МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

1.Тарау4

1 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы4

2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі8

3. Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі27

ІІ Тарау. Азаматтардың тұрғылықты жері32

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану36

Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық  салдары38

Қорытынды42

Қолданылған әдебиеттер мен нормативті актілер44

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында айтылғандай мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде – адам және өмірі оның құқықтары мен бостандықтары көрсетілген.

Кеңес Одағы тарап Қазақстан Республикасы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелі дәуір кезеңдерін бастап өткізуде. Елдің ең қымбат қазынасы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөліп, олардың құқықтық шеңберін кеңейтіп жан-жақты дамыған елдермен қарым-қатынасы арқылы жеке тұлғаның орнын ерекше белгіленген.

Өйткені адамдар жаратылысына байланысты бірге өмір сүруге тиіс.

Мұндай өмір сүруді әлеуметтік өмір сүру дейміз. Әлеуметтік өмірдің тәртіпті және бір қалыпты болуы ұшін де бірқатар ережелердің болуы тиіс. Бұл ережелер болмаған жағдайда әлеуметтік өмірде дағдарыстар туындап, күш иелерінің әлсіздері езуінің алдын ешкім ала алмайды.

Әлеуметтік өмірді реттеу мақсатында азаматтық құқықтық субъектісі ретіндегі азаматтық арналған (тиісті) бірнеше қағидалар жинағы бар. Олар – діни қағидалар, моральдық қағидалар, әдет-ғұрыптық қағидалар және құқықтық қағидалар. Осы қағидалардың барлығын әлеуметтік тәртіп қағидалары деп те айтуға болады.

Осыған орай қазіргі кезеңде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымының) келіссөзінде  нәсіл жыныс және дін немесе тіл айырмашылық қарамастан барлығының адамдық құқықтарына және төл тәуелсіздігіне құрмет көрсетілуі керек – деп жазылған.

Қазіргі таңдағы экономикалық және техникалық даму азаматтық құқықтың субъектісі ретіндегі азаматтарға да үлкен ықпалын тигізеді. Осы дамулар нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен міндеттерінде де өзгерістер байқалады.

Азаматтық құқық субъектісі ретіндегі азаматтардың жалпы дүниенің  және Қазақстанның экономикалық және техникалық дамуына ықпал тигізері сөзсіз. Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттіктерінің осы заманға сай толықтырылып заң құжаттарымен анықталуы, олардың құқықтарының тиісінше қорғалуы болашақ ұрпақ үшін бүгінгі күннің парызы.

Мемлекеттердің Конституцияларының және азаматтық құқықтың негізгі тірегі болып саналатын адам және азаматтық құқықтың шығуы оның қолданылуы барысында ерекше мәнге ие.

Қазіргі көптеген елдерде азаматтық құқық пәнінде азаматтарды құқық субъектісі ретінде қарастырады. Өйткені азаматтық құқық пәні жеке тұлғаның басқа тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін құқық саласы болғандықтан азаматтық құқықта азаматтарға ерекше көңіл бөлінген.

Осыған орай әлеуметтік орта қандай салада болмасын тиісті заңдармен қамтамасыз етілмесе, азаматтық құқықтың субъектісі белгілі бір заңдылықтарға сүйенбесе, жағдайды өз мүддесіне пайдаланады. Сөйтіп адамдар арасындағы қарым-қатынастар шиеленісе түседі.

Әлеуметтік заңдар қажеттілікке қаншалықты жауап беретіндігі азаматтық құқықтың субъектісі ретіндегі азаматтардың қарым-қатынастары заң негізінде жүзеге асырылуы, сонымен бірге заңдардың қоғам қажеттілігіне жауап беруі дипломдық жұмысымның негізгі бағыты болып есептелінеді