М А 3 М ¥ Н Ы
КІРІСПЕ    4
1-ТАРАУ АЗАМАТТЫҚІСТЕГІТАРАПТАР ТҮСШІГІ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР    6
1.1.Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың қүқықтары мен міндеттері    9
1.2 .Істегі тиісті тарап    13
1.3.Азаматтық іс жүргізудің қүқықтық қабілеттілігі және азаматтық іс
жүргізудің эрекеттілігі    16
2-ТАРАУ      ТАРАПТАР      ЖӘНЕ      ТАРАПТАР    РЕТШДЕ      ІСКЕ
ҚАТЫСУШЫ БАСҚА Т¥ЛҒАЛАР    21
2.1. Сот ісін жүргізуге қатысу    26
2.2.Ааматтық іс жүргізудегі қүқық мирасқорлыгы    30
2.3. Мүдделі түлганың талап кою қүқығын өкіл арқылы жүзеге асыруы    35
2.4. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, жауапкердің талап қоюды мойындауы жэне тараптардың бітімгершілік келісімі.    42
3-ТАРАУ СОТТАI САТЫДА ЖӘНЕ II САТЫДА ТАРАПТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ ІСТІҚАРАУ КЕЗШДЕГІҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІ
3.1. Апелляциялық немесе қадағалау сатысы сотының шешімнің орындалуын қайта бүрып атқару туралы мәселені шешуі    48
3.2. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасауға, наразылық келтіруге қүқығын бар түлғалар    51
ҚОРЫТЫНДЫ    54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ    56

Кіріспе
Осы диплом жүмысы "Азаматтык іс" пәні бойынша "Азаматтық істегі тараптар" тақырыбына жазылды. Жүмыста процесс барысындағы тараптар, олардың азаматтық сот ісін жүргізудегі іс жүргізу қүкықтары мен міндеттері туралы негізгі ұғымдар ашып көрсетіледі. Тиісті тарап мэселесі, тиісті тарапты ауыстыру жэне іс жүргізу қүқық мирасқорлығы сөз болады. Сондай-ақ, процеске бірнеше талап қоюшы немесе бірнеше жауапкер қатысатын мэн-жайға назар аударылады, мүндай жағдайда заңгерлер арнаулы заң терминін — іс жүргізуге тең катысушылар атауын қолданады. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі жэне азаматтық іс жүргізу эрекет қабілеттілігі дегеніміз екі бірдей іс жүргізу категориясы болып табылады, олар материалдық жэне іс жүргізу қүқығымен өзара тығыз байланысты. Аталған категориялар азаматтық іс жүргізу барысында өте маңызды, себебі олар азаматтық іске қатысуға мүмкіндігі бар жэне мүмкіндігі жоқ материалдық күкық субьектілерін бөлуге негіз береді. Жүмыста бүл категориялардың зор маңыздылығы ескеріле отырып, іс жүргізу қүқық қабілеттілігі мен іс жүргізу эрекет қабілеттілігі үғымдарына ерекше назар аударылады.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары субьектілерінің арасында, азаматтык істі қарауға қатысушы басты түлғалар болып табылатын - талап қоюшы, жауапкер түлғалар ерекше орын алады. Бүл түлғалардың күқықтық жағдайлары өте әралуан, бірақ олардың мүдделері азаматтық іс жүргізу заңнамасымен бірдей қорғалады. Тараптарды бір-бірінен айырып көрсететін нэрсе-азаматтык істің шешілуі барысында заңдық қызығушылықтың болуы. Қүқықтарын жэне заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында оларға іс-бойынша барлық материалдық-құкықтық жэне іс жүргізу қүқықтарын сот қараған кезде сот өндірісіне белсенді түрде қатысу қүқығы берілген.Тараптардың қаралатын істе материалдық-қүқықтық заңдық мүддесі бар:   себебі,   іс   шешілген   жағдайда  тараптардың   біреуі   қандай   да   бір
5
материалдық игілікке ие болады, екіншісі керісінше одан айырылады.
Тараптар - талап қою өндірісінің басты қатысушылары болып табылады. Яғни, бұл көбінесе азаматтық процесте пайда болатын қатысушылар арасындағы дауды шешу кезінде қатысады, сонымен қатар құқықтық қатынасқа екі тарап - өндіріп алушы мен борышкердің қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Сот өндірісін жүргізу барысында кемінде бір-біріне қарама-қарсы екі субъект қатысуы керек, себебі материалдық құқықтық қатынастар екіжақты сипатқа ие болады. Осыған орай, біз: «ешкім де өзіне-өзі қарсы процесс жүргізе алмайды», деген сөзді есімізге түсіреміз.
Мәселен, бір түлға сотта бірден талапкер мен жауапкер бола алмайды. Себебі, мүндай жағдайда сот өндірісі тоқтатылады, мысалы: сотта қамқоршы А. Азаматы өз атынан бірден талапкер мен жауапкер тарабы бола алмайды. Бірақ, сот өндірісі екіжақты сипатта болғанымен, іске бірнеше талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің қатысуы мүмкін.
Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.
Сондықтан да тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады жэне бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады. Бірак та, эрқайсысының қүқықтары бойынша талап қоюшының жэне жауапкердің мазмүны эр түрлі жэне бір-бірінен айрықша болады.
Егер де талап қоюшы - бүл өз мүддесін немесе талап қойылған мүддесін көздеп талап қоюшы азамат пен заңды түлға болса, онда жауапкер - бүл өзіне қуыным талабы қойылған азамат пен заңды түлға болып табылады.