МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................4

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАР ЖҮЙЕСІДЕГІ БАНКРОТТЫҚ ИНСТИТУТЫ..................................................................................6

1.1 Банкроттық институтының даму тарихы............................................................6

1.2 Банкроттық ұғымы және белгілері....................................................................11

1.3 Заңды тұлғаны банкрот деп тану негізі және тәртібі.......................................15

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕЛЕГЕН ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БАНКРОТТЫҒЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ........................26

 

2.1 Заңды тұлғаларды банкроттығын құқықтық реттеу........................................26

2.2 Жеке кәсіпкерледің банкроттығы......................................................................42

2.3 ҚР заңдары бойынша бакнкроттық рәсімдері..................................................47

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................64

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................66

 

А ҚОСЫМША -  Конкурстық іс (соттан тыс тарату рәсімі) қорытындысы бойынша кіріс және шығыс бөлігінің анықтамасы................................................69

Б ҚОСЫМША – Ұйымды банкроттық дер тану туралы өтініш…………...........70

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Ежелгі уақыттарда борышқорларға қатал шаралар қолданылып, тіптен кредиторлар борышқорларды өлтіруге дейін барған. Ол кезеңдерде егер борышқор несие берушілердің талаптарын мүлкімен қанағаттандыра алмаса, ол өзінің өмірімен жауапты болған.  Ал кейін уақыт өзгере келе бұл шаралар тоқтатылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: ”Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары[1].

Қазіргі кезеңде қандайда бір азаматтық міндеттерді орындамағаны үшін күш қолдануға тиым салынады. Міне осыған сәйкес борышқор мен несие беруші арасындағы міндеттемеге сәйкес борышты төлеу үшін борышқордың мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда реттеуші белгілі-бір механизм қажет болды. Міне осындай механизм банкроттық процедурасы болып табылады.

Кез-келген компанияның өмірінде, олардың банкроттық жағдайына келуі кездесіп тұрады. Көптеген компаниялар осындай жағдайлардан кейін өз жұмысын тоқтатқан, ал кейбіреулері мұндай қиындықтарды жеңе отырып өз жұмыстарын жалғастыру үстінде.

Белгілі-бір құқық субъектілерінің банкроттығын реттеуші заңдар және нормалар банкроттық процедурасын жүргізу кезінде ерекше орынды алады. Мінеки сондықтан олардың тәжірибедегі жетілмеуі өте күрделі құқық бұзушылыққа алып келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында заңдарды Жетілдіру Қазақстан Республикасының дамуының бір әдісі ретінде атап өтеді[2].

Жалпы мемлекет алдында нарық қатынастарын реттеуші норматив- тік-құқықтық базасын жасаудағы басты мақсат пайда болды. Атап өтетін нәрсе оның ішінде кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық процедурасы қамтылып өтті.

Менің таңдап алған дипломдық жұмыстың өзектілігі, нарықтық қатынастардың және олардың реттеу қағидаларының жаңашылдығында мәселенің жаңашылығында болып табылады. Банкроттық институтының жеткілікті әрекет етуінен еліміздегі көптеген ірі кәсіпорындардың, көптеген жеке фирмалардың, және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке кәсіпкер тұлғалардың экономикалық жағдайы тәуелді болады. Банкроттық жүйесі инвесторлар қаражатының қайтарымдылығына кепілдікті ғана қарастырмай, сонымен қатар бұл еліміздегі қаржы жағдайының тұрақтылығына кепілдікті қамтамасыз етеді.

Заңдарды реформалаудан басқа қоғамның құқықтық санасын жоғарылату, халық үшін, жеке кәсіпкерлер үшін заңдарды қолдануды түсіндіретін төлемсіз консультациялар жүргізу қажет.