МАЗМҰНЫ

 

         КІРІСПЕ

 1 ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 1.1 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау заңнамасының даму кезеңдері мен тенденциялары.  

          1.2 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны құқықтық қорғау түсінігі мен қағидалары.

1.3 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормаларының қазіргі экологиялық құқық жүйедегі орны

 

         2 ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА КӨШУ БАРЫСЫНДА ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1  Тұрақты дамуға көшу барысында өндіріс қызметінің зиянды әсерінен

 қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары.

2.2 Өндіріс объектілерін  жобалау, орналастыру, салу, пайдалануға енгізу  кезіндегі қоршаған ортаны құқықтық қорғау.

2.3 Өндіріс объектілерін пайдалану кезіндегі қоршаған ортаны құқықтық қорғау.

2.4 Өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғау тәсілі ретінде  заңды жауапкершілік тиімділігін жетілдіру мәселелері.

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

 

 

        Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол  әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда  болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол  ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы  су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.

        Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластану деңгейі оған  дәлел болып отыр. Президент Жарлығымен мақұлданған 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» Қазақстанда көптеген оңжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғарғы техногенді салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты деп айқын айтылған. [1. 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші Президент Жарлығы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында»]. 

        «Елімізде 2009 жылдың маусым айында өнеркәсіп көлемі 7,2 пайыға ұлғайды,... атап айтқанда маусымда мамырмен салыстырғанда кең қазу өнеркәсібіндегі өндірісі – 6,3 пайызға, өңдеуші өнеркәсібіндегі өндірісі 9,9 пайызға өскен. Сонымен қатар маусымда шикі мұнайды, металл кендерін өндіру, машина жасау, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері... ұлғайған» [2. Айғақ. Республикалық апталық газет. №28/288/ 22 шілде 2009 жыл.3б., 3б].

        Сондықтан экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы бола қойған жоқ және қоғамның өмір сүруіне лайық, биосфераның тұрақсыздануына, оның қоршаған орта сапасын қалыпты деңгейде қамтамасыз ету қасиетінен айыруға әкелу жолындағы табиғи жүйелердің нашарлауымен сипатталады.

       Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр.

       Ең бірінші атмосфералық ауаға деп айтуға болады. Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануының қауіптілігі халық денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етіп отыр.

       Атмосфералық ауаның ластану мәселесі негiзiнен Республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.

       Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала - ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi – өндiрiсте ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстарды пайдалану, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы. Халықтың басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр, өйткені кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағы жоқ. Ауа бассейнiнiң ластануы көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытуымен және жаңа кен орындарын игеруімен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.

     1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. 2007жылы атмосфераға 185 мың тонна залалды заттар таралды, ... оның 15 мыңы стационарлық көздерден, ал қалған 170 мың автокөліктен [3.Айдос Шөкім. Инвесторлар экологтарды неге басынып отыр.Заң газеті. №54 /1280/.11 сәуір, 2008ж. 2б.]

        Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары табылады. Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған. 

      «2015 жылы Қазақстанның Каспийден өндіретін мұнайы 100 миллион тоннаға жетпек. Ең жетік технологиялармен мұнай өндіргеннің өзінде жер астынан шыққан шикізаттың 0,1пайызы теңізге төгіліп отырады. Демек жылына 10 мың тонна мұнай теңізге құйылатын болады» [4. Еркеғали Сарсенов. Каспийдің Қызыл балығынан айырылып қалмаймыз ба. Атамекен. Республикалық қоғамдық-экологиялық газет. №1 /366/ 15.01.2007ж.1б, 1б.].

         Қазақстандық секторда көмірсутегі шикізатын жаппай меңгеру мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігіне потенциалды қауіп төндіретіні анық. Өнеркәсіп өндіріс қалдықтары көпаспектілі зиян әкеліп отыр. Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақты қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi:

    - жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелгенжабдығы);

      - ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар; мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары; ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).

      Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалғанжерлердешоғырланғанқалдықтарбар.

      Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.

      Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды. 

       Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды.

       Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықташөгедi.

       Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның денсаулығы мен қоршағанортағанақтықатертөндiруiмүмкiн.

      ҚазақстандағыТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда.

      Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады.

Қазатомөнеркәсібінің ақпараты бойынша жыл сайын 2,5 мың тоннадай уран алынады /5 пайыз әлемдік өндірістен/. 2009 жылы уранды өндіру 10 пайызға өседі. Бірақ оларды көму өндіруден он есе қымбатқа түсіреді [5. М.Т.Ильясова.Т.Акимжанова. Правовые вопросы охраны окружающей среды от загрязнения токсичными веществами. Вестник КазНУ.Серия юридическая.№1./49/2009г 5, 61б. ].

         Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардыңұлғаюүрдiсiбайқалуда. Қазір көптеген компаниялар өндірістік қуат пайызы төмен болса да, серпінді жобаны алға басып, ауаға тарайтын лас-қалдықтар көлемін бірнеше пайыздарға өсіріп отыр[6, 2б. Серік Амантаев. Оңтүстік астананың экологиясы қашан жақсарады № Атамекен. №11 /399/ 5 маусым 2008ж.1б.].

      Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.

        Жоғары аталған тұрақты ластау көздерден басқа аяқасты да болатындарды атап өтуге болады. Оларға техногенді түрдегі төтенше жағдайлармен көп жылдар бойы келе жатқан тарихи ластағыштарды атап өтуге болады.

        Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiредi. Қауiп апатты жер сiлкiнiсi, көшкiн, сел, сырғыма, су тасқыны, өрт, өндiрiстiк объектiлердегi қауiптi өнәркәсiп және басқа да авариялардың нәтижесiнде адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуiне байланысты. 1994 жылдан бастап төтенше жағдайлар салдарынан Қазақстанда шамамен 40 мың адам қайтыс болды және 250 мыңнан астам адам зардап шектi. Сараптамалық бағалау бойынша төтенше жағдайлардан (жаhандық дүлей апаттар болмаған кезде) келетiн тiкелей және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллиард теңгенi құрайды.

      Ластанудың "байырғы" көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер: мұнайгаз және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кеніштер (оның ішiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады [Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы: одобрена Указом Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2003 года N 1241 //СПС «Юрист», 2009 г.].

        Көріп отырғанымыздaй, өнеркәсіп өндірісінен қауіп деген көп және мемлекетіміздің тұрақты даму көшу барысында ол азаяр емес.

        Қазақстан Республикасы Президенті «біз Атырау қаласындағы мұнайхимиялық кешенін салуды жалғасырамыз. Осы жылда Мойнақ гидроэлектростансасының құрылысын бітіреміз, Екібастұз ГРЭС-1–ті кеңейту және қайта құрылуын бітіруі бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Онда сегіз блоктың орнына төрт блок жұмыс істеп жатыр. Бұл дайын, шығымсыз электрэнергиясы. Біз Екібастұз ГРЭС-2-де үшінші энергоблокты салу бойынша жұмысты жалғастырамыз, осы жылы Балхаш ЖЭС-ның құрылысы бойынша жұмыс бастаймыз. 

       Біздің жоспарымызда «Бейнеу-Бозой-Акбулак» атты магистральдық газжөнелту құбырын салу, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожол транзиттік дәлізді қайта құру.

       Осы жылы біз дайындық жұмысты бастаймыз. Онда 5 мың адам жұмыс істейтін болады, ал 2010-2012 жылдары – 50 мыңға дейін. Бұл Қазақстанды Еуропадан Азияға дейін транзиттік дәліз қылатын артерия болады. Біз элекровоз, жолаушы және жүк вагондарын, жол битумдарын, химиялық өнеркісіп өндірісін ұйымдастыруына көштік [7.послание].

