МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................................4

1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ШЫҒЫН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ 

МЕН БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................6

1.1 Қазақстан Республикасындағы  астық нарығының  жағдайы 

және  мәселелері..........................................................................................................6

1.2. Өнімдер өндіру шығындарының тұрақтылығы олардың 

бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету негізі ретінде..............................................13

2. «АГРАРЛЫҚ ФИРМА «АҚТЫҚ» АҚ – Ы АСТЫҚ 

ӨНДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ

БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ...................................................................23

2.1. «Аграрлық фирма «Ақтық»» АҚ – ның жалпы экономикалық 

сипаттамасы...............................................................................................................23

2.2 Астық  өндірісінің динамикасы.........................................................................30

2.3 Кәсіпорынның  ресурстармен қамтамасыз етілуі және пайдалану 

тиімділігі.....................................................................................................................31

2.4.Өндірістік шығындар мен өнімнің  өзіндік құнына талдау.............................39

2.5. Шаруашылықтың қаржылық жағдайы және  қаржылық нәтижесін 

талдау..........................................................................................................................43

2.6. Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің белгілері және  оның өндіріс 

нәтижесіне әсерін бағалау........................................................................................49

3. АСТЫҚТЫҢ ШЫҒЫН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

ЖОЛДАРЫ.................................................................................................................55

3.1. Ауыл шаруашылығы шығындарының экономика    жағдайында 

қалыптасу бағыттары................................................................................................55

3.2. Өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы  оның бәсеке

 қабілеттілігін арттыру..............................................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:..............................................................73

 

КІРІСПЕ

 

Астық өндірісі Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды және ауылшаруашылық өндірісінің, қайта өңдеу өнеркәсібінің көптеген салаларының дамуын анықтайтын, елдің азық – түлік қорын қалыптастыратын негізгі сала болып табылады.

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің дамуының тарихи тәжірибесі тың игеріліп, астық өндірісінің өркендеуіне байланысты тек аграрлық салада ғана емес, бүкіл ел экономикасында зор өрлеу болғанын көрсетеді. 

Астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту және бәсеке қабілетін жоғарлату еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. 

Бүгінде еліміздің экономикасы түбейгелі өзгеріс кезеңінен өтуде, бұл құбылыс астық нарығында кейбір жылдары табысты, кейде табыссыз болуда. Осыған орай, астық дақылдары стандартына ішінара түзетулер енгізу және жоғары сапалы азық – түліктік астық өндіргені үшін экономикалық ынталандыру шараларын қарастыру қажет. 

Мемлекет Басшысының бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігімен 2003 – 2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік агроөнеркәсіптік бағдарламасы даярланды. Бағдарлама қайта өңдеу саласын тұтас алғанда әлеуетті екенін анықтайды, және де кәсіпорынды мемлекеттен қолдау бойынша бірнеше шараларды қарастырады.  [1]

Бұл жұмыстың мақсаты – астық өндіру шығындарының тұрақтылығын сақтай отырып, олардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Бұл жұмысты жазуда қарастырылып отырған зерттеу объектісі болып Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Воздвиженка ауылында орналасқан «Аграрлық фирма “Ақтық”» АҚ – ы табылады.

 “Ақтық” АҚ – ы астық өндіру шығындарының тұрақтылығы олардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуі үшін төмендегі міндеттерді орындау керек:

- ауыл шаруашылық өнімдерінің шығын тұрақтылығы мен бәсеке қабілеттілігінің теориялық негіздері;

- “Ақтық” АҚ – ң  жалпы экономикалық тиімділігі;

- өндіріс динамикасы;

- өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнының талдануы;

- астық шаруашылығы өнімдерінің рентабельділігі;

- шығын тұрақтылығын қалыптастыру жолдары;

Осы жұмысты жазу барысында экономика  - статистикалық, статистикалық, математикалық, базисті әдістер қолданылды. Сондай – ақ ғылыми еңбектерді, мақалаларды шаруашылықтың есептерін негізге ала отырып талдау қарастырылды.

 

 

 

1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ШЫҒЫН ТҰРАҚТЫҒЫ МЕН БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасындағы  астық нарығының  жағдайы  және  қалыптастыру мәселелері

   

Астық – елдің азық – түлік қауіпсіздігінің негізгі компоненті. Астық өндірісі Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды саласы болып табылады. Қазақстан АӨК дамуының тарихи тәжірибесі тың игеріліп, астық өндірісінің өркендеуіне байланысты тек аграрлық салада ғана емес, бүкіл ел экономикасында зор өрлеу болғанын көрсетеді. 

Астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту және бәсеке қабілетін жоғарлату еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. 

Кең қолданылатын астық дақылдары болып бидай, күріш, қара нан деп аталатын – қара бидай, арпа, сұлы, жүгері және тағы басқа табылады. Астық шаруашылығы мемлекеттік азық – түлік қорында маңызды роль атқарады. Әлемдік сауда құрылымында үлкен үлесті (50 процентке жуық) бидай құрайды және қара нан, оның ішінде (45 процентке жуық) жүгеріге келеді, ал ең аз үлес күрішке келеді. [2]

Қазақстан негізгі экспорттық дақылы бидай өндіруден әлемде алтыншы орынды иеленеді. Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін жақсартушы ретінде әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протейін мол астықтың қалыптасуына ықпал етеді. 

Ашық экономика және азық – түлік пен ауыл шаруашылығы өнімін сатудың әлемдік жүйесінің шарттары егіншілік мәдениетін арттыруды, өнімнің сапасын жақсартуды, экспортты жандандыруды және өндірісті әртараптандыруды талап етеді. Жоғары сапалы бидай өндіру аймақтары көбінесе өнімділіктің орташа деңгейі гектарынан 10-25 ц. шегінде қара- қоңыр және қара топырақ аймақтарымен шектелетіні мәлім. Бұлар – Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарындағы күн сәулесі өте жеткілікті мөлшерде түсетін құрғақ және қуаң дала аймақтар.