МАЗМҰНЫ:

 

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3 

 

1 ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НОРМАТИВТІК РЕТТЕУ..........................4 

1.1  Әлеуметтік нормалар ұғымы, қызметтері, түрлері...........................................4

1.2 Құқық нормасы – әлеуметтік норманың түрі ретінде......................................8 

 

2   ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.........................................................14

2.1 Құқық нормасы құрылымының түсінігі және оның элементтері ..................14 

2.2 Құқық нормаларын қолдану – құқықтық жүзеге асырудың ерекше нысаны... 

……………………………………………………………………………………….19

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................... 25

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................26

 

КІРІСПЕ 

 

 

Қоғамдағы көптеген негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады.     

Әлеуметтік нормалардың негізгі түрі ретінде құқық нормасы – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формальды анықталған мінез – құлық ережесі; Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі – құқықтық нормалар. Әлеуметтік норманың барлық сапаларын иемдене отырып, олар мемлекетпен ажырағысыз байланысы арқылы анықталатын арнаулы ерекшеліктерімен де сипатталады: көрініс табуының, бұзудан қорғаудың үлгісі ерекше болады. 

Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған әрекет тәртібі. Құқықтық норма - әлеуметтік құрылым ретіндегі құқықтың бастапқы элементі, бүкіл құқықтық жүйенің негізгі түсінігі. Құқықтық норманың салыстырмалы толық түсінігін анықтау үшін, оның құрулы процесін, негізделуін, табиғатын, қасиеттерін, әлеуметтік ролін ұғыну керек. 

Құқық нормасы туралы мәселе заң ғылымында даулы сұрақтардың бірі. Аталмыш дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты: құқық нормасының мазмұнын, оның құрылымдық сипаты мен  құрылымдық бөліктерін жан – жақты қарастыру. Жұмыстың мақсатынан кейін, оның негізгі шешуші жолдары ретінде мынадай міндеттер қойылады:

- құқық нормасының түсінігін анықтау;

- құқық нормасының мәні мен маңызын қарастыру;

- құқық нормасын жіктеу;

- құқық нормасының құрылымын талдау;

- құқық нормасының элементтерін зерттеу;

Жұмыста ғылыми зерттеудің жалпы және жеке әдістері: диалектикалық, тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, лингвистикалық, конкретті (нақты)-әлеуметтік қолданылды. Жазбадағы көптеген ережелер, көрсетілген тұжырымдамалық мәні бар және дамудың келешегі үшін қолданылуы мүмкін.

 Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.