Мазмұны

 

Кіріспе ..................................................................................................................3

 

 

1 бөлім. Кәсіподақ қозғалысы жұмысшылардың құқықтарын қорғау  механизмінің элементі ретінде

1.1. Жұмысшылардың бірігу бостандығына құқығы. .............................7

1.2. Кәсіподақтардың құқықтық институт ретінде қалыптасуының және дамуының тарихи аспектісі. ................................................................................17

 

2 бөлім. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша кәсіптік одақтардың құқықтық жағдайы

2.1. Кәсіподақтардың түсінігі және оның құқықтық статусының мазмұны. ..............................................................................................................21

2.2. Кәсіподақтарды құру мен тоқтату тәртібі.  .....................................40

 

3 бөлім. Кәсіподақтар қызметін халықаралық-құқықтық реттеу

3.1. Кәсіподақтардың құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық актілердің жиынтығы (жүйесі). ....................................................................................44

3.2. Кәсіподақтардың құқықтық жағдайындағы проблемалар және оларды шешу жолдары. ................................................................................................58

 

 

Қорытынды .........................................................................................................64

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  ..................................................................68

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Дипломдық жұмыстың тақырыбына кәсіподақтарды еңбек құқықығының субъектісі ретіндегі жағдайын талдау бүгінгі таңдағы маңызды мәселенің бірі. Он бес жылдай Қазақстан Республикасы барлық қоғам өміріндегі жаңаруды басынан кешуде. Бір партиялы социалистік мемлекеттен президенттік басқарудағы демократиялық парламентті мемлекетке ауысты. Әлеуметтік бағытталған демократиялық, құқықтық, азаматтық қоғам орнау үстінде.

Кәсіптік одақтардың маңыздылығы бірнеше себептер мен жағдайлардың ғылыми маңыздылығы мен өзектілігіне  байланысты болды.

Біріншіден, кәсіптік одақтар қоғамдағы басқа субьектілерге қарағанда өте кең таралған және жаппай қоғамдық ұйым болып табылады және солай болып қала да береді. Ол өзінің қызметі мен алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жалпы халықтық ұйым болып табылады, және ол барлық халықтан, барлық салада және кез келген аймақта қолдау табады, таралады. Өзінің құрылымдық ерекшелігіне байланысты қоғамның ең төменгі ұяшығы – еңбек ұжымына дейін жетеді.

Екіншіден, кәсіподақтардың прагматикасы, әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық базасы ең алдымен адамдардың күнделікті қажеттілігінен туындайды. Еңбек жағдайын, тұрмыс пен жұмысшылардың демалысын жақсарту мен қамтамасыз етуге байланысты қажеттіліктердің жиынтығы, яғни, тұрғындардың ең көп бөлігінің тұрмыстық-әлеуметтік мүддесін қозғайтын мәселелерге негізделген.

Үшіншіден, кәсіптік одақтар бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ең тез, терең ықпал ететін ұйым болып отыр. Осыған байланысты кәсіподақтарда өтпелі қоғамның әрқилы, тіпті қарама-қайшы мүдделері, көңіл-күйлері мен бағыттары қалыптасты.

Төртіншіден, қазіргі таңда Қазақстандық кәсіподақтардың қызметінде маңызды қайшылық бар деуге болады. Бұл бір жағынан негізінен жұмысшылардың экономикалық және әлеуметтік-еңбектік мүдделерін қорғау сияқты дәстүрлі функциясын жүзеге асыруға басымдық беруіне байланысты саясаттан шеттеуі мен екінші жағынан, еңбеккерлердің ең маңызды мүдделерінің тікелей қорғаушылары ретінде өтпелі қоғамда саяси бағыттарды құруға байланысты шешімдерді қабылдауға белсенді қатысу қажеттігі. Бұл қайшылық сол кәсіподақтардың өз ішіндегі және жалпы Қазақстандағы көптеген шешімін таппаған мәселелердің негізі болып отыр.

Кәсіподақтың маңызы осындай нарықтық кезеңде, капитал мен еңбектің тепе-теңдігін сақтау қажеттілігіне байланысты бүгінгі таңдағы ролі артып отыр. Кәсіподақтарды еңбек құқығының ерекше субъектісі ретінде оның құқықтық жағынан талдау қазіргі кезеңде көтерілмеген мәселелердің бірі болып отыр. Себебі бұл тақырып ғылыми зерттеуден гөрі жай қазіргі саяси дау-дамайдың, публицистиканың айналасында қалып отыр.

