Жоспар 

 

Кіріспе……………………………………………………………………………..3

 

1. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

1.1 Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму тарихы……………………………………………………………………………...5

1.2   Азаматтар   мен    қоғамдык   бірлестіктердің   коршаған    ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары………………………...10

1.3 Қоршаған ортаны  қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің рөлі мен маңыздылығы………………………………………………………….15

 

2.   Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері

2.1  Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен міндеттерінің түсінігі және түрлері…………………………………………….21

2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған  ортаны  қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі….26

 

Қорытынды……………………………………………………………………..33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………35

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Егеменді және тәуелсіз Қазақстан табиғи ресурстарга бай мемлекет болып табылады. Алайда , біздің еліміздің табиғи ресурстарының соншама молдығына қарамастан, оған қамқорлықпен қарау әрқашан туындап отырады. Қоғамның қазіргі дамуы табиғи ресурстардың шаруашылық мұқтаждықтарына кең түрде пайдаланылуына сүйенеді. Бұл процесс нарықтақ қатынастар дами түскен сайын одан әрі күрделене береді.

Сондықтан, ғалымдар мен  бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын  пайдаланудың адам үшін қажеттілігі  мен табиғи ортаны қорғаудың қажеттілігі  арасындағы қарама - қайшылықтарға  байланысты дабыл қағуы өте орынды болып табылады. Осыған байланысты зор маңызды табиғи ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету, барынша азайту және табиғи байлықтарды молайту жөніндегі шараларды жасау міндеті туындайды. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану және оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе-теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігін тудырып отыр.

Осыған орай «Қазақстан - 2030» стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы мақұлданды. Бұл тұжырымдамада еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық бағыттар көрсетілген - экономиканы, Ұлттық заңнамаларды және қоғамды экологияландыруға байланысты, экологиялық үгіт-насихат және жүртшылықтың қатысуы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

Табиғатты қорғау мен оның байлығын тиімді пайдалану  мәселесін  шешуді қамтамасыз ететін әдіс - тәсілдер жүйесін жасауға әр түрлі құқықтық институттар белсенді түрде қатысады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы қызметке көптеген субъектілер қатысады, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар, азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және т.б.

Қоршаған ортаның жағдайымен байланысты мәселелер қазіргі таңдағы адамзат мәселелерінің ішінде бірінші орынға шықты.

Ал қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуы саласындағы қызметінің маңызы дүниежүзі қауымдастығымен танылған БҰҰ- ның Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта жоне даму туралы Конференциясында қабылданаған негізгі қүжаттарының бірінде, қоршаған ортаны қорғау саласында үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдардың күштерін біріктіру қажеттілігі бекітілген.

Осыған сәйкес Қазақстанда  да қоғамдық экологиялық бірлестіктердің  рөлі маңызды. Қазіргі таңда біздің елімізде әртүрлі деңгейде өрекет ететін және бір - бірінен қызмет аясы, ұйымдық құрылымы және идеологиялық қағидаларымен ажыратылатын, бірақ ортақ мақсаты қоршаған ортаны қорғау және азаматтардың экологиялық құқықтарын сақтау болып табылатын 200 жуық қоғамдық экологиялық бірлестіктер бар.

Қазақстан Республикасында  қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің  күрылу тәртібін, мемлекеттік тіркелуін және өкілеттіліктері мен қызметін реттейтін бірқатар құқықтық актілер қабылданды. Олардың құқықтық жағдайларын реттейтін құқықтық нормалардың көптеген бөлігі барлық коммерциялық емес ұйымдарға және қоғамдық бірлестіктерге қатысты заң актілерінде бекітілген.

Қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің құқықтық жағдайын реттейтін нормативтік актілерді, олардың бұндай бірлестіктердің қызметінің құқықтық мүмкіндіктерін ашатын артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау үшін зер салып және терең зерттеу қажет .

Баяндалып отырған мән - жайларға байланысты осы курстық жұмысында таңдап алынған зерттеу тақырыбы өте өзекті болып табылады және тәжірибиелік мән -маңызы бар деп айта аламыз.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы, зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен тығыз байланысты, өтпелі нарықтық экономика жағдайында, жаңа құқықтық, саяси, экологиялық және әлеуметтік жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласында азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қызметін құқықтық жағынан реттеу мәселелерін кешенді түрде қарастырған және елімізде түңғыш мемлекеттік тілде орындалған ғылыми еңбек болып табылады.

