ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I. АУЫР ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР

1.1 Ауыр қылмыстың түсінігі және оның халықаралық құқықтағы көрінісі

II.ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АУЫР ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Республика заңдарындағы ауыр қылмыс құқық айқындары

2.2 Ауыр қылмыстардың, ауыр емес және өте ауыр қылмыс түрлері айырмашылығы

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫТЫҚ КОДЕКСТЕ АУЫР ҚЫЛМЫС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ҚОЛДАНУ

3.1 Қылмыстық Кодексте ауыр қылмыс түрлері

3.2 Ауыр қылмыс қолданылатын жазанығ түрлері және қолдану ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Кіріспе

Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекеттің және оның барлық азаматтарының өміріне арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбнгейлі қайта құру қажеттілігі туындады. Бұл арада аз жұмыс жасалған жоқ: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, құқықтық тәртіпті нығайту салаларында көптеген заңдар мен жарлықтар талқыланып қабылданды.

Біздің мемлекетімізде адам өмірін, денсаулығын қорғауға барынша мән беріледі. Ел басы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында, қоғамдағы ең игілік адам, оның денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп, мұндай асыл қазынаға, құқыққа қайшы әрекет етушілерге, заңды жауапкершілік қолданылуы қажеттігін бірнеше рет айтқан еді.[1]

Еліміз бойынша қылмыс саны жыл сайын өсіп келеді, ол мына көрсеткіштерден көрінеді: 2005 жылы Қазақстанда 106540 қылмыс тіркелді, 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 104, 2005 жылы 142100,(89) 2006 жылы 139431 (92), 2006 жылы 150760 (94) көрсеткішке жетті. Ал ауыр келтірудің саны да өрістеу үстінде. 2005 жылы 4123 қылмыс, 2006 жылы ол көрсеткіш 5176 –ге жеткен, яғни бұл тұрғыдағы қылмыстың өсуі бұл санаттағы қылмыс саны үнемі арта түсуде.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде ауыр қылмыс істеген үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде ескі кодекске қарағанда көптеген қылмыстық құқылық түсініктердің, институттардың жаңа ұғымы берілген.

Қылмыстың бірінші белгісі – оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік – қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым-қатынасқа нақты қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздігі). Қылмыс құқығының ішінде ауыр қылмыс үлкен орын алып отыр.

Кейбір жағдайларда заң атқарушы қылмыстың бірқатар белгілеріне назар аударады.

Мысалы, жеке адамға қарсы ауыр қылмыс жасаған адамды сот, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе де қылмыстық жауаптылықтан босатпайды; жеке адамға қарсы ауыр және өте ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге сотталған жүкті әйелдерге және сегіз жасқа толмаған балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдырмайды. Осыларға байланысты тек қылмыс санаттары ғана емес, сонымен қатар қылмыс объектісі немесе соңғы реттерде тағайындалған жазаның мерзімі де ескерілінеді.

Қылмыстың бірінші белгісі – оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік – қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым-қатынасқа нақты қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздігі).

Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік іс әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызуы белгілерімен сипатталынады.

Ауыр қылмыс, ауыр зиян келтергені үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері, адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстарды зерттеген ғалымдардың туындыларында көрініс тапқан. Ауыр қылмыс істеу мәселеріне өткен ғасырларда орыс заңгерлері Н.С. Таганцев, С.В. Познышев, И.Л. Фойницкийлер ерекше мән берген.



[1] Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін қылмыстық жауаптылыұ // Заң және заман .-2006. 5