Халықаралық теңіз тасымалының құқықтық реттелуі

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе 3

1-тарау  Халықаралық теңіз тасымалының пайда болуы 4

1.1 Халықаралық теңіз тасымалдау тарихы және қайнар көздері 4

1.2 Халықаралық теңіз құқығы аясындағы органдар 6

2-тарау  Халықаралық теңіз тасымалдау шарты 8

2.1 Теңіз тасымалдау шартының мазмұны 8

2.2 Теңіз тасымалдау шартының субъектілері 11

2.3 Теңіз тасымалдау шартының түрлері, одан туындайтын құқықтвр мен міндеттер 14

Қорытынды 28

Қолданған әдебиеттер тізімі 30

 

 

 

 

Кіріспе

             Әлемдік экономиканың дамуына сәйкес, әлем елдерінің арасындағы экономикалық қарым-қатынастар да қарқынды дамуда. Мұндай қатынастардың дамуында халықаралық тасымалдау қызметінің алатын орны айтарлықтай. Соның ішінде халықаралық теңіз тасымалының маңызын ескере отырып, аталмыш курстық жұмыстың тақырыбы таңдалды. 

            Теңіз тасымалдауына сұраныстар көбейіп, тасымалдау қатынасына түсетіндер арасындағы қатынастарды реттеуді нақтылауды талап етеді. Халықаралық сауда палатасымен 1999 жылы қыркүйек айында “Инкотермс” жарыққа шықты. Бұл Инкотермс, алдындағысына қарағанда халықаралық теңіз сауда қызметінде қолданылатын терминдерді нақтылап берді. Осындай өзгертулерді қарастыру курстық жұмыстың мақсаттарының бірі.                             

             Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – теңіз тасымалдауда қолданатын ережелерді қарастыру, теңіз тасымалын реттейтін шарттардың түрлері мен құрылымын қарастыру болып табылады. 

             Жұмысты жазу барысында заңдар және Төлеуғалиев, Мадиярова, Сарсембаев секілді қазақстандыық авторлардың әдебиеттері, сондай-ақ шетелдік авторлардың әдебиеттері пайдаланылды. Соның ішінде, Төлеуғалиевтің  әдебиеті көлік құқығы, халықаралық тасымалдау аясындағы қазақстандық бірден-бір әдебиет ретінде, көптеген мәліметтер береді. Сондай-ақ, Скаридов, Богуславский, Лунц әдебиеттері аталмыш тақырыпты ашуға мүмкіндік береді.

          Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, ол екі тараудан тұрады және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші тарауында халықаралық теңіз тасымалы туралы жалпы мәлімет, қайнар көздері көрсетілген. Негізгі бөлімнің екінші тарауда халықаралық теңіз тасымалдауын реттейтін халықаралық теңіз тасымалдау шартының мазмұны, түрлері және шарт субъектілеріне тоқталған.

 

1-тарау  Халықаралық теңіз тасымалының пайда болуы

 

1.1 Халықаралық теңіз тасымалдау тарихы және қайнар көздері

 

Әлемдік экономикадағы Қазақстанның геополитикалық жағдайы екі жақты. Бір жағынан, республикамыз Азияның орталығында орналасып, Европа мен Азияны қосатын көлік магистралының қиылысында қолайлы орналасқан. Екінші жағынан, Қазақстан құрлық ішінде орналасқан мелекет ретінде мұхиттар мен теңіздерге шыға алмайды, бұл елдің сыртқы экономикалық қатынастарына кері әсер етеді. Себебі, теңіз көлігі - халықаралық көлік тасымалында негізгі көлік   болып табылады.

Теңіз көлігін халықаралық сауда қызметтегі әмбебап көлік түрі деп айтса болады. Адамзат теңіз кеңістігін көліктік мақсат үшін ерте кезден бастап пайдаланды. 18 ғ. басына қарай шетел элементі бар сауда   судоходство пайда болуына байланысты жүк және теңіз көлігінің иелерінің арасындағы қатынастарды ресімдеу қажет болды. 21 ғ.басына қарай жүк тасымалдаушы мен жүк иесінің арасында келісім ретінде сенімхат жасалды. Кейінірек ол сенімхат коносамент деп аталды.

Халықаралық теңіз тасымалдау жүк жөнелтушінің тасымалдаушыға жүкті берген кезде, тасымалдаушының оған коносамент беруі арқылы ресімделді. Бірақ, 19ғ. ортасында коносамент АҚШ пен Ұлыбритания арасында келіспеушілік тудырды. АҚШ жөнелтушінің мүддесін қорғаса, Ұлыбритания  тасымалдаушының мүддесін қорғады. Осыған байланысты хаотичная құқықтық жағдай қалыптасты. Ағылшын сот тәжірибесі тасымалдаушыны абсолюттік жауапкершілікке тартудың орнына, оған толық еркіндік берді. Ал, америка соты мұны жария құқығына қайшы келеді деді.

Коносаменттің халықаралық статусын анықтаған алғашқы құқықтық акт -Халықаралық Теңіз комитетінің бастауымен 1924 жылы қабылданған "коносаменттің кейбір ережелерін унификациялау туралы "Брюссель конвенциясы. Конвенция 1931 жылы 2 маусымда күшіне еніп, Гаага ережелері деп аталып кетті. Осы  конвенцияға қосымша ретінде Висби Ережелері деп аталатын протокол қабылданды, 1978 жылы 6 желтоқсанда күшіне келді.

Ғылыми-техникалық прогрестің және кейбір қайшылықтардың нәтижесінде бұл ережелерге жаңадан өзгертулер енгізу керек болды. Осы мақсатпен ЮНИСТРАЛ шеңберінде жаңа конвенция - БҰҰ теңіз жүк тасымалдау туралы конвенция қабылдады. Бұл конвенция Гамбург қаласында 1978 жылы қабылданды, 1992 жылы қараша айында күшіне енді.