МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................... 4

1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ................. 6

1.1 Мердігерлік шартының даму тарихы...................................................... 6

1.2 Мердігерлік шартының түсінігі және мазмұны...................................... 8

1.3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері................................................. 21

2 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................29

2.1 Тұрмыстық мердігерлік шартының мәні мен маңыздылығы................ 29

2.2 Құрылыс мердігерлік шартының ерекшеліктері.................................... 35

2.3 Жобалау және іздестіру мердігерлік жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері............................................49

2.4 Ғылыми зерттеу, тәжірибе – конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарт..............................53

3ТҮРЛІ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛАТЫН МЕРДІГЕРЛІК ЖӘНЕ ҚОСЫМША МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАРҒА  ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР........................58

 

3.1Мердігерлік ұйымдардың қауіпсіз және дұрыс жағдайларын қамтамасыз етудің тәртібі мен талаптары 58

 

3.2 Жұмыстарды орындау кезіндегі жалпы ережелер 61

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................64

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................66

 

ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................... 68

 

 

КІРІСПЕ

 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Мердігерлік шарты қазіргі кезде ең көп таралған және манызды шарттарының бірі болып табылады. Жалпы, мердігерлік шарты кез келеген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын объектісі ретінде қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілгі туындап отыр.

Кеңестік құқықтық жүйе кезінде біздің елімізде барлық шарттық қатынастар жоспарлы-әкімшілік қағидаларға негізделген болатын. Кеңестік жүйе құлап, нарықтық экономикаға көшкенімізден кейін бәрі бүтіндей өзгерді, қазіргі кезде типтік және жоспарлы реттеу күшінен қалды және қатынас субъектілерінің еркіндігі едәуір кең. Мердігерлік қатынастарының кең таралуына байланысты оларды реттеудің де күрделі механизмдерін іздестіру қажет.

Қазіргі нарықтық экономика және жойқын бәсеке жағдайында тапсырысшы немесе мердігерлік шарты бойынша мойнына алған міндеттемелерін орындай алмау жағдайлары аз кездеспейді.

Сондықтан екі тарап та мердігерлік шартын жасауға мұқият көңіл бөлуге тиіс. Өйткені, барлық сұрақтарды дер кезінде реттеп алмаса, кейде кейін пайда болған дауларды шешуі іс жүзінде мүмкін болмай қалады, ал бұл екі жақты да шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы мәселелерді қарап дұрыс шешу мәселелері қазіргі заңнамада толықтай қарастырылған.

Біздің дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде мердігерлік шартын тандап алуымның мақсаты, осы тақырып азаматтық құқықтағы ең күрделі, актуальды тақырыптардың бірі болғандықтан және қазіргі қоғамда кең таралғандықтан менде осы тақырыпты зерттеуге деген қызығушылық пайда болды. Осы дипломдық жұмысты жазу арқылы мен мердігерліктің еліміз экономикасындағы маңызын және қоғам үшін пайдасын ашып көрсетемін деп ойлаймын.

Дипломдық жұмыстағы зерттеудің объектісі, мердігерлік шартының субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, тараптардың құқықтық жағдайы мердігерлік шартының жалпы жағдайы және шарттың элементтері, осы шарттық қатынастардың құқықтық реттелуінің даму тарихы, қазіргі уақыттағы бұл қызмет саласын реттейтін Қазақстандық заңнаманың жалпы жағдайы болып табылады.

Нақты жұмыстың мақсаты мердігерлік шартының теориялық аспектілерін сондай-ақ, осы азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолдануын, сот тәжірибесінің анализдерін қарастыру әр түрлі нормативтік құжаттарды салыстыру, мердігерлік шартын жасау және қолдану аясында барынша  танып алу.

Бұл жұмыста қарастырылатын және шешілуге тиісті сұрақтар реті мынадай болып келеді:

1) Мердігерлік шартының даму тарихи;

2) Мердігерлік шартының түсінігі және мазмұны;

3) Мердігерлік шартының жекелеген түрлерінің ерекшеліктері мен манызы;

4) Мердігерлікті реттейтін заңнаманың қазіргі жағдайы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлеміне келетін болсақ, ол екі бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде мердігерліктің жалпы жағдайы, оның даму тарихы мен түсінігі және мазмұны қарастырылады. мердігерлік шартының ең ежелгі дамуынан бастап, қазіргі замаңдағы мердігерлік шартының қолданылуын көрсетіп кетемін. Және ертеде мердігерлік шарттың қалай түсінгенін айтамын.

Екінші бөлімде мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне түсінік беріліп, олардың ерекшеліктері мен маңызы зерттеледі және қазіргі кездегі еліміздегі мердігерлік қызметін реттейтін заңнаманың жалпы жағдайына зерттеу жүргізіледі. Бұл бөлімде мердігерлікке рим құқығында берілген анықтамасы мен қазіргі уақыттағы анықтаманың айырмашылықтарын көрсетіп, талдап, және әр кездегі әр ғалымдардың мердігерлікке берген пікірлерін көрсетіп кетемін.

Сонымен қатар мердігер мен тапсырушының арасындағы қандай қайшылықтар туындауы мүмкін болатыны және бұл мәселелерді қалай шешуге болатыны туралы айтылған.

Дипломдық жұмысында салыстыру арқылы зерттеу әдісін қолдандым.

Дипломдық жұмысты жазу барысында пайдаланылған заң және де басқа арнайы әдебиеттерге келетін болсақ, онда негізінен азаматтық құқықтың мердігерлік саласын терең зерттеген қазақстандық және шетелдік заңгер ғалымдарының еңбектерін пайдаландым. Атап айтатын болсақ, Жайлин Ғ.А., Сулейменов М.К. Басин М.И. Брагинский, Брауде, Асцеулов А.Г.  Шершениевич Г.Ф. және тағы басқалар.