        Осы уақытқа дейін экологиялық қауіпсіздік деңгейі қоршаған ортадағы дағдарыс жағдайын көтеруге шамасы жоқ. Өнеркәсіп өндірісі және глобальды индустриализацияның өсуімен бірге шекті рұқсат етілген концентрациялар мен оның туындыларының нормативтеріне негізделген ортақорғау шаралар қалыптасқан ластаулардың көлемін азайтуға жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан экологиялық мәселені шешудің жаңа жолдарын, өнеркәсіп өндірісінің оңтайлы даму мүмкіндігін таңдауға, ал ласталған жағдайларда қалпына келтіру – емдеу шараларының кезектілігін белгілеуге іздену қалыпты жағдай деп айтуға болады. Энергиямен  қамсыздандыру, өнеркәсіптің экологиялық аспектіде көп мәселелері өндіріс қатарындағы жаңа технологиялық процестерге көшумен немесе оларды перспективтік  ауыстырумен шешілуі мүмкін.

        Осы сұрақтарды  бақыланып жүрген теріс тенденциялардың мемлекетаралық сипатын, қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша кешенді шаралардың керектігін, өнеркіәсіптің теріс факторларының өзара ықпалын ескеретін жаңа ұстанымдардан қарастыру керек.

         Мәселені шешу үшін қазіргі ғылыми жетістіктердің барлық мүмкіндігін пайдалану керек. Және соның негізінде қоршаған ортаны қорғауға тиімдірек ұсыныстарды ұсыну керек.

        Жоғарыда аталғандардың барлығы осы диссертацияның зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды. Және оның қазіргі таңдағы өзектілігі мен маңыздылығын көрсетіп отыр.

        Экологиялық – құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде Д.Л.Байдельдинов, С.Д.Бекишева, С.Т.Культелеев, А.С.Стамкулов, (экология құқық теориясының жалпы теориясы шеңберінде); Б.Ж.Абдраимов, А.Е.Бектұрғанов, А.Е.Еренов, Л.К.Еркінбаева, Ж.Х.Қосанов, А.Х.Хаджиев (жерлердің құқықтық қорғау); НБ.Мухитдинов, С.П.Мороз, Г.Б.Ахмеджанова (жер қойнауын құқықтық қорғау);Митрофанская Ю.В.  (қалалардағы қоршаған ортаны құқықтық қорғау); С.Б.Байсалов, К.Д.Куандыков, А.А.Мукашева, С.Ж.Сулейменов, А.Ж.Тукеев, С.Ж.Сулейменова (суларды құқықтық қорғау); Г.А.Стамкулова, Г.Ж.Тілешова (өсімдік дүниесін құқықтық қорғау); С.С.Константиниди, А.Д.Тундикбаев (жануар әлемін құқықтық қорғау); К.Рахимберлин, Медетбекова (атмосфералық ауаны құқықтық қорғау) ; Карабулова Р.К., Куставлетов С.М, Борчашвили (экологиялық құқықтық жауапкершілік).

        Қазақстан Республикасындағы арнайы көлемді зерттеулер осы тақырып бойынша қарастырылмаған.

        Таяу шетел мемлекеттерінде бұл тақырып бірнеше рет зерттелген. 1986 жылы авторлардың ұжымы (В.И.Андрейцев, М.М.Бринчук, В.В.Круглов, Н.Д.Красилич, С.Н.Кравченко, В.А.Максимков, Н.А.Малышева) Ю.С.Шемшученконың басшылығымен «Правовая охрана окружающей среды в области промышленного производства» атты өнеркәсіп саласындағы монография жарыққа шықты.

        1989 жылы В.В.Кругловтың «Организацонно-правовые вопросы охраны окружающей среды в промышленности» атты монографиясы жарыққа шықты.

 Мұнда перестройка жағдайында өнеркәсіп саласындағы қоршаған ортаны қорғаудың заңды жауапкершілігі, жобалау, басқару, моральдық және материалдық ынталандыру саласындағы құқықтық мәселелер талдау жасалынған. 1999 жылы В.В.Кругловтың «Организационно-правовые проблемы охраны окружающей среды в промышленности в современный период» атты докторлық диссертациясы қорғалды.

