңірде  өскен.

Ғылыми жаналығы. Қазіргі кезде қуаңшылыққа және тұзды топырақты аймақтарға төзімді арпа дәндерінің сорттарын  көбейту қолға алынып отыр. Сонымен қатар  селекцияда арпа сорттарының сапасын арттыруда түрлі әдістер қолданылуда. Себебі арпа дәні  ауыл шаруашылығында қажетті өнімі болып табылады.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы.

 Зерттеу жұмысымда арпа дәнінің өсу энергиясында  құрғақшылыққа  шыдамды ету арқылы шынықтырған арпаның құрғақшылық жағдайында өсу энергиясымен өңгіштігінң артатынын байқадым. Практикалық  маңызы өте зор. Практиканы жүргізу барысында әртүрлі арпа сорттарын анықтауымызға болады. Арпа бұл азық-түліктің және  мал шаруашылығында, шикізат өнеркәсібінде бірден-бір бағалы дән болып табылады.

Зерттеу жұмыстарының мақсаты.

Зерттеу жұмысының мақсаты -өсу энергиясында құрғақшылыққа шыдамды ету және өңгіштігін анықтау. Арпа дәндердің егу алдында  құрғақшылыққа қарсы шынықтыру өсу   энергиясын жоғарылатып өңгіштігін арттырып  қуаңшылыққа шыдамды етеді. Қазақстан Республикасында дала, шөл-шөлейт, орманды дала аймақтары кездеседі. Осы қуаншылық аймақтарда арпа дақылының отандық селекция сорттарын сынақтан өткізу олардың өсіру технологиясың жетілдіру.

Жұмыстың міндеттері. 

1. Қуаңшылыққа бейімділік қасиеті  жоғары сорттары мен будандарын  

       анықтау.

2. Дәнді –дақылдардың өсуі мен дамуын  есептейтін ылғал тапшылығы, 

    температура ауытқулығы, қуаңшылық пен аңызақ, топырақтың 

    тұздануы мен қарашірігінің жетімсіздігі және тағы басқа табиғат 

    климат жағдайларына жақсы бейімделген  және аудандастырылған 

    сорттарды өсірудің тәсілдерін жетілдіру.

3. Әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында 

      көрсетілгендей, егіс өнімін арттыру, сапалы жаңа сорттар шығару, 

    егін      шаруашылығына  озық технологияларды  кеңінен қолдану.

4. Шығынды аз жұмсап сапалы әрі мол өнім алу.