ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I-ТАРАУ. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТҮСІНІГІ,ТҮРЛЕРІ

1.1  Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің түсінігі мен мазмұны

1.2 Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы

1.3 Нормативтік актілердің түрлері

1.4 Әлеуметтік нормалардың түрлері

1.5 Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді

II - Т А Р А У.  Қ Р  Қ Ұ Қ Ы Қ  Ш Ы Ғ А Р М А Ш Ы Л Ы Қ 

2.1    Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі

2.2 Құқық-қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу жүйесінде

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 КІРІСПЕ

Қоғамның объективті даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір - біріне қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс - тәсілдері болады.

XX ғасырдың екінші жартысында халықаралық қатынастарда ұлттық заң жүйесіне әсерін тигізіп, ықпал ететіндей халықаралық - құқықтық құжаттар әзірлеуге айқын бетбұрыс бара - бара күш алып, тұрақты құбылысқа айналып келеді. Аталған бағыттың сипаты белгісі ұлттық заңдарды демократияландыруға, гуманитарландыруға, интернационалдандыруға, мемлекеттік - саяси құрылымды жетілдіруге ықпал ету болып табылады.

Әрине, халықаралық - құқықтық нормалар ұлттық заңдардың және мемлекеттік құрылыстың барлық салаларын қамти алмайды. Басқару мен мемлекеттік құрылым нысандары әр халық өзі таңдайды және мұндай таңдауға халықаралық құқық ықпал ете алмайды.

Сонымен бірге халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңға әсері туралы да айтуға болады. Осы ретте халықаралық құқық нормаларының өзінен өзі пайда болмағанын, әр түрлі елдердің мемлекеттік - құқықтық құрылыс жөніндегі заңдарынан мейлінше өміршендерін бойына жинақтағанын атап көрсеткен жөн. Енді ол нормалар жекелеген елдер халықтарының еркін білдіретін сипатта емес, алдыңғы қатарлы халықаралық қоғамдастық арқылы халықтардың жинақталған еркін білдіретін жаңа сапада жекелеген мемлекеттерге қайтып оралады.

Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде құрылған күнінен бастап Қазақстан заңдары халықаралық құқық нормаларын ескере отырып қалыптаса бастады. Бұл бағыт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында барынша сабақтастықпен көрініс тапты.

Халықаралық құқық нормалары өзін - өзі тану құқығына тек саяси

құқықты ғана емес, сондай - ақ экономикалық құқықты да жатқызады.

Аталған пактте азаматтық және саяси құқықтар туралы мынандай қағида бар: «Өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін барлық халықтар өзара тиімділік принципіне негізделген халықаралық

экономикалықынтымақтастықтан    және    халықаралық    құқықтан туындайтын міндеттемелеріне қандай да бір нұқсан келтірмейтіндей жағдайда өзінің табиғи байлықтары мен ресурстарына еркін билік жүргізе алады »(1 - бап).

Халықаралық құқықтың нақты мемлекеттің құрылымдық және басқару   проблемаларына   араласпайтыны   белгілі.   Сонымен      бірге мемлекет қызметін ұйымдастыруда халықаралық құқық нормаларына сүйенетін бірқатар мәселелер бар.Оның қатарына бірінші    мемлекетті демократияландыру проблемасы жатады. Халықаралық құқық нормалары мемлекеттік биліктің демократиялық тұрғыда ұйымдастырылуын қолдайды. Осы нормалар Қазақстан Республикасы Конститутциясында жүйелі қолданылады.

Халықаралық құқық мемлекеттің заң шығару қызметінің барынша елеулі сәттеріне айрықша назар аударады. Әр түрлі пакттерде заңдардың кері күшін белгілеуге жол берілмейтіндігі атап көрсетілген. «Адам құқының жалпыға бірдей Декларациясында»: «Қайсы бір іс -әрекеті немесе әрекетсіздігі негізінде жасаған қылмысы үшін, оны жасаған кезде ұлттық заң бойынша да, сондай-ақ халықаралық құқық бойынша да қылмыс құрамы болмаса, ешкім сотталмауы тиіс. Сондай- ақ қылмыс жасалған кезде қолданылуы мүмкін болса да, барынша ауыр жаза қолданылмайды» деп жазылған. ҚР Конститутциясының 77-бабында: «Жауапкершілік белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады» делінген.

Аталған нормалардан мынандай жәйттер назар аудартады. Әдетте, Конституцияда заңның кері күші көрсетілмейді. Алайда, ҚР Конституциясында мұндай құқықтық норма бар, ол адам құқығын қорғаудың жүйелілігінің жемісі. Оның үстіне халықаралық құқық нормаларына қарағанда ҚР Конститутциясы нормаларының ауқымы кең. Халықаралық құқық нормалары тек қылмыстарға қатысты болса, ҚР Конститутциясы нормалары құқық бұзушылықтың барлық түрлерін: мүліктік, еңбек, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты қамтиды. Заңның кері күшіне тыйым салуды барлық жағдайға орнықтыру немесе жауаптылықты күшейту - мейлінше, мархабатты шара.

Адам құқығы саласында ҚР Конституциясының толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Адам қоғамның даму процесінде бір - бірімен байланысты миллиондаған қарым - қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективті диалектикалық процес. Осы процесті реттеп - басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.

Сондықтан құқық нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала - салаға, жүйе - жүйеге бөлінумен шектелмейді.  Сонымен бірге қоғамның салалық - жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп - басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның , объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.