        Көріп отырғанымыздай, тұрақты дамуға көшу жағдайында қарастырылған салада қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша оның маңыздылығына қарамай арнайы монографиялық зерттеулер жүргізілмеген. Ол өз алдына оның өзектілігін алдына ала белгілеуге және диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауға мүмкіндік берді.

        Зерттеу объектісі өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау қатынастары болып табылады.

        Зерттеу пәні өнеркәсіп өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық қатынастары болып табылады, соның ішінде құқықтық экологиялық талаптар және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін келесі шаралар:

- шаруашылық қызметті реттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер жүйесі, олардың ішіндегі заңнаманың басқа салаларының экологияландырылған нормалары және өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау салсындағы құқықтық қатынастар және олардың жүзеге асыру тәжірибесі;

- атқарушы билік және жергілікті басқару органдары, өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау кәсіпорындарының әкімшілік қызметі;

       - қарастырылған саладағы заң жобалық жұмыстар тәжірибесі;

- ұйымдастыру-құқықтық, экономикалық, философиялық және өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау  мен басқа да аспектілер және мәселенің тарихы бойынша материалдар мен шетелдік тәжірибе пәні болып табылатын ғылыми зерттеулер.

Диссертациялық зерттеу мақсаты өнеркәсіп өндіріс саласында қоршаған ортаны тиімді қорғаудың негізгі мәселелерін кешенді зерттеу болып табылады.

Аталған мақсатқа келесі мәселелерді шешу арқылы қол жеткізіледі:

- мемлекеттің тұрақты дамуға көшу кезеңінде өндіріс саласындағы қоршаған ортаны құқықтық қорғау ерекшеліктерін табу;

- өндірістегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама мен басқарудың жағдайын бағалау және оны құқықтық реттеудегі кемшіліктер мен ақаулықтарды табу;

- осы саладағы экологиялық заңнамамен және Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа салалардағы нормаларының ролі мен маңызын анықтау;

       - құқықтық реттеудің тиіміділігін және жоғарылату үшін ғылыми ұсыныстарды, соның ішінде, заңнаманы ұйымдастырушылық-құқықтық  және экономикалық механизмдері мен заңды жаупкершілік нормаларын жетілдіру.

       Зерттеудің әдістемелік негізі болып динамикалық және тарихи материализм, қоғам мен табиғаттың өзара ықпалы туралы қазіргі таңдағы көзқарастар, (экономика және қоршаған орта); өндірістегі қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекет және құқық туралы, экологиялық қызметтің жалпы танылған халықаралық қағидалары мен конституциялық ережелері.

       Диссертацияда сонымен қатар салыстырмалы-құқықтық, жүйелік, логикалық және тарихи әдістер қолданған.

       Теоретикалық негізді мемлекет және құқықтың жалпы теорясы мәселелері бойынша С.С.Алексеева, В.С.Нерсесянц, Булгакова Д.А. Баймаханов сияқты ғылым-заңгерлер ғылыми еңбектері құрады.

        Тақырыпты зерттеу кезінде диссертациядағы талдаулармен байланысты экологиялық мәселелерді зерттейтін философ, эколог, экономист, тарихшылар, білімнің басқа саласының өкілдерінің жұмыстары пайдаланылды.

        Зерттеудің нормативік негізін болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі, өндіріс саласындағы  қоршаған ортаны қорғау  қатынастарын реттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік актілер құрады.

        Диссертациялық зертеудің ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы маңызды құқықтық, эколог-экономикалық және әлеуметтік-саяси маңыздылыққа ие ғылыми мәселенің шешуі ретіндегі тұрақты дамуға көшу жағдайында өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдастыру-құқықтық механизмінің теоретикалық тұжырымдамасын тұжырымдау мен негіздеу болып табылады. Өнеркәсіптік өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселелері зерттелген қазақстандық заң әдебиетіндегі  бірінші монографиялық жұмыс болып табылады. Оның негізгі қорытындылары экономиканың басқа салаларында (құрылыс, транспорт, байланыс, ауылшаруашылық) экологиялық-құқықтық мәселелерді зерттеу үшін және  табиғат пайдалануды тұтастай зерттеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

        Диссертацияда өндіріс саласында  қоршаған ортаны құқықтық қорғау қатынастарын құқықтық реттеу қызметі мен мақсатының бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылатын қоғамдық өндіріс қызметінің экологиялық-экономикалық негізінен бастау алу керектігі, ал табиғатты қорғау қызметі оның аса маңызды жағдайы мен құрылымдық бөлігі екені негізделеді.

