МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

1. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ4

2. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР14

3. МЕМЛЕКЕТТІК КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР20

ҚОРЫТЫНДЫ25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ26

 

КІРІСПЕ

Конституциялық құрылыс мемлекеттің құқыққа бағынуын қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру әдісі ұғынылады. Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп белгіленген. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы ретінде халықтың айқындалғанын білдіреді. Халықтық билік республикалық референдум және еркін сайлау жолымен, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға беру жолымен жүргізіледі. Республикадағы конституциялық құрылысына негіз қалаған қағидаттар бекітілген: бұқаралық билік, мемлекеттік өмірдің барынша маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, біртұтастық, мемлекеттік егемендік, биліктерді бөлу қағидаты, құқықтық үстемдігі. Демократия тек мемлекеттік билік органдарын халықтың құрғанынан ғана емес, сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмысына қатысуынан да көрінеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында егемендік конституциялық құрылыстың бір негізі ретінде атап өтіледі. Егемендік — мемлекеттің өзіндік басты ерекшеліктерінің бірі. Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуде айрықша рөлге 1990 жылдың  25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған "Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы ие болған. Декларацияда Қазақстан егемендігінің саяси, экономикалық және құқықтық кепілдіктері бекітілген. Егемендіктің экономикалық негізін жер мен оның байлықтары, сулар, ормандар, өсімдіктер дүниесі, жануарлар әлемі табиғат және шикізат ресурстары, шаруашылық ресурстары, ғылыми-техникалық және мәдени мүмкіндіктер құрайды. 

Қазақстан Республикасының Конституциясында Конституциялық Кеңеске арналған бөлім бар. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде ескі қылмыстық кодекстегі мемлекеттік қылмыстар деген ұғым мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деген жаңа ұғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі жаңартылып, жетілдіріліп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 30 тамызда қабылдаған Конституциясында көрсетілген, баянды етілген конституциялық құрылысты, қоғамнын ішкі, сыртқы қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады. Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:

 Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар: мемлекеттік опасыздық, шпиондық жатады. 

Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне қарсы қылмыстар: мемлекет немесе қоғам қайраткерлерінің өміріне қастандық жасау; өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру; қарулы бүлік. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе бұзуға шақыру. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар: диверсия мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын қылмыстар: мемлекеттік құпияны жария ету; мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды жоғалту.