МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................3

1. РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ  МӘНІ
1.1Рента және өмір бойы асырауда ұстау  шартының ұғымы….........................4
1.2 Рента шартының ерекшелігі.............................................................................9


2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрақты рента шарты......................................................................................14
2.2 Ғұмырлық рента шарты..................................................................................19
2.3 Өмір бойы асырауда ұстау шарты.................................................................22


Қорытынды.............................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................28





Кіріспе
Ренталық  қатынастарға  меншіктің  екінші  —  ағымды  (ќозғалыс)  күйі  де  тән  болып  келеді  және  айта  кететін  болсақ  ренталық  қатынастардың  осы  күйін  ескерген  кезде  ғана  оларды  анықтау  қажеттілігі  пайда  болады.
Қазақстан  Республикасының  азаматтық  құқығында  субъектілердің  тиісті  қатары  қатысуымен  заттық  құқықтық  қатынастардың  пайда  болуына  және  жүзеге  асуына  ықпал  ететін  рента  шарттары  қарастырылған.  Аталған  шарттардан  субъектілердің  міндеттемелік  құқықтары  мен  міндеттері  де  пайда  болатыны  сөзсіз.  Бұл  тарауда  оларды  қарауға  артықшылық  беріледі.
Рента  қарымқатынастарын  реттейтін  әмбебап  нормалар  Қазақстан  Республикасы  заңнамасында  тұңғыш  рет  қабылданғасын  (күшіне  енгізілгесін)  пайда  болды.  Жалпы  ережелерді  реттейтін  нормалардан  басқа  олар  тұрақты  рентаны,  сумырлық  рентаны,  өмір  бойы  асырауда  ұстауды  реттейтін  нормаларды  да  қамтиды.  Ал  бұрынғы  заңнамада  тек  өмір  асырауды  қарастыратын  тұрғын  үйді  сату  шарты  ғана  бекітілген  еді.
Рента  шарты  мүлікті  иеліктен  шығаруға  арналған  шарттардың  бірі.  Мүлік  рента  төлеуші  меншігіне  өтеді  және  бір  уақтылы  мүліктің  кездейсоқ  жойылуы  немесе  бүлінуі  қауіпі  оны  күтіп ұстау  ауыртпалығы  да  оған  ауысады  (оның  мойнында  болады).  Сөйтіп,  рента  шартының  мазмұнында  басқа  сату  сатып-алу,  сыйға  тарту  т.б.  шарттармен  ұқсастықтары  бар.
Жалпы осы курыстық жұмысым кіріспеден, үш бөлімнен тұрады.
Алғашқы бөлімде рента және өмір бойы асырауда ұстау  шартының ұғымы, рента шартының ерекшелігіне тоқталдым.Екінші бөлімде болса рента шартының түрлеріне жеке –жеке тоқталдым.Жалпы рент шартының үш түрі бар: тұрақты рента шарты. ғұмырлық рента шарты, өмір бойы асырауда ұстау шарты. Үшінші бөлімде рента шартының өзектілігіне тоқталдым.
1.1 РЕНТА ЖƏНЕ ӨМIР БОЙЫ АСЫРАУДА ҰСТАУ ШАРТЫ
 Рента жəне өмiр бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелерi. Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сəйкес меншiк қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншiк қатынастары) өз кезегiнде материалдық игiлiктердi белгiлi тұлғалар иеленетiнiмен немесе материалдық игiлiктер (заттар) бiреуге жататынымен сипатталады
1. Ренталық қатынастарға меншiктiң екiншi – ағымды (қозғалыс) күйi де тəн болып келедi жəне айта кететiн болсақ ренталық қатынастардың осы күйiн ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттiлiгi пайда болады.
Мүлiктiң қозғалысы (айналымы) көп қырлы құбылыс, ол мүлiк тиесiлiгiн түбiрiнен өзгерте алады немесе негiзгi меншiк иесiмен қатар мүлiктiң өзге тұлғаларға да тиесiлiгiн бекiте алады.