МАЗМҮНЫ
Кіріспе    5
I    - ТАРАУ. Азаматтық іс жүргізуге қатысушылар
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі қатысушылардың сипаты мен жіктелуі    8
1.2 Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізуінде шетел азаматтарының
іске қатысушылар ретінде    14
II    - ТАРАУ. Азаматтық процестегі тараптар.
2.1 Ерекше іс жүргізудегі тараптардың даулы мэселелері    24
2.2 Тараптар азаматық процестің негізгі катысушылары ретінде    30
III    - ТАРАУ. Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың
қүқықтық жағдайы.
3.1 Тараптардың іс жүргізудегі құқықтарының құқықтық мәселелері    55
3.2 Мамандардың іс жүргізудегі қүқықтық мэселелері    58
Қорытынды    65
Қолданылған әдебиет тізімі    68

Кіріспе
Сот билігі - еліміздің мемлекеттік символы болып табылады. ¥лттық санада да сот билігі халыққа етене жақын тұрған билік саласы деп айтсак қателеспейміз. Еліміздің болашағы біз, демек ертеңгі әділдік шыңын жіберуші мемлекетіміздің ата - бабаларымыз қалап тастап кеткен іргесін мықтап ұстап,шыңын биік белестерге жеткізу біздің максатымыз. Сол себепті жоғары оқу орындарында оқытылып келе жатқан азаматтық іс жүргізу құқығының маңызы зор. Қазакстан Респбликасының ата заңы болып табылатын коституциялық нормаларда елімізді демократиялық, зайырлы,күқықтық және әлеуметтік деп көрсеткен [2. -7 бет].
Нэтижесінде елімізде жаңа, кәсіби заңнамаларды қабылдау, соттың жемісті жэне жақсы жұмыс істеуін жэне судьялардың қол сүкпаушылық деңгейін белгіледі. Соның арқасында халқымыз бүл заңның кепілдігі мен шынайлығына сенеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы қолданып жүрген азаматтык іс жүргізу заңнамаларында сот пен судьяның тәуелсіздігі, іс жүргізудегі тараптардың жарыспалығы мен тең қүкылығы сияқты белгілерді байқай аламыз, яғни жалпы соттың қоғамдағы заңдық қағидаларының кепіл әрекеті ретінде байқауға болады.
Азаматтық іс жүргізу адам ман азаматтың, заңды түлғалар мен азаматтық - қүқықтық басқа да субъектілердің заң мен сот алдында теңдігін сақтау барысында бүзылған күқыктары, бостандықтары мен заңды мүдделерін корғайтын сапалы қүрылғыға арналды. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың басқа да іс жүргізуге катысушылардың процессуалдық эрекеттерін, олардың іс жүргізу қүқыктары мен міндеттерін жинақтайды. Жалпы азаматтык іс жүргізу күқық ғылымы бүл азаматтық іс жүргізу қүқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы болып табылады. Дипломдық жүмысымның тақырыбы ретінде «Тараптар - азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары» таңдауды жөн көрдім еліміздегі адамадар өз қүқықтарын жетік біле бермейді. Сол себепті
6 сотқа бұзылған өздерінің қүқықтары мен заңды мүдделерін орнату мақсатында жүгінгенде оларда бір қатар түсініспеушіліктер пайда болады. Бүзылган қүқықтары мен мүдделерін қорғау максатымен жүгінген тараптар заң аясынан хабарсыз болғандыктан сот өндірісі барысында көптеген тежеулер пайда болады.
Осы дипломдық жүмысымды талкылау барысында сіздерге азаматық іс жүргізудегі тараптардың әл-аукатын, қазіргі кездегі проблемаларын ашып, көрсетуге тырысамын. Мен байқаған кішігірім проблемаларды егжей-.тегжейлі шешуді қазірден бастамасак азаматтық іс жүргізу қүқығының жоғары қарқынмен дамыған басқа қүқық салаларынан артта қалуы мүмкін, бүл дегеніміз конституциялық нормаларда көрсетілген белгілердің орындалмауына экеліп соғады.
Дипломдық жұмыстын міндеті: ҚР Коституциясының 14- бабына сэйкес барлық адамдар мен заңды түлғалар заң мен сот алдында тең болады. Тиісінше азаматтық іс жүргізу нормасына сәйкес азаматтық істер бойынша сот төрілігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді жэне олардың ешқайсысы шықкан тегі, элеуметтік, лауазымдық жэне мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, үлты, тілі, дінге өзге де кез келген мэн- жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс. Ал заңды түлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, үйымдық - қүқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мэн-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.
Азаматтық іс жүргізу қүқығының нормаларын бүлжытпай сақтап отыру бүл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мүның өзі сайып келгенде, жеке адамның қүқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан- жақты қорғауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мемлекетіміздің нарықтық қатынастарға түсуі азаматтық іс жүргізу сот өндірісінде ғана шешілетін даулы мәселелердің
7 пайда болуына әкеліп соқты. Еліміздегі азаматтық іс жүргізудің басты себебі осы нақты даулы мәселелерді шешу, яғни қазіргі заман сұраныстарына ие болу. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда даму қарқыны өзінен элде кайда жоғары елдермен тығыз байланыста бодғандықтан бүл нормативтік акт қолдану аясынан өзін жақсы көрсете білуі қажет. Осы дипломдық жүмысты жазудың тағы бір мақсаты:
Дипломдық жумыстың максаты: Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізудің тараптары бола алатын қүкық субьектілері тақырыбын ашу;
- талапкер мен жауапкерге ортақ заңды белгілерді анықтау;
- күкық мирасқорының іс жүргізуде пайда болу негіздері сиякты сүрақтарға толығырақ жауап беруге тырысу.
Тағы бір айтар кететін жайыт, еліміздің шенеуліктері саны бар сапасы жоқ заңнамаларды қабылдап барлық заңнамалардың мықтап берік бекуіне кері эсерін тигізуде, солардың ішінде Азаматтық іс жүргізу заңнамсын да айтып кетуге болады.