Жоспар

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------- 2 б


I - Тарау Азаматтық- құқықтық мәмілелер
Мәміле ұғымы және оның мәні --------------------------------------------4 б

1.2 Мәміле нысандары -------------------------------------------------------------6 б

1.3 Мәміленің растығының шарттары және олардың жарамсыздығының салдары ------------------------------------------------------9 б

II- Тарау   Мәміленің ұғымы, мәміленің түрлері
2.1  Мәмілелердің   сипаттамасы ---------------------------------------------- 12 б

2.2 Мәмілелердің түрлері.--------------------------------------------------------- 15 б

Мәміленің жарамдылық шарттары ------------------------------------ 17 б

Қорытынды --------------------------------------------------------------------------- 25 б

Пайдаланған әдебиет тізімі ----------------------------------------------------- 27 б






Кіріспе

Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән- маңызы айрықша күшейеді.
Тауарлық- ақшалық (мүліктік) және басқару қарым- қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес.
Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды  екндігі сөзсіз.
Мәміле дегеніміз – азаматық құқықтар мен міндеттердің белгіленуіне, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталған әрекет.
Мәміленің, мейлінше, көп тараған түрі шарт (сғни екі жақты немесе көп жақты мәміле). Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады ( мысалы, өсиет).
Азаматтар мен заңды тұлғалардың, делінген АҚ – тің 147 бабында, азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады
Қазіргі уақытта кейбір шарттар үшін, мысалы, жеке меншік иелігіндегі құрылысты немесе басқа қозғалмайтын мүлікті құқығын беруге байланысты, нотариалдық куәландырудан басқа заң олардың тиісті мемлекеттік органдарда тіркелуін көздейді. Мұндай шарт тіркелген сәттен бастап жасалды деп саналады
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін міміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі.
Бір жақты жасалған мәміле тек бір тараптың ғана еркін білдіреді. Алайда, кейбір жекелеген жағдайларда бір жақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдар жасайды. Мысалы, жалпы сенімхат беру, мұрадан бірнеше адамның бас таруты және т.б.
Екі жақты мәміле, мейлінше, көп тараған, екі жақты келіскен, қарсы ерік білдірудің нәтижесінде жүзеге асады. Мәселен, сатып алудың, жалдаудың, мүліктік жалдаудың және т.б. шарттары.
Көп жақты мәмілеге үш және одан да көп тараптар қатысады.
Бұл курстық жұмыс азаматтық- құқықтық мәмілелерді, мәміле ұғымы және оның мәнін қарастырады.