Бұл курстық жұмысына азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдарын, олардың қағидаларын жүйелі түрде зерттеген. Және табиғат қорғау саласындағы заңдар мен қоғамның басқа салаларын құқықтық реттейтін заңдарда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттеріне сипаттама берілген. Жалпы басқару саласындағы қоғамдық басқарудың орны анықталған. Бұл еңбекте азаматтардың экологиялық құқықтары сараланып, соның ішінде қолайлы қоршағаи ортаға құқықтық маңыздылығы анықтылған.

Қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің түсінігі анықталып, оның белгілері ашылған. Қоғамдық экологиялық бірлестіктердің міндеттеріне, қызметтеріне және өкілеттіліктеріне негізделген, олардың жіктелуі үсынылып отыр. Шетелдердегі қоғамдық экологиялық бірлестіктердің құқықтық жағдайының талдауы беріліп отыр.

Орындалған зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы бар. Оның нөтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктердің тәжірибелік қызметі кезінде және бұл қатынастарды реттейтін заңдарды қолдану барысында пайдаланылуы мүмкін. Жұмыста үсынылып отырған ұсыныстар бұл саладағы заң актілерін жетілдіру кезінде қолданылуы мүмкін.

 

1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердщ қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

1.1 Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму тарихы

Егер де адамзат қазіргі  даму бағыттарымен әрі қарай жүре берсе, екі-үш үрпақтан қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету біздің мемлекетіміздің экологиялық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда қоршаған ортаны ластануы, табиғи ресурстардың азамат және экологиялық байланыстың бұзылуы өзекті мәселелердің бірі.кейін табиғи апатқа үшырайтыны анық.

Табиғат өзінің объективтік  заңдылықтарымен дамиды. К. Маркстың көзқарасы бойынша табиғат - бұл адамның денесі, ол өліп қалмау үшін онымен өзара арақатынаста болуға мәжбүр.

Адам өмір сүруі үшін барлық қажетті заттарын табиғаттан алады, дамуы қоғамдық заңдылықтармен анықталатын экологиялық қызметтің барысында өз еңбегімен табиғатты игереді. Адам табиғат күштерінің қүлы болып табылмайды. Ол өзі және қоғам үшін оң және теріс нәтижелер ала огырып, өзінің қажеттіліктеріне табиғи ортаны пайдаланады. Бірақ, бұндай қызметтің салдарына байланыссыз адам әрқашан және барлық жағдайда табиғаттың ішінде болады және экологиялық жүйесің бір түйіні болып табылады. Адам мен табиғаттың ара қатынасының мәнін Ф. Энгельстің сөздерімен сипаттауға болады. Оның пікірінше, «Адам, жаулап алушы басқа елге билік еткендей, табиғатқа билік ете алмайды. Ол өзінің тәнімен, қанымен, миымен табиғатқа тиесілі және оның ішінде. Адам басқа тіршілік иелеріне қарағанда, табиғат заңдарын тани біледі және оны дұрыс қолдана алады.

Ғылыми - техникалық төңкеріс өндірістік күштердің кең түрде дамуына алып келді. Өндіріс пен технологияның жаңа салалары пайда болды, ғылымның өзі өндірістік күшке айнала бастады. Адам табиғат қүпияларын ашты.

Адам мен табиғат  арасындағы заттар алмасуы тез әрі сапалы түрде өзінің сипатын өзгертті. Адамның табиғатқа араласуы тереңдей түсті. Бірақ оның салдарының теріс жақтары да, оң жақтары бар. Адамдар қалпына келмейтін табиғи ресурстарды сарқылтты және қалпына келетін табиғи ресурстарды жойылуы қаупін туғызды. Адам табиғаттың құрамдас бөлігі, биологиялық және әлеуметтік феномен ретінде оның өмір сүруі оған байланысты болып отыр. Қазіргі өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының, көліктің және т.б. Қызметтердің әсерінен табиғи ресурстар сарқылып қана қоймай, адамның айналасындағы ортаның табиғи элементтерінің сапасы мен саны азаюда және экологиялық жүйеге зиян туғызуда және жойылып кету қаупі туындады. Табиғи ортаның қайта қалпына келу қабілеттілігі табиғатқа келтіріліп отырған антропогендік зиянмен күресуге мүмкіндігі жоқ.