Жоспар

Бет

Кіріспе……………………………………………………………………………...3

І-тарау. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша кылмыстық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы………………………………….............................................6

1.1 .Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары…………………7

1.2.Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы…………………………………..9

1.3.Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар……………………………………………………………………………13

1.4. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер………………………………………………………………………..18

 

П-тарау. Кәмелетке толмағандардың істерін сотқа дейінгі жүргізу ерекшеліктері......................................................................................................23

2.1. Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс қозғау............................23

2.2.Алдын ала тергеу.............................................................................................26

Ш-тарау. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот талқылауы..............................................................................................................39

3.І.Сот талқылауы тәртібінің ерекшеліктері.....................................................39

3.2.Соттың үкім шығару кезінде шешетін мәселелері......................................47

 

Қорытынды............................................................................................................52

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................54

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дүрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.

Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құныдылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

1994 жылы Қазақстан Республикасында барлық салалар бойынша 201796 қылмыс тіркелген, оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны 11447, үлес салмағы 9,6% құрады, 1998 жылы тиісінше -137511, 7185

1994 1995 1996 1997 1998

Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 201796 183913 183977 165401 137511

Оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 11447 9968 9027 7435 7185

Үлес салмағы % 9,6 8,2 7,0 7,4 7,6

Осы бесжылдықта кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың азаюына қарамастан, олардың сотталғандығы өсу үстінде екені анықталды, агрессивті бағыттағы ресми емес жастар ұйымдарының саны көбеюде, пайдакүнемдік есебі басым жастар санасының басқа да теріс түрлері пайда болды.

Жасөспірімдер қылмысымен күрес біздің қоғамдағы қылмыспен күрес міндеттерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қылмыстың алдын алу, оған жібермеу,ескерту жөніндегі шаралардың одан әрі күшейтілумен қатар, бұл міндеттің орындалуы әрбір жасалған қылмыс үшін әділ жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.

 

 

 

1 В.  Сиськов.  Преступность несовершеннолетних: причины и следствия. Фемида, №2, 1995, стр 59.

Әрине, жасөспірімдер қылмыстылығын жеңуге сот және тергеу органдарының іс-қызметі ғана емес, сонымен бірге ең бастысы ұйымдастыру, алдын алу, тәрбиелеу және т.б. шараларын жүргізу арқылы жетуге болады. Алайда, осы шаралар кешенінде сот шаралары ерекше орын алады және оларды дұрыс қолдану нақты оң нәтиже береді.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерді тергеу және сот талқылауы кезіндегі бірінші әрі негізгісі - процесті кәмелетке толмаған құқық бұзушының өзіне тәрбиелік әсер етуге, оны адал еңбекпен өмір сүруге оралтуға көмектесетіндей етіп жүргізу және істі солай шешу.

Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар қылмысы туралы істер бойынша сот процестері өзге де табансыз, аумалы мінезді жасөспірімдерге нақты ескерту ретінде ықпал етуі, жұртшылықтың назары мен күш-жігерін жасөспірімдер қылмыстылығымен күреске жұмылдыруы, оларды қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды жоюға әрекет етуі тиіс.

Бұл тұрғыда қылмыстық істерді тергеумен сот талқылауы сапасын одан әрі көтеру өте маңызды. Бұл саладағы бірінші кезектегі мәселелер қатарына жасы 18-ге толмаған (кәмелеттік жас) тұлғалар мемлекеттің ерекше қамқорлығын иеленуіне байланысты заңнамалық регламентацияның елеулі ерекшеліктерін қамтитын кәмелетке толмағандардың ісін жүргізу мәселелері сөзсіз жатады. Мемлекет, кәмелетке толмағандар жас ерекшелігіне орай өз әрекеттерінің мән-мағынасын жете түсіне алмайтынын нысанаға ала отырып, олардың өз күшімен құқықтарына қол жеткізу, өзі үшін міндеттемелер алу және заңды жауапкершілік жүктеу қабілеттерін шектейді, сондай-ақ олардың құқықтарын жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілейді.

Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу тәртібі, кәмелетке толмағандардың жас және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы категориядағы істерді жүргізудің өзгешілігі мәселелерін Кеңестік кезеңнің өзінде Г.М.Миньковский, К.К.Сперанский, В.Рыбальская, Л.Голубева5 А.Лиеде, т.б. ғалым-заңгерлер зерттеді. Бұл мәселелермен Қазақстанда К.Бегалиев, С.А.Шапинова .және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың жұмыстарында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес проблемаларын зерттеуге, оның алдын алуға, кәмелетке толмағандардың қылмыстык жауапкершілігі мен оларды жазалау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер салдарынан туындаған жасөспірімдер қылмыстылығының жоғары деңгейге жетуі панасыз балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті мәнге ие болып отыр, мұндай өткір сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануда.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы кәмелетке толмағандар ісін жүргізудің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінде жеқе тарауға бөлінген нормалар жүйесін құрайтынына, кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу тәртібін реттеп және тұтастай алғанда осы категориядағы істерге ерекше маңыз беретіндігіне қарамастан, дегенмен кәмелетке толмағандар ісін жүргізуге қатысты кейбір мәселелерді зерттеу қажет болып отыр. Мысалы, сот және тергеу органдарының кәмелетке толмағандардан жауап алуды жүргізу, кәмелетке толмағандарға бұлтартпау

шараларын қолдану, қылмыс туралы бастапқы материалдарды толық, жан-жақты тексеруден өткізудің міндеттілігі, кәмелетке толмағандардан ісін жүргізуді жүзеге асырушы органдар жасөспірім-қүқық бұзушының құқықтары мен бостандықтарын бұзбау туралы заң талаптарын сақтауы мәселелері. Өкінішке орай, іс жүзінде ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының талаптары бұзылатын немесе орындалмайтын жағдайлар жиі кезедеседі. Тергеушілер жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтерді алу кезінде материалдар мен хабарламаларды әрқашан мұқият тексере бермейді, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғау немесе іс қозғаудан бас тарту туралы негізсіз шешімдер қабылданып жатады, ал бүның өзі өз кезегінде жасөспірімнің жан-дүниесін жарақаттауы немесе оның бойында жазасыз қалу мен қылмыс жасауды одан әрі жалғастыра беру сензімдерін қалыптастыруы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар кәмелетке толмағандар ісін жүргізуді жүзеге асыруға байлаңысты мәселелер зерттелетін, ҚР қолданыстағы заңнамасында бекітілген істердің осы категориясын жүргізудің өзгешелігімен алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктеріне назар аударылатын, кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу заты туралы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін кепілдері туралы сұрақтар зерттелетін, жасөспірімдер қылмыстылығы мен онымен күрес мәселелері қозғалатын осы бір күрделі жұмыстың негізгі бағыттарын таңдауға себепші болды.