ЖОСПАР

КІРІСПЕ..................................................................................2

1.БАСҚАРМАНЫ ҚҰЖАТТАМАМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДЫҢ МӘНІ 
1.1 Құжат, құжаттау жүйесі, басқарманы құжаттаудың ортақ мемлекеттік жүйесі......................................................................4
1.2. Құжаттамамен қамтамасыздандырудың автоматтандарылған жүйесі..........................................................................................8
1.3. Құжаттардың құрамы. Бір ізге келтірілуі және стандартталуы..............................................................................9

II. ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
2.1Құжаттардың түрлері..............................................................14
2.2 Құрамы бойынша жеке құжаттар. Жеке адамдарға арналған құжаттар және оларды құрастыру................................................15

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................27






Кіріспе

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қажет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында кызмет етуі және соған орай іс қагаздарының қазақша жүргізілуі.
Іс кағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жагынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми қужат-пшрдың барлыгы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық қуры-лымдагы іс қағаздары қазақ тілінде жургізілмей қазақ тілінің иданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды. Іс қагаздары қогам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс кагаздарының саяси, тарихи, қуқықтық, экономикалық ма-нызы өте зор.
Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Іс қағаздары — басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған турлі шешімдері, басқару істері, атқарған кызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді.
Сондықтан халық шаруашылыгын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты.
Іс қағаздарын жүргізу — басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Меқемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі.
Іс қағаздарын жүргізу — мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген  дәйектелген жүйесі.
Құжаттау дегеніміз кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыста, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындауын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.
Бұл курстық жұмыс құжаттардың түрлерін, оларды дұрыс жіктеуді және жеке құжаттарды қарастырады.