КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

1.      МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ

1. 1.  Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы ережелер.....................................6

1.2.   Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері................................................16

1.3.   Мүлікті сенімгерлікпен басқару объектілері...............................................18

 

2      МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ШАРТЫ

2.1.  Тараптардың  құқықтары мен мiндеттерi...................................................20

2.2. Сенiмгер басқарушының бастамасымен сенiмнiң ауысуы .......................36

2.3.  Сенiмгер басқарушының жауапкершiлiгi...................................................45

2.4.  Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының тоқтатылуы.........................52

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................55

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................59

 

 

 

        КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы мүлікті сенімгерлікпен басқару  шарты. Осы зерттеліп отырған жұмыста мүлікті сенімгерлікпен басқарудың негізгі құқықтық мәселелері қарастырылды. Осы жұмыста әр түрлі Қазақстандық ғалымдардың пікірлері салыстырылып және оны тереңірек зерттеу жұмыстары қарастырылды. Бірақ бұл  орайда Қазақстан Республикасының азаматтық құқық теориясында сенімгерлікпен басқару құқытының заттық құқықтарға жатқызылатындығы туралы пікір тұрақтанған. Осы көзқарас негіздірек боп көрінеді. Мұндай түсінік өз кезегінде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын бекіту сәтінде тараптар еркінің мазмұны туралы көзқарасты және міндеттеменің мәнісіне сүйене отырып анықталатын шартта тікелей көзделмеген, олардың құқықтары мен міндеттерін одан әрі бөлуді біршама өзгертеді. Сенімгерлікпен басқару шарты ол бойынша құқыктар мен міндетгер мүлікті сенімгер басқарушыға беру сәтінен бастап туындайтындықтан реалды шарт больш табылады. 

Мүлікті сенімгерлікпен басқару түсінігі тікелей заңнамадан туындайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары әрекететуші азаматтық заңнамада ҚР АК 44-тарауының нормаларымен реттеледі. Ол "мүлікті сенімгерлікпен басқару" 883-894-баптар.

        Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша бiр тарап (сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы) екiншi тарапқа (сенiмгер басқарушыға) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға бередi, ал екiншi тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделерi үшiн осы мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе көрсетiлген шартта өзгеше белгiленбесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданылу кезеңiнде сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы сенiмгерлiкпен басқарылатын мүлiкке қатысты қандай да болсын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес. Сенiмгерлiкпен басқару шартында: мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының нысанасы және мерзiмi; сенiмгерлiкпен басқаруға берiлетiн мүлiктiң құрамы; пайда алушы туралы нұсқау; сенiмгер басқарушының есеп беру мерзiмдерi мен нысаны; мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты тоқтатылған жағдайда сенiп тапсырылған мүліктi алатын адамды көрсету көзделуге тиiс.      

          Шарттардың жекелеген түрлерi үшiн заң актiлерiнде өзге де елеулi талаптар көзделуi мүмкін. Шартта басқа талаптар да, оның iшiнде басқарушыға берiлетiн сыйақының мөлшерi мен нысандары көзделуi мүмкiн. Шартта үшiншi тұлғалардың сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мүлiкке құқығы көрсетiлуге тиiс. Егер заң актiлерiнен немесе пайда болған қатынастар мәнiнен өзгеше туындамаса, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты туралы нормалар мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды белгiлеудiң өзге де негiздерi бойынша пайда болатын қатынастарға қолданылады.

        Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару субъектiлерi.Меншiк иесi, сондай-ақ өзге де заттық құықық субъектiсi немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге уәкiлеттi құзыреттi орган құрылтайшы бола алады. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенiмгер басқарушы бола алады. 

      Сенiмгер басқарушы тек оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. Сенiмгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай-ақ мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пайда алушы (мүддесi үшiн мүлiктi басқару жүзеге асырылатын тұлға) бола алады. Егер заң актiлерiнде немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында өзгеше көзделмесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы пайда алушы болып табылады. 

         Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару объектiлерi.  Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және мүлiктiк құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлiк сенiмгерлiкпен басқару объектiсi бола алады.  Сенiп тапсырылған мүлiктi сенiмгер басқарушы өзiне меншiк (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) құқығымен тиесiлi мүлiктен бөлек есепке алуға тиiс.     ¤зiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру процесiнде сенiм бiлдiрiлген басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлiк сенiп берiлген мүлiк құрамына енгiзiледi. құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi, бұған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстiң 1081-бабында көзделген жағдайлар, сондай-ақ бұл тұлғаның дәрменсiздiгi (банкроттығы) қосылмайды. құрылтайшы банкрот болған жағдайда осы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару тоқтатылады және ол конкурстық массаға енгiзiледi. Кепiлге салынған мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кепiл ұстаушыны осы мүлiктi өндiрiп алу құқығынан айырмайды.