Жоспар

I. Кіріспе

1. Парақорлық түсінігі және құқықтық реттеуі

II. Негізгі бөлім

2. Парақорлықтың обьектісі

2.1 Парақорлықтың объективтік жағы.

2.3. Парақорлықтың субъектісі.

2.4. Парқорлықтың субъективтік жағы.

III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ

Біздің еліміздің қазіргі даму кезеңінде жаңа қоғамның өркендеп әрі қарай дамуы үшін заңдылықтың күшеюі, еліміздің азаматтарының құқықтары мен өмірлерін қорғауының күшеюі басты міндет болып отыр. Бұл туралы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Халқына деген “Қазақстан-2030 Жолдауында”, халқымыздың негізгі Заңы Конституцияда, басқа да құқық қорғау заңдарында көрсетілген, яғни қылмыстылықпен күресуде барлық республикалық заңдарды қолданып, құқық бұзушылықтың жіберілмеуін және де әрбір қылмыскер өзіне тиісті жазасын алатынын айтқан болатын. Сондықтан да еліміздің әрбір азаматына құқықтық саласы бойынша біліммен сусындата отырып, оларды тәрбиелеу. Құқықтық тәрбие үрдісінде көптеген жан – жақты мәселелер қарастырылады, соның бірі құқық бұзушылықты алдын – алу шаралары. Қоғамымызға, мемлекетімізге қауіпті заңға қайшы әрекеттерді болдырмау шаралары құқық қорғау органдарының көмегімен жүзеге асады. Құқықтық тәрбиелеу практикасы – адамзаттың өркендеу кезеңінде қалыптасқан үрдic. Oғaн дәлел ежелгi мемлекетгердегi заңдардың болуы, халықтың жаппай заң нормаларына бағынуы және осы заңдар негiзiнде адамдардың тәрбиеленуi.

Адамдар арасындағы құқық бұзушылықты алдын-алу шараларын дамыту мәселелерi қазiргi заманның өзектi мәселесi болып табылады. Сондықтан да әрбір азаматтың жан-жақты бiлiмiн, санасы мен мәдениетiн тәрбиелей отырьш, өз Отанын сүйетiн, заң нормаларын силайтын, ұғынатын; өз құқықтары мен бостандықтарын бiлетiн; заңды мiндeттepiн бұлжытпай орындайтын құқықтың, демократиялық мемлекеттiң үлгiлi азамат тұлғасында қалыптастырып, дамытады. Құқықтық дамыған адам – құқықтық білімді; өзiн тұлға ретiнде ұстай бiлетiн; заң нормалары мен құқыққа оң көзқарастағы адам болып табылады. Құқықтық бiлiмдi азамат кез келген тәртіп бұзушылыққа немесе қылмыстарға бармайды.

Қылмыстылықты алдын алудың түп нұсқалық идеясы адамгершілік, қоғамдық тәртіп және заң нормаларын бұзумен, кез келген негативті құбылыстармен жиі кездесетін тұлғаны тәрбиелеу жүйесінің құрама бөлігі ретінде негізделеді. Адамдардың заңды білімділігінің төмендігінен әр түрлі заңға қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерге баруы мүмкін. сондықтан оларды құқықтық тәрбиеге баулуда, құқық бұзушылықты алдын алу шараларын ұйымдастырғанда тәрбиеленушінің жүріс-тұрысына, психикалық ой-өрісіне, санасы мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлініп отырғаны дұрыс.

Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған құқықтық білім беру мен тәрбие процестері жастардың заң нормаларын силайтын, өз құқықтары мен бостандықтарын білетін, міндеттерін орындайтын, заңға қайшы әрекеттердің мемлекетке, қоғамға, жеке тұлғаға тигізетін залалы мен зиянын ұғынатын, заңды жаза мөлшерін білетін және т.б. заңды білімі мен санасын, мәдениетін дамыту шаралары арқылы қоғамдағы, мемлекеттегі құқық бұзушылықты алдын алу немесе болдырмау мәселелерін шешуге болады.

Еліміздің экономикалық, саяси және құқықтық өркендеуі мен демократиялық дамуы үрдісі одан әрі жетіле беруі үшін қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі. 1998 жылы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданып сыбайлас жемқорлық ұғымы ұлттық заңнамамызда алғаш рет анықталды, онымен күресті жүргізетін мемлекеттік органдар жүйесі белгіленді.

Қазақстанда терең тарихи тамырлары бар жемқорлықтың ең қауіпті және өте кең таралған формасы - парақорлық болып саналады. Ол мемлекет механизімінің барлық салаларына терең еніп қалған құбылыс. Азаматтар алдында бір жағынан билік органдарына сенімсіздік қасиетін тудыртса, екінші жақтан өзінің тұрмыстық, жеке, кәсіпкерлік және өзге де жағдайларын шешумен байланысты парақорлыққа шыдамды қатынасты тудыртып, бұл құбылысқа қоғамның қарсы тұру мүмкіншілігі мен адамгершілігіне кері әсер етеді.

Қазір парақорлыққа қарсы көптеген жарлықтар, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер қабылданып жатқанмен олар актуалды сұрақтарды шешпейді. Мысалы «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР ның Заңы жемқорлықтың жалпы сұрақтарын, парақорлықтың экономика мен ұйымдасқан қылмыстылықпен қарым-қатынасын және тұлғаларды жекелей лауазымды топтарға жатқызылуын қамтиды. Сол уақытта лауазымды қылмыстардың объектісін дамытуымен, қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың субъектілік жүйесін, парақорлық үшін жауаптылық проблемалары дифференциациясы және парақорлықтың криминологиялық сипаттамасы соның ішінде, оның статистикалық көрсеткіштер, тұлғаның жеке сипаттамасы және профилактикалық шаралардың болу мүмкінділігі зерттеуден тыс қалады.

Рефераттың зерттеудің объектісі болып өзіміздің теориялық деңгеймен байланысты қылмыстық-құқықтық заңдылықты және криминологиялық ілімді зерттеп, анықтау және кемістіктер орын алғанда оларды көрсету болып табылады. Бізбен объект шегінде зерттеу пәні қарастырылатын болады..

Реферат жұмысымның мақсаты әлеуметтік–құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

оның жалпы түсінігінің маңыздылығы мен объектісін анықтау;

парақорлыққа қатысты Қазақстанның қылмыстық заңдылығының дамуын зерттеу;

әлеуметтік маңыздылығын анықтау;