МАЗМҰНЫ

 

 

KІРІСПЕ..............................................................................................................3-5

 

І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ......................................................................6-35

1.1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы..............................................6-18

1.2. Азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы ережелері...........................19-35

 

ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ ............................................................................................................................36-58

2.1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың нақты тәсілдері......................... 36-52

2.2. Залалдарды өтеу азаматтық құқықтарды қорғаудың ерекше тәсілі ретінде...............................................................................................................52-58

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................59-60

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................61-62

 

 

 

 

 

 

 

 

 

KІРІСПЕ

Азаматтык айналымның тиісті деңгейде қалыптасуы тек субъектілердің азаматтық құқықтарын мойындаумен ғана байланысты емес, сонымен қатар бұл құқықтарды құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен байланысты. Ғылымда қалыптаскан дәстүрлі түсінік «азаматтық құқықтарды қорғау» ұғымы құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Бұған тек құқықтық шаралар ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық сипаттағы субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған баска да шаралар жатады.

Азаматтық құқықтарды қорғау – бұл азаматтық және азаматтық ic жүргізу құқығы теориясындағы маңызды категориялардың 6ipi болып табылады. Бұл категорияның мәнін ұғынбау азаматтық, құқықтық санкциялардың сипаты мен ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық, құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын өзге де мәселелерді түсінуге қиындьқ туғызады.

Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды.

Бұл зерттеудің маңыздылығы мынада көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады. Қазіргі Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады.Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6 – шы бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты, азаматтық құқықтықтарды қорғаудың ұғымын, азаматтық, құқықтарды қорғаудың нысандарын, меншік құқығын қорғау, азаматтық құқықтарды қорғаудың накты тәсілдері, оның ішінде субъективтік құқықтарды мойындау, құқықтар бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру, құқықтарды бұзатын немесе бұзу қаупін туғызатын әрекеттердің алдын алу, мәмілені жарамсыз деп тану, мемлекеттік органның немесе жергілікті басқару органының актісін жарамсыз деп тану, заңға қайшы келетін мемлекеттік органның актісін соттың қолданбауы, міндеттерді накты орындату, залалдарды өтеу және айыппұл төлету тәсілдерің мазмұнын ашып, толық қарастыру болып табылады.

Алдымызға қойылған мақсатқа сүйене отырып бiз өзімізге мынандай міндеттерді қоямыз:

Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымына тоқталып, оның маңыздылығын ашып көрсету;

Азаматтьқ құқықтарды қорғау нысандарын талдау;

Азаматтьқ құқықтарды қорғаудың нақты тәсілдерін зерттеп, мәнін ашып көрсету;

Азаматтық, құқықтарды қорғаудың ерекше тәсілі ретінде залалдарды өтеудің ерекшелігіне тоқталу.

Дипломдық жұмысты жазу барысында қазақстандық және ресейлік заңгерлердің, соның ішінде Г.Төлеуғалиев, М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин, А.П. Сергеев, Ю.К. Толстой, және т.б. еңбектеріне сүйендім.

Дипломдық жумыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.