ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ……………………………………………………………

І. Құқық түсінігі………………………………………

§1. Құқықтың түсінігі, белгілері………………………………

§2. Адам құқықтары мен бостандықтарының түсінігі…………

ІІ. Тұлғаның құқықтары, бостандықтары және

заңдық міндеттері ……

§1. Жеке адамның (азаматтың) құқықтары

мен бостандықтары………………………………………………

§2. Саяси құқықтар………………………………………………..

§3. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар………………..

§4. Қазақстан Республикасы азаматтардың міндеттері …………………

III. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары

мен бостандықтарының жүзеге асуының

(қорғалуының) мәселелері.......................................................

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………….

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………..

 

К І Р І С П Е

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына биыл 17 жыл болады. Біздің елімізде құқықтық жүйе қалыптасқан десе болады.

Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланды.

Қазіргі заманда құқық туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқық туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.

Құқық - өте күрделі құбылыс. Оның бірнеше нысаны бар. Ал құқықтық норма құқықтың алғашқы торшасы, бөлігі десек болар.

Құқықтық норма әр түрлі болады, бірақ құқықтық нормалар бір жүйеге бірігіп құқықтық жүйе арқылы көрініс табуда.

Жаңа дәуір кезеңінде азаматтық қоғам қалыптасуының алғышарттары пайда бола бастаған кезде құқықтың үш негізгі функциясы пайда болды. Біріншіден, құқық адам қызмет етуінің еркін жағдайларын анықтайды. Оның өмірін, ар-намысын, тұлғаның қол құспаушылығын қорғай отырып, тұлғаның дұрыс және жан-жақты дамуына алғышарттар туғызады. Екіншіден, құқық тұлға экономикалық қызметінің негіздерін бекітеді. Үшіншіден, құқық тұлғаның қоғам өмірінде қатысуына мүмкіндіктер береді. Жаңа дәуір кезеңінде тұлғаның құқықтық мәртебесі ұғымы қалыптаса басталды, оның негізгі құрамдас бөлігі ретінде – тұлғаның құқықтары мен бостандықтары болды. Адам құқықтары мен бостандықтары заң негізінде бекітілп мемлекетпен қорғалынады. Тұлғаның құқықтық мәртебесі ұғымының мазмұны әрбір нақты мемлекеттегі құқықтық жағдайын көрсетеді. Адам құқықтары мен бостандықтары азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетте ең жоғары құндылық болып танылады. Тұлғаның нақты мәртебесі оның материалдық және рухани мүмкіндіктері мен міндеттерінде көрініс табады.