Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………….…………………… 3-4

І тарау. Жеке тұлғаның қоғамдағы орны

1. Қоғам және жеке тұлға ...................................................................... 5-11

2. Жеке тұлға мәртебесі ....................................................................... 11-17

3. Адам құқығы .................................................................................... 17-23

ІІ тарау. Құқық және жеке тұлғаның арақатынасы

1. Қазақстан Конституциясындағы жеке тұлға мәртебесі ............... 24-42

2. Қазақстан Республикасындағы азаматтық мәселесі .................... 42-48

Қорытынды ............................................................................................... 49-50

Әдебиеттер тізімі ...................................................................................... 51-52

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адам, қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы және ең жоғары әлеуметтік мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді. Олар әр еркін жеке тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғы шарты болады. Олар азаматқа, қоғам мүшесі ретінде сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Олар адамның материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туғызады.

Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы сонда, олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Конституцияда Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар: бiрiншiден, Конституция болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негізiнде екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру жолында дамуы тиiс. Демек Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының Конституциялық негiзi қаланды.

Адам құқығы - адамзат қоғамының өте құнды туындысы. Осы құқықтың сақталуы және қорғалуы әлемдік қауымдастықта күрделі мәселе. Кәзіргі таңда қол жеткізіп отырған жеңістер, оны ұстап қалу жағы, экономика мен мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастың нығайа түсуі, қоғам мүддесі, жеке тұлға кұқықтары мен бостандықтары өркениетті демократиялық коғамды дамыту шарты.

Қоғамдағы заңдар, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, адамдар мүддесіне зиян келтіретін әрекеттерге тиым салып, олармен ымырасыз күрес жургізуге бағытталған. Осы жерде жеке тұлғалар Конституция және басқа да заңдар принциптерін мүлтіксіз орындауға мүдделі. Осы мүдделерді жүзеге асыруда мемлекет орны ерекше.

Мемлекет - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі. Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрьлыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төрікіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.

Диплом жұмысының тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Олар саяси жүйенің бір бөлігі бола тұра, байланыстар мен қатынастардың жалпы құрылымы шеңберінде әрекет етеді, өйткені жалпы жүйе мен қатынастар құрылымына бағытталған жүйе өз белгілеріне нақты ықпал жасайды.

Еңбек мазмұнының негізіне арқау болған Казақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы, соған сәйкес заңдар, жеке тұлға құқығы мен бостандығын бекіткен құжаттар жиынтығы, адам құқығы теориясы мәселесінде ой пікірлер қалдырған данышпандар еңбектері және ағымды баспасөз, оқулықтар мен монографиялар материалдары. Мемлекет пен құқық теориясы бойынша жеке тұлға және мемлекет туралы қазіргі таным оны терең оқып үйренуге мүмкіндік береді Осы қажеттікті қанағаттандыру мақсаты мені сол тақырыбта дипломдық жұмысымды жазуға итермеледі.