Теориялық-методологиялық тұрғыдан қарау арқылы кәсіподақ қызметінің жоғарыда аталған ерекшеліктеріне, еңбек құқығының суъбектісі ретіндегі ерекшеліктеріне дұрыс талдау жасауға болады. Осының негізінде ғана эвристикалық, прагматикалық, сондай-ақ болжамдық мәні бар елеулі қорытынды мен жалпылау жасауға болады .

Зерттеу объектісі - еңбек саласындағы кәсіподақтар қатысатын қоғамдық қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері, жалпы құқықтық жағдайы.

Зерттеудің пәні кәсіподақтардың қызметін реттейтін нақты ұлттық және халықаралық құқықтық-нормативтік актілер, осы қатынастарға қатысты жалпы теорияның, еңбек құқығының, халықаралық құқықтың институттары, кеңестік кезеңдегі және дамыған шет елдердегі құқықтық тәжірибе.

Жұмыстың мақсаты – кәсіподақтардың еңбек құқығының субъектісі ретіндегі маңызын жан-жақты зерттеу болып табылады.

Жұмысты жазу барысында мынандай міндеттер қойылды:

- кәсіподақтардың түсінігін ашу;

- оның пайда болу, қызмет етуінің негізіне, бастауларына, қағидаларына талдау жасау;

- кәсіподақтардың пайда болуы мен дамуының тарихи аспектісін қарастыру;

- оның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге, олардың қолданылу тәжірибесіне талдау жасау;

- халықаралық кәсіподақ орталықтары мен ХЕҰ қызметіне, актілеріне, тәжірибесіне шолу жасау, басқа да түрлі әлемдік тәжірибелерді салыстыра қарастыру;

- дамыған шет елдердегі тәжірибені қарастыру; ондағы мәселелерге талдау жасау;

- біздегі кәсіподақ қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау; кеңестік кезеңдегі қалыптасқан «кәсіподақ» түсінігін шын мәніндегі мағынасымен алмастыру қажеттігін түсіндіру;

Жұмыстың нормативтік құқықтық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстанда ратификацияланған БҰҰ мен ХЕҰ-ның кәсіподақ қызметіне қатысты конвенциялары, еңбек саласынадғы заң актілері, басқа да кәсіподақ қызметіне қатысы бар заң актілерінің нормалары құрайды.

Кәсіподақ дефинициясының ресми құжаттарда берілген анықтамаларына тоқталып кетсек. Қазақстан Республикасының Конституциясында кәсіптік одақтар қоғам өмірі субьектілерінің жеке категориясы ретінде ештеңе айтылмаған. Онда тек жалпы сілтеме ғана бар (23 бап, 1 тармақ) «Қазақстан Республикасының азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар.». Конституцияда бірнеше баптарда (5, 23 баптар) кәсіптік одақтар қоғамның ерекше субьектісі ретінде тек қана аталып өтіледі. Ол арнайы заңмен негізделген. Ең алдымен негізгі заң – Қазақстан Республикасының 9 сәуір 1993 жылғы №2107-ΧІІ «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына жүгнейік. Онда былай бекітілген: «Қазақстан Республикасында кәсіптік одақтар – дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құрады.». Заңда еңбеккерлердің құқықтарын қорғауға арналған ұйым ретінде кеңейтілген түсінік берілген және әрі қарай оның функциялары көрсетілген. Бірақ мұнда оның қоғамның саяси өміріндегі субьект-обьектілік жағы көрсетілмеген.

Зерттеудің теориялық негізін төменде аталған және басқа да ғалымдарыдың еңбектері, халықарылық ұйымдардың зерттеу құжаттары құрады. Бүгінгі таңда осы тақырыпты көтереген Давлетгалиев Б.М, Жусупова А.Д,  ресей авторлары И.О. Синигирев, И.Я. Кисилев, Максимов А тағы басқа авторлардың еңбектерінен кездестіреміз.

