ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..3

 

1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ: ПӘНі, ӘДІСІ, ЖҮЙЕСІ

1.1 Азаматтық іс жүргізу ұғымы......................................................................4

1.4 Азаматтық і  жүргізу құқығының бастаулары..........................................7

1.5 Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен өзара      байланысы…......................................................................................................9

 

2. АЗМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

2.1 Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының түсінігі........................10

2.2 Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының мән-мағынасы............12

2.3 Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының жүйесі.........................18

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................28

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................32

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.

Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның қағидаларын сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық қағидаларынен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (ргіп-сірішп - негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теория-ның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру).

Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, қағидаларынде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше "принциптер - бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық қағидалары нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.

Құқық қағидалары - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.

Құқық қағидалары қоғамдағы құқықтық реттеуді және кұқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.

Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың қағидаларының дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.

Курстық жұмыстың мақсаты  азаматтық іс жүргізудің қағидаларынашу және қарастыру болып табылады.

Жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады:

азаматтық іс жүргізу ұғымын ашу;

азаматтық і  жүргізу сатыларын қарастыру;

азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының түсінігін ашу;

азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының мән-мағынасын қарастыру;

азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының жүйесін сипаттау.

 

 

І. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ: ПӘНі, ӘДІСІ, ЖҮЙЕСІ

 

1.1 Азаматтық іс жүргізу ұғымы

 

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі  барысында жүзеге асырылады.

Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері:

а) сот істерін қарау мен шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;

б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;

в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.

ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі:

1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;

2) талап қоюмен іс жүргізу істері;

3) ерекше талап қобмен іс жүргізу істері;

4) ерекше іс жүргізу істері [1, 65 б].

Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы: талап арызды(арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б.