        Осыған орай өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама, басқа экологиялық, әкімшілік, шаруашылық, азаматтық, еңбек және заңнаманың басқа салаларындағы актілдердің ара қатынасын құрайтын жүйесі талданады.

        Салыстырмалы-құқықтық зерттеу негізінде заңнамалық даму деңгейімен оның даму тенденциясы анықталған.

         Экологиялық және бүкіл қазақстандық заңнама жүйесіндегі өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғау бойынша заңдар мен басқа да нормативтік актілердің жиынтығының орны анықталған, сонымен қатар оның жағдайы, дамуы, жетілуі мақсаты мен мазмұны анықталған.

        Келесі шаруашылық қызметінің жеке сатыларына қатысты өндіріс саласындағы экологиялық-құқықтық талаптардың жүйесі мен мазмұны талданған. Кәсіпорындарды жайғастыру, жобалау, салу және қайта құру, пайдалануға кірістіру және оларды пайдалану.

        Жүзеге асырылатын жобаларды қоршаған ортаға әсерін бағалау мен экологиялық сараптаманың, экологиялық нормалау, лицензиялау, сертификаттау, аудиттеу, экологиялық бақылауды қамтитын ұйымдастырушылық-экологиялық талаптарды жүзеге асыру механизмі зерттелген және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дәйектелген.  

  Осы саладағы экономикалық механизмнің құқықтық негіздері зерттелген, соның ішінде жобалау мен қаржыландыру, кәсіпорындардың шарттық қатынастары, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны ластаудың ақылығы, экономикалық ынталандыру және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Заңды жауапкершілік шараларына талдау жасалынған, ең алдымен экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке, осы салада заңнаманы жетілдіру керектігі дәйектелген.

         Қазақстан Республикасы заңнамасындағы қайшылықтар мен ақаулықтарды жою үшін қарастырылған тұжырымдамада  теоретикалық және тәжірибелік маңызға ие.   

         Автордың пікірі бойынша өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманы және басқаруды жетілдіру  бойынша ұсыныстар оның экономиканың басқа салаларында құқықтық реттелуіне, қоғамдық өндірістің  басқа экологиялық мәселелерін зерттеуде қолдануға болады.

    Қорғауға шығарылатын негізгі қорытындылар мен ережелер:

Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер:

1. Өндіріс саласында қоршаған ортаны құқықтық қорғау – бұл қоршаған ортаға өнеркәсіптік қызметтің зиянды әсерін алдына алуға және  және оның бұзылған жағдайын қалпына келтіруге бағытталған өнеркәсіп кәсіпорындарымен және арнайы құзіретті мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын құқық нормаларында бекітілген шаралар жүйесі.

2. Өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары әртүрлі иерархиялық деңгейдегі және салалық бағыттағы бөлек нормативтік құқықтық актілерде бекітілген. Осы қағидалар қолданыстағы заңнамада бекітілуі тиіс, яғни 03.04.2002 жылғы «Қауіпті өндіріс объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында.

3. Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормалары өнеркәсіптік қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін алдын алуға және оның бұзылуын қалпына келтіруге бағытталағн өнеркәсіптік кәсіпорындарымен және арнайы құзырлы мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын қызметті реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылатын өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау атты құқықтық институттың құрамдас бөлігі болып табылады. 

Өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау нормалары даму үшін айқын келешегі, жасақталып жатқан нормативтік базасы бар, яғни  өмір сүруге құқығы бар дербес құқықтық институт болып табылады.

