Мазмұны 

Кіріспе 

 

1-бөлім Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі 1.1 Азаматтық        құқықтарды      жүзеге     асыру     ұғымы     және        оның   

     түрлері

 

2-бөлім Азаматтық     құқықтарды      жүзеге    асырудың  тәсілдері   және ерекшеліктері

2.1 Азаматтық құқықтарды  жүзеге  асыру тәсілдері

2.2 Азаматтық құқықтарды  қорғау тәсілдері

2.3 Азаматтық құқықтарды  қорғау және  жүзеге асыру мерзімдері

2.4 Кәсіпкерлер   мен         тұтынушылардың          азаматтық        құқықтарын 

      қорғау

 

Қорытынды 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына 1990 жылғы Қазақ ССР-інің егемендігі туралы Декларация мен 1991 жылғы Қазақстан Республикасы  мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы қабылдануы қоғамның жаңа даму бағытына құқықтық негіз болды. Бірақ бұл актілер жаңа қоғам құруда жетіліксіз болды және мемлекеттің, қоғамның ішкі жүйесі мен құрылысын бірден түбегейлі өзгерте алмады. Өйткені жарты ғасырдың үстінде билік құрған кеңестік психология мен өлшемдер, қағидалар, жоспарлы экономикалық жүйе, әкімшілік-әміршілдік көзқарастағы бір орталықтан басқару аппараты үлкен кедергі болды. Сондықтан мемлекеттің кезекті міндеттеріне саяси, экономикалық және құқықтық реформаларды жүзеге асыру қойылды.

Бұл үшін мемлекетіміздегі анықтайтын «Конституциялық құрылыс проблемасын» шешу қойылып, ол 1995 жылғы конституция қабылдаумен тәмамдалды.

Адам құқықтарының Конституцияда бекітілуі, қоғамда адам проблемалары түпкілікті, толық түрде шешімін тапқан емес. Себебі, конституция қоғамдық қатынастарды реттеудің негіздерін ғана бекітеді, ол оның қағидалары мен нормалары іс жүзінде сақталынуы мен қорғалуы, нақты қамтамасыз етуі қолданыстағы заңдарға тікелей байланысты. Бұл жөнінде мемлекет басшысы «Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі  бағыттары туралы» баяндамасында «Мемлекет негіздерін қалыптастыру аяқталғаннан кейін бізге басқару тетіктерін жолға қою жөнінде тындырымды жұмыс істеуге тура келеді. Бұл тетіктерді іске қосатын дәнекер тек заңдар ғана болуы керек. Заң шығару жүйесінде заңдарды көбейте бермей, олардағы қайшылықтарды жою проблемасы көкейкесті күйінде қалып отыр, олар үйлесімді, әрі конституцияға сай болуы тиіс. Бұл проблеманы шешу құқықтың барлық салаларын қамтитын, барлық заң жүйесін жетілдіре отырып, кешенді әрі жүйелі тұрғыдан келуді керек етеді. 

Аталған міндет басқа құқық  салаларымен қатар азаматтық құқығына да қатысты болатын. Өмірде көп кездесетін мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі қабылданып 2007 жылғы 7-тамыздағы өзгерістерімен қолданылып жүр.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру – құқықтың қатынастарға қатысушылардың белгілі бір қажеттерін қанағаттандыру үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленеді. Субъективтік құқықтың мазмұнын құрайтын әрекеттер жасауды құқықтарды жүзеге асыру деп түсінеді.

«Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі және түрлері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың таңдалу себебі және осы тақырыптың мәнін ашудағы  алға қойған міндеттер мен мәселелер болып: азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың жалпы ерекшеліктерін көрсету, азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерін талдау, азаматтық құқықтарды қорғауды жүзеге асыру мерзімдері, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың азаматтық құқықтарын қорғау және меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың ара жігін ашу болып табылады.

Осы зерттеу жұмысында тақырыпқа талдау жүргізген М.К. Сүлейменов; Ю.Г. Басин; П.И. Төлеуғалиев; С.П. Гришеева; Г.К. Пралиева; Г.И. Мауленов; К.С. Сарсенбаев; А.П. Сергеев; О.Н. Садыков; З.И. Цибуленко секілді ғалымдар еңбегі және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері қолданылды.

Бұл тақырыпты зерттеудің өзектілігі болып азаматтық құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің азаматтық құқықтарын жүзеге асыру ауқымы мен шегін айқындау болып табылады.