ЖОСПАР
 
Кіріспе...................................................................................................3
 
I.Тарау. Интеллектуалдық меншік ұғымы және меншік қатынастардың реттелуі................................................................................................4-12
1. Интеллектуалдық меншік объектілері......................................4-6
1. Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық.....................................7-9
2. Интеллектуалдық меншіктілік...................................................10-12
 
II. Тарау. Авторлық мүліктік айрықша құқықтар................................13-16
2.1. Мүліктік емес жеке құқықтар...................................................17-20
2.2. Авторлық құқықтың құрамы.................................................... 21-23
 
III Тарау. Жеке мүліктік құқық объектілері..........................................24-27
 
Қорытынды............................................................................................28
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................29
                  





         




      Жалпылай жинақтық ұғым деп қарауға болады: заңды және жеке тұлғаның интеллектуалды қызметінің арқасындағы нәтижесі, орындауды қажет ететін жеке өнім. Интеллектуалдық меншікті материалдық емес игілік деп қарастыруға болады. Осындай материалдық емес игілік – заңды тұлғалар мен адамдардың интеллектуалды қызметінің нәтижесі. Алайда, интеллектуалды меншік бір жеке меншіктен екінші біреуіне құрылмай тұрып та ауысуы мүмкін. Қалай болғанмен интеллектуалды меншік – жеке құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық келісім әдісін, халықаралық құқықты да еңгізуге болады. Интеллектуалды меншік – бұл «меншік», бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады.
Интеллектуалды меншік құқығын қорғау  - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды.
1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын алды, Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік мекемесі (БИММ) халықаралық қызметте интеллектуалды меншіктің жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық – 1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі интеллектуалды меншік құқығындағы (САИМҚ) келісімге интеллектуалды меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге болады.
Халықаралық құқықтық тәртіп саласында интеллектуалды меншік құқығын ретке келтіру, басқаша айтсақ, интеллектуалды меншікке халықаралық құқық барлық келісімдердің жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңдағы осындай құқықтық пайда болуы, біріншіден, сауданың күрт өсуі, интеллектуалды құқық меншігінің жалпы тауар құнына әсері, әсіресе жоғары технологиялы фармацевтік және химиялық тауарлар өсіиіне байланысты. Жалпы әлемдік тауар айналымының 15-20% интеллектуалды меншікке, қорғалатын патенттер, сауда маркалары және т.б. сай келеді. Тағы да бір негізгі фактор – халықаралық интеллектуалды меншік құқығын дамыту – жоғары технологиялық өнім шығарушыларды (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция және басқа) қысқарту, өйткені ғылыми-техникалықжетістіктер, арзан жұмыс күші арқылы бәсекеге қабілеттілік жойылып, контрафактік (қарсы) өндіріс (Оңтүстік-Шығыс Азия елді-мекендерінде) орын алуда. Жоғарыда айтылып өткендей, интеллектуалды материалдық құқық ұлттық деңгейде қарастырылады. Халықаралық деңгейде материалдық құқық тар аймақта қарастырылады, негізінен ұлттық заңдылық басқа елдердің пайдаланушысына ғана қатысты болады. Авторлық және патенттік құқық отандық ғылым аясында қарастырылып, дәстүрлі халықаралық келісім негізінде шешіледі., ал интеллектуалды меншік иесі-жеке тұлғалар. Халықаралық келісім-шарттар ашық түрде жасалып, ешқандай күмән тудырмайды.
Халықаралық интеллектуалды меншік құқығы қарапайым негізде қарастырылады, себебі, халықаралық келісім-шартқа қатысушылар мемлекетке қарайды. Осындай келісім-шарттардан міндеттер мен құқықтар туындайды, күмәнсіз – халықаралық құқық келісімі, нақтырақ – экономикалық, мүліктік – интеллектуалды меншіктің халықаралық құқығы. Интеллектуалды меншік құқығы мемлекетаралық конвенциялық нормаларда сақталуы керек, сақтауға мемлекет тікелей міндетті. Париж және Берн келісімдерінен сақталып келе жатқан дәстүрдің негізгі блогы бар. Алайда, айырмашылық шартты түрде ғана: патенттік құқық және авторлық құқық.
Бүгінгі таңдағы сауды экономикасында Қазақстан меншік объектілерінде маңызды элементі болып: фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және тауар шығару орындарының атауы саналады. әртүрлі типті тауар иеленушілерге бәсекеге қабілетті, өз ісіне жауапкершілікте  негіз болатын мүмкіндіктер тудыру, сауда айналымындағы тауарлар мен қызмет көрсету деңгейі интеллектуалды меншік құқығында өзіндік бағалауда негіз болады.
Патенттік құқық өндіріс меншігімен тығыз байланысты, яғни өндірістік өткізімге тікелей сай, онымен қоса қызмет көрсету, сауда қатынасы енеді, бірақ кәсіпкерлердің қаражаты және олардың өнімдерінің сапасын қарастырмайды. Интеллектуалды меншік құқығын қорғауда негізгі функция  жеке өндірушілер, олардың тауарлары, жұмысы және қызметі негізге алынады.