Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................3
І. Кәмелетке толмағандар арасында  қылмыс жасау   түсінігі
1.1. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс құрылымы..................6
1.2. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себебi .............11
ІІ. Кәмелетке толмаған жас қылмыскерлер жауапкершілігі
2.1. Жасөспірімдерге қолданылатын жаза түсінігі және оның                           тарихи аспектісі..........................................................................................19
2.2. Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза ерекшеліктері.......28
2.3. Тәрбиелік сипатттағы мәжбүрлеу шаралары...................................35
ІІІ. Кәмелетке толмағандардың соттылығы......................................41
ІV. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығын алдын алу
4.1.Кәмелетке толмағандар қылмыстылығын алдын-алудын түсінігі,                     негізгі шаралары........................................................................................46
4.2.Кәмелетке толмағандар қылмыстылығын алдын-алудын            шетелдік тәжірибесі...................................................................................61                
Қорытынды............................................................................................. 63
Қолданылған әдебиет.............................................................................66





Кіріспе
Әр қоғамның өзіне тән  идеологиясы болатынын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кем тұсымыз дүние танымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымын жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәлім-тәрбие бағытының осалдығы дер едік. Жастар қауымымен айналысып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан жылға күрделеніп бара жатқан   жастар арасындағы тәлім-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай  жаңа жүйеге бейімдеу мақсатында  өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей, жай әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты. Қай кезде де қылмыстың кейде азайып, кейде көбейіп тербеліп отыратындығы қоғамдағы әл-ауқат деңгейінің  ахуалына байланысты. Сондықтан да тарыдай шашылып жатқан тәлім-тәрбие жұмыстары  мен патриоттық рухты  бір бағытқа шоғырландыратындай  қутты идеологияны экономикалық әлеуметтік мәселелермен  қатар дамытпайынша уақыт шабысынан артта қалып, тұйыққа тіреле беретіміз белгілі жағдай. Осындай орыны ойсырай көрініп тұрған осал буын күнделікті тіршілікте жол таппай дағдарған  көптеген жасөспірімдердің кейде жансақтықпен, ал кейде ауыр қылмысқа  ашықтан ашық баруына  өзінді ықпалын тигізетін  негізгі факторларға айналып келеді.
ҚР Қылмыстық кодексі аталған санаттағы тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін бекітіп, оны ерекше демографиялық топқа бөлудің  жастық белгілерін анықтады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлердің көңілін бірнеше себептерге байланысты алады. Ең бастысы- жас уақытында қылмыс жасап отырған тұлғалар, кейіннен, әдетте, түзеуге келмейді және ересек, рецидивті қылмыстылықтың негізгі резервін құрады.
Кез келген қоғамның ерекше қамқорлығы пәні ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту, олардың ортасында пайда болатын маскүнемдік, есірткіқұмарлық, жезөкшелік сияқты теріс әлеуметтік құбылыстармен күресу болып табылады. ҚР Конституциясының 27 бабына сәйкес мемлекетпен танылатын және қорғалатын маңызды құндылықтардың бірі болып табылып, балалық шақ мемлекет қорғауында болып табылады. Алайда соңғы жылдарда объективтік түрде  келесіні мойындай қажет: Кәмелетке толмағандарды адамгершіліктік, құқықтық және физикалық тәрбиелеу жеткілікті көңіл бөлінбейді, оған кейде аса қатігездікпен олардың тарапынан жасалатын қылмыстық әрекеттердің санының өсуі куә болады. Мәселен, 10 жыл ішінде (1995-2005ж.ж.) кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстың саны 3273-тен 5469-ға дейін немесе 2,1 есе өсті,ал жасөспірімдердің қылмысы 92,6% өсті.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі , кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресу көптеген ғалымдардың, зерттеушілердің зерттеу пәні болып табылады. Бұл жұмыста М. Нарикбаев, К.Бегалиев, Е. Қайыржанов, Д. Чукмаитов, В. Кудрявцев, В. Эминов, В. Щепельков сияқты белді ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Бұл жұмыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық жағдайлары, ерекшеліктері қарастырылып, олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасауға талпыныс бар. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресудің тиімді шараларын іздеу, анықтау мақсатында оның тарихи аспектісіне көңіл бөлінді, сонымен қатар шет елдік тәжірибеге  де көңіл бөлінді.