Жоспар

І.Кіріспе...................................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Моральдық зиян келтірудің туындайтын міндеттемелер түсінігі мен маңызы....................................................................................................................5
2.Моралдық зиянның туындауының пайда болуы......................................10
3.Моралдық зиянды  өтеуге заңдылықты қолдану.....................................15
ІІІ.Қорытынды...................................................................................................27
IV.Әдебиеттер тізімі..........................................................................................28








                                 Кіріспе.
Адамардың өзара карым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.
Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрл  іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтык-құкыктық қатынастар субъектілеріне тиесі  игіліктер мен кұқыктарға келтірілуі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, сл автокөліктер жәнен баска да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жанулрлармен, тауарларды, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді сатудан, лаузымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарынык заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.
Жоғарыда аталған субъектілердің іоәрекеттері зиян келтіре отырып, бірқатар жағдайларда, құқыққа қайшы сипатка да ие болады Олар, оларды жасаған тұлғаға азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелуге мүмкін болатын белгілерге сәйкес болған кезде, азаматтык құкық бұзушылық, баскаша айтқанда деликтілік, сипатқа ие болады Осы тұрғыдан алып карағанда, олар азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі ретінде бағаланады.
Бұдан ары біз осыған кажетті шарттарды (талаптарды) сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын құкықтық қатынастарды карастыру кезінде колданылатын түсініктерді айқындайтын бодамыз.  Алдымен азаматтық-құкықтық жауапкершілік түсінігіне қыскаша тоқталайық.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына (игіліктеріне) және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс қала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда,. қоғамдык катынастардың реттеушісі ретіндегі азаматтык құқыктың: құндылығы елеулі  түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъсктілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі кұқыктық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын. бір немесе бірнеше кұқық бұзушылыктар жасаған кұқык бұзушылықтар жасаған құқық бұзушылық одан әрі ушықтырута алып келуі итермелеуі мүмкін. Бұл, өз кезегінде жәбір көрген тарапты озбырлыкка (рұқсат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзушылық жасау-ға итермелеуі мүмкін.
Тұлғалардың бұзылған құқыктары мен мүдделерін бірдей калпына келтіруге, аталған тенденциялардың кауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық күқықтың институты болып азаматтық-құқықтық жауапкершілік табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндет-темелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық қүқықтық шарттар қатысушыларының араеындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады.
Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауалкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттык катынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бүзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі кұқық аясында оны бұрынғыдай біржақты түсінбейді).
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінін ортақтығына қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап өту қажет. Деликтілік жауапкершілік дәстүрлі түрде азатматтық күқықтык өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.