Дипломдық жұмыста аталған ғалымдардың еңбектері мен мақалаларымен қоса халықаралық ұйымдардың (ХЕҰ, Халықаралық еркін кәсіподақтар конфедерациясы т.б.) басылымдары, нұсқаулықтары, шолу, зерттеу, нұсқаулық ретіндегі материалдары, баяндамалары кең пайдаланылды.

Кәсіподақ мәселемен айналысып жүрген ғалымдардың пікірінде «кәсіподақ» түсінігіне деген түрлі көзқарастарды көреміз. Біреулер кәсіподақты «еңбеккерлер мен жалдамалы жұмысшыларды әлеуметтік қорғау институты»  деп қарастырады. Басқалары бұл түсінікті кеңейтіп, «кәсіподақтар әлеуметтік институты адамның әлеуметтік құқықтарын дамыту мақсатында жұмысшылар мен кәсіптік қызметкерлердің ұйымы ретінде құрылады»  дейді. Аталған көзқарастар Қазақстандық зерттеуші-саясаткерлер Н.Р.Жотабаев пен А.Д.Жүсіповаларға тиесілі. Мұнда кәсіподақтар құратын және оған кіре алатын топтарға байланысты бір қайшылық көрініс табады.

Кәсіподақтардың еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаушы ретіндегі дәстүрлі анықтамасымен қоса, оның қоғамдық мәртебесін де, қызмет аясын да едәуір кеңейте қарастырған түсіндірмелер де кездеседі. Мұндай көзқарасты ресей зерттеушісі В.Ганин: «Кәсіподақтардың тарихи миссиясы – еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау емес. ... еңбек адамдары өндіріс құралдарының иесіне айналатындықтан, олар және олардың кәсіптік бірлестігі меншіктің қоғамдық қызметін, бұрын осы қызметтерді құлиеленушілер, феодалдар, буржуазия, мемлекет қалай атқарса, солай атқаруды қабылдауға дайын болуы қажет». Мұндай жағдайда кәсіподақтардың тарихи миссиясы еңбеккерлердің олардың әлеуметтік мәртебесін өзгертуі үшін күресін ұйымдастыру мен «оларды меншік пен өндірісті басқару қызметіне тәрбиелеу, ал осы міндетті орындау арқылы кәсіподақтар жұмысшылардың өндірістік кооперациясы қағидасына негізделген басқару құрылымына айналады…» . Мұндай түрлі көзқарастар да кәсіподақтарды терең зерттеуді қажеттігін көрсетеді.

Осы жұмыс кәсіподақтардың еңбек құқығының субъектісі ретіндегі мәселелеріне арналған. Оның құрылымы кешенді талтау кәсіподақтың еңбек құқығы саласындағы субъектілігін көрсетуге қажет мәселелермен қамтылған. Ең алдымен кәсіподақтардың жалдамалы жұмысшылардың құқықтарын қорғау механизмінің элементі ретінде қарастырылады. Онда халықарылық актілер мен ұлттық заңнама бойынша жұмысшылардың өз құқықтарын бірлесіп қорғануына мүмкіндіктері мен механизмдері көрсетілді, оның негізгі адам құқықтарын танумен байланысы қарастырылды. Бірігу еркіндігіне және басқа да әлеуметтік-еңбек құқықтарына қол жеткізу барысында жұмысшыларыдың (кәсіподақтарға) бірігуі, олардың жетістіктерге жетуі, еңбекшілердің басын біріктірген кәсіподақтардың құқықтық институт ретінде қалыптасуына және дамуына, мол тәжірибесіне талдау жасалынды.  Кәсіподақтардың бүгінгі таңдағы түсінігі, оның құқықтық статусының мазмұны қарастырылды. Мұнда Қазақстан Республикасындағы кәсіподақтардың құқықтық жағдайы талқыланды. Ұлттық заңнама нормалары талданып, ондағы кәсіподақ қызметіне байланысты нақты құқықтар мен кепілдіктер, оның қызметін реттейтін басқа да нормалар қарастырылды. Мұнда кәсіподақтардың қоғамдық ұйым, заңды тұлға ретіндегі негізгі белгілері қарастырылды. Сондай-ақ кәсіподақтарды құру мен тоқтату тәртібі қысқаша қарастырылды. Жұмыста дүние жүзіндегі және қазақстандағы кәсіподақтар қызметіндегі туындаған проблемалар, одан шығу жолдары қарастырылды.

.