Мазмұны

 

Кіріспе 4

1 Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші 7

    1. Құқықтық реттеу тетігінің ұғымы 7

    2. Құқықтық реттеудің тетіктері 21

  1. Құқықтық реттеудің әдістері 38

2.1 Құқықтық реттеу әдістерінің ұғымы және жүйесі 38

2.2 Материальдық және процессуальдық құқықтар 53

2.3 Жеке және жария құқық 56

Қорытынды 61

Пайдаланылған әдебиеттер 63

 

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылык және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді.

Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарынан тұрады. Мұндай процесстерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі. Таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі де осы айтылғанмен анықталады

Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалық жөне психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағынадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.

Құқық – бұл қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның туындысы ретінде оның дамуының белгілі сатасында пайда болады. Құқық – адам тәртібінің әлеуметтік маңызды реттеутіші, әлеуметтік нормалардың бір түрі. Ол өзіне әлеуметтік аяны қосып алады: а) адамдарды; б) адамдар арасындағы қарым-қатынасты (қоғамдық қатынастарды); в) қоғамдық қатынастардағы субъектілердің тәртібін.

Құқықтың мазмұны қоғамдық дамудың қажеттілігіне, қоғамдық процесстерге қатынасушылардың белгіленеді. Құқық өзінің табиғатына байланысты (негізіне) қоғамдағы әлеуметтік келісімділіктің құралы (саймандар, нысандар) әлеуметтік қызығушылықтың теңдігін белгілеу, игілікті адал бөлу, жеке адамның әлеуметтік бостандығының өлшемі.

Қоғамдық сананы тетігі және коллективтің еркі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзінде ретінде көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Құқықтық реттеу механизмін толыққанды түрде ашып көрсетіп, талдау жасау. Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белгісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы; есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгілеріне) сай әрекет етеді.

Құқықтың әрекеті қоғамдық қатынастардың субъектілеріне олардың жекелеген ерекшеліктерінен тәуелсіз бірдей шара қолдану принципіне негізделген, шын мәнісінде тең емес субъектілерге (формальды принцип).

Құқық нормалары сырттай объективті болуы міндетті ақылды, әлеуметтік және белгілі ресми нысанда бектілуі шарт (құқықтың қайнар көзінде формальды мағнада): нормативті-құқықтық актыларда, құқықтық дәстүрде, заңды прецеденттерде т.б.

Құқық ішкі ұйымдастыру көз қарасына байланысты (біртұтас) бір-бірімен мақсатқа сай қарым-қатынастардағы элементтердің жүйесі. Құқық бәріне міндетті. Оның айырмашылығы басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда жалпымемлекеттік нормативтік жүйені құрайды және өзінің әрекетін қоғамның барлық мүшелеріне жүргізеді.

Құқыққа процедуралық тән. Процедураны уақытында талдайтын тәртіп ретінде өз мөлшерінде барлық әлеуметтік реттеушілер пайдаланады. Бірақ құқықты процедура (нормативті ретінде) тереңірек көрінеді: құқық жүйесінде көптеген процедуралық салалар бар (азаматтық процессуальдық, қылмыстық процессуальдық). Процедура іске асыру ретінде және заң нормаларын басып шығаруға қолданылады.

Құқық интелектуальды – еріктегі реттеуші ретінде әрекет етеді. Құқық арнайы – заңдылықтағы таза құқықтық тетік ғана емес, сонымен қатар, психологиялық тетік: ол адамның еркін, тек оның санасына байланысты реттейді. Белгілі жағдайда, құқықты билік сипаты бар ақпарат жүйесі ретінде қарауға болады, себебі, субъектілердің еркін, тәртібін саналы түрде басқара алады.

Құқық мемлекетпен тығыз байланыста. Себебі, мемлекет қоғамды нормативтік-құқықтық актыларды шығару арқылы реттейді (сонымен қатар, нормативті – құқықтық актылар шығару үшін өз өкілдігін беру арқылы, белгілі дәстүрлерге санкция беру, заңды прецеденттер жасау), яғни «заңға айналдыру». Құқық мемлекеттің күштеуімен қорғалады. Басқа әлеуметтік нормалар ондай мемлекеттік – күштеу арқылы іске асыру мүмкіндігімен қамтамасыз етілмеген (мұнда әңгіме мемлекет жағынан оны қолдау туралы болып отыр).

Құқықтық түсінігі құқықбұзу түсінігіне кіргізіледі: Құқықтың қажеттігі сонда керек, егер адам құқықпен белгенген тәртіптің қоғамға қауіпті деген жерін бұзса. Яғни, құқықтың белгісі ретінде оның әруақытта тәртіп нормасынан асып кеткендік жағдайға кез болу мүмкіндігін атауға болады.

Құқықтың түсінігін анықтайтын теориялар өте көп. Мұның өзі заңдылыққа жатады. Себебі, ешқандай анықтама толығымен түсінігінің барлық белгілерін қамтый алмайтындығы белгілі.