4.Экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қазіргі кезеңнің екітұсты мақсаты болып тұр. Сондықтан болашақта өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың мақсаттары, міндеттері, қағидалары, 

қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіпорындардың құқықтық мәртебесі, олардың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, шаруашылық қызметтің кезеңдеріне қойылатын экологиялық талаптар, экологиялық қызмет, оның құрылымы, мақсаты мен қызметі, экономикалық механизм мен заңды жауапкершілік бекітілген «Өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңын қабылдау керек. 

5. Өндірістік кәсіпорындардың құқықтық мәртебесін бекітетін нормативтік құқықтық актілерде (19 маусым 1995 жылғы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 5 қазан 1995 жылғы «Өндірістік кооператив туралы», 22 сәуір 1998 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», 13 маусым 2003 жылғы «Акционерлік қоғамдар туралы», 2 маусым 1995 жылғы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» ҚР Заңдарында) кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қойылатын экологиялық талаптар жоқ болғандықтан, оларды заңды тұлғалардың экологиялық-құқықтық мәртебесін, кәсіпорын жұмыскерлерінің экологиялық құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, кәсіпорынның экологиялық қызметін құру тәртібі  мен оның функцияларын  бекітетін (кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау департаменті, кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша маман) жаңа нормалармен толықтыру қажет.

 6. 9 қаңтар 2007 жылғы ҚР Экологиялық кодексінде атмосфералық ауаны қорғауға бойынша экологиялық талаптар туралы нормалардың жоқ және ол Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының кемшілігі болып табылады.

 Шаруашылық қызметтің кезеңдеріне байланысты: атмосфералық ауаға әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға енгізу бойынша атмосфералық ауаны қорғау туралы нормалары қамтылған 9 қаңтар 2007 жылғы ҚР Экологиялық кодексін  «Атмосфералық ауаны қорғау бойынша экологиялық талаптар» атты дербес Тараумен толықтыруды ұсынамыз. 

ҚР Экологиялық кодексін осылай өзгерту  жаңа нормаларды тәжрибеде дұрыс қолдану арқылы  атмосфералық ауаның ластану мәселесін әрі қарай шешуге мүмкіндік береді.

 

        Жұмыстың теоретикалық және тәжірибелік маңызы.

        Жұмыстағы қорытындылар, ұсыныстар теоретикалық; және тәжірибелік маңызға ие: 

          а) өндіріс саласында заңнамалық қызметтің негізгі бағыттарын белгілеуге және экологиялық қатынастардың құқықтық реттелуінің теоретикалық негізін қалау үшін;

          ә) өндіріс саласындағы қызмет ететін атқарушы билік және басқару органдарының, кәсіпорын мен ұйым әкімшіліктерінің қызметін жетілдіру үшін;

          б) қазіргі таңдағы экологиялық құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік шараларының тиімділігін жоғарылату үшін пайдаланылуы мүмкін.

Диссертациялық зерттеу материалдары экологиялық құқық және арнайы курстардан дәріс бергенде оқу процесінде  атқарушы органдардың қызметкерлерінің квалификациясын көтеру және қайта дайындау үшін және кәсіпорындар мен ұйымдардың басқарушылары мен мамандары үшін пайдаланылуы мүмкін.

 Диссертацияның негізгі ережелері экологиялық құқық пәніне оқу бағдарламалар, оқулықтар мен әдістемелік нұсқамаларды құрастыру кезінде және жоғарғы және орта заң оқу   ұйымдарының студенттерін, факультет және мамандықты жоғарылату және қайта дайындау институттарының тыңдаушылары үшін пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелеренің апробациясы.

Диссертациялық зерттеудің апробациясы жарияланымдарда, оқу процесінде жүзеге асырылуы, ал негізгі теоретикалық қорытындылары мен ұсыныстары Аль-Фараби атындағы ҚазҰҮ-де, «Болашақ» актуалдық білім беру институты және т.б. оқу орындарында болған ғылыми конференцияларда талқыланды.

Диссертация кіріспеден, екі тараудан, алты бөлімнен тұрады.