ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I.АЗАМАТТЫҚ  ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Азаматтық құқық қатынастары
1.2 Азаматтық құқық қатынасының элементтері

II. ШАРТТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
1.1 Нарықтық қатынастар шартын орны
1.2 Шарт жасау орны

II. АЛДЫН-АЛА ЖАСАЛАТЫН ШАРТ ҰҒЫМЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Осы баптың 1-тармағында аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Шарттық міндеттемелерді тоқтатудың негізгі себептеріне олардың тиісінше орындалуы, қарсы талапты қанағаттандыруы, несие беруші мен борышқордың бір адам ретінде үйлесуі, тараптардың келісуі, орындауды атқарудың мүмкін еместігі, борышқордың немесе берушінің өлімі жатады.
Міндеттемені тоқтатудың басты және мейлінше, кең тараған тәсілі оның тиісті деңгейде орындалуы болып табылады. Борышқордың талап етуімен орындау несие берушінің қолхатымен куәландырылуы мүмкін
Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән- маңызы айрықша күшейеді.
Тауарлық- ақшалық (мүліктік) және басқару қарым- қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайтадан бағалау онша оңай шаруа емес. Сатып алу-сату ауқымын реттеуде Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінің кейбір нормаларының, мысалы, мәмілелер туралы, мүліктің кездейсоқ жойылу қаупі туралы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңы мен т.б. маңызы ерекше. Осы заңдардың негізінде сатып алу-сату шартының мәселелерін реттейтін нұсқаулар, ережелер қабылданған.
Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше, маңызды  екендігі сөзсіз.
Бұл курстық жұмыс келісім шартты, шарттардың жекелеген түрлерін оның ішінде алдын-ала жасалатын шарттарды қарастырады.