ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері4

1. Жеке тұлға  азаматтық құқықтың субъектісі5

1.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі6

1.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі10

2. Заңды тұлға14

2.1. Заңды тұлғалардың түрлері17

3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері19

3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі24

Қорытынды26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ28

 

 

 

КІРІСПЕ

Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр. 

Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде құқықтық реформалар біздің еліміздің заңгерлерінің әмбебаптығын, терең білімділігін талап етуде.  

Біздің зерттеу тақырыбымыз бүгінгі күнге дейін республика көлемінде өз деңгейінде ғылыми тұрғыдан толықтай, қарастырылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Өйткені, ғалымдарымыз көбінесе нарықтық экономиканың тұлғаларын зерттеуден гөрі олардың  іс-әрекеттеріне (шарттар, мәмілелер т.с.с.) көбірек ден қоюда. Әрине отандық цивилистиканың даму сатысында мұндай құбылыстың белең алуы өз кезегінде орынды да шығар. Сондықтан менің қалам тартқан тақырыбыма, яғни курстық жұмысыма негізгі арқау болған заңгер-ғалым Ғ. Төлеуғалиевтің оқулығы болды. Сонымен қатар баспадан 2003 жылы жарық көрген Ғ. Жайлиннің Азаматтық құқықтың Ерекше бөлім атты оқулығы көп көмектесті. 

Мен өз жұмысымды осы кісілердің еңбектеріне және Азаматтық кодекске сүйене отырып жаздым. Бұл жұмысым негізінен үш тараудан, сондай-ақ кіріспеден және қорытындыдан тұрады. 

     Бұл курстық жұмыстың мақсаты – азаматтық құқықтардың субъектілері нені қамтиды, олардың түрлері қандай және олардың айырмашылықтарын қарастыру.