Кіріспе
Жоспар
Кіріспе    3-4
І.    Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер   
1.1.    Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі     5-9
1.2.    Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы     10-13
ІІ.    Негізгі бөлім    
2.1.    Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары    14-24
2.2.    Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік    25-36
2.3.    Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік    37-39
Қорытынды     40-41
Қосымша    42-43
Пайдаланылған әдебиет    44-45















Курстық жұмыстың тақырыбы «Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттер». Тақырыптың негізгі мақсаты - зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен манызын, пайда болу шарттарын, зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік, адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік. Адамардың өзара қарым-катынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ. Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, кауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.
Тұлғалардың бұзылған құқықтары меп мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуіе мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқыктық жауапкершілік табылады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністін) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.
ҚР АҚ 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.
Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады:
1)құқыққа кайшы іс-әрекет (әрекетсіздік);
2) зияннның болуы:
3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс;
4) кінә.
Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындагы жауапкершілікті карастыра отырып біз өзгеше субъектілік құраммен (мысалы, бір тұлғалардың басқаларының іс-әрекеті үшін жауапкершілігі көзделгенде) туындайтын кінә тікелей заңмен көзделген негіздер бойынша туындайтын  кінә болмаған кезде және басқада ерекшеліктері бар міндеттемелерге тоқталамыз.
Мұндай жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқар) кезінде жұмыскер мен келтірілген зиянды өте кезіндегі міндеттеме табылады.
Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде етеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына зиян келтірген кезде келтірілген мүліктің зиянның сипаты мен құрамына сүйену керек. Оның дәл осы ерекшелігі осындай зиянды етеу мәселелерін бөлек қарастыру кажеттілігін туындатады.
Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жоғарыда атап еткеніміздей, онда болған не болуға тиіс болған еңбекақыларын  жоғалтуда.




 
І. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер
1.1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі
Адамардың өзара қарым-катынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.
Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, кауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.
Жоғарыда аталған субьектілердің іс-әрекеттері зиян келтіре отырып, бірқатар жағдайларда, құқыққа қайшы сипатқа да ие болады. Олар, оларды жасаған тұлғаға азаматтық-құкықтық жауапкершілік жүктелуге мүмкін болатын белгілерге сәйкес болған кезде, азаматтық құқық бұзушылық, басқаша айтқанда деликтілік, сипатка ие болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, олар азаматтық құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі ретінде бағаланады,
Бұдан ары біз осыған қажетті шарттарды (талаптарды) сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын құқықтык қатынастарды қарастыру кезінде қолданылатын түсініктерді айқындайтын боламыз. Алдымен азаматтық-құқықтык жауапкершілік тусінігіне қысқаша тоқталайық.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс кала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастарының реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі  құқықтық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын, бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған құқық бұзушы тарапынан құқық бұзшылықты одан әрі ушықтыруға алып келуі әбден