Жоспар

Кіріспе

I. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі

1.1 Қылмысқа қатысудың түсінігі

1.2 Қылмысқа қатыудың түрлері және нысандары

II. Қатысушылардың түрлері

2.1Қылмысқа қатысушылардың түрлері

2.2 Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізі және шегі

2.3 Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы мәселелері

2.4Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

 

Кіріспе

Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың – қатысушылардың - өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі.

Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. Мұндай ұйымдасқан топпен істелетін қылмыстардың белгілері: біріншіден – қылмысқа кем дегенде екі адам қатысады, екіншіден - ондай қатынасу алдын ала қасақана бір немесе бірнеше қылмыс істеу жөнінде. Алдын ала ұйымдасқан тұрақты қылмыста топтың қатысушылары, әдетте, қылмыс істеу жөнінде күні бұрын, яғни қылмысты істегенге дейін өзара келісіп, қылмыс істеудің жоспарын құрады; қылмысқа қатысушылардың өзара ролін белгілейді; қылмысты әрекетті жүзеге асырудың тәсілін және жоспарланған әрекетті жүзеге асырудың жағдайларын қарастырады. Ұйымдасқан тұрақты топпен қылмыс істеу топқа қатысушылардың белгілі бір рольдерді атқаруы арқылы да, сондай-ақ ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа қатысып жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Бұл курстық жұмыс қылмысқа қатысушыларды қарастырады.