Жоспар.

Кіріспе 2

1-тарау. Қылмыстық іс жүргізу барысында өндірісті тоқтата тұру 4

1.1 Қылмыстық процесте қылмыстық іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі мен ролі 4

1.2 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері ретінде іс жүргізуді аяқтауға кедергі жасайтын жағдайлар 15

2-тарау. Қылмыстық процесте өңдірісті тоқтата тұрудың негіздері 26

2.1 Айыпталушының іске қатысуға мүмкіншілігінің болмауымен байланысты, іс бойынша іс жүргізудің тоқтата тұру негіздері 26

2.2 Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың өзге де негіздері 39

2.3 Қылмыстық істерді тоқтата тұрудың процесуалдық тәртібі 43

3-тарау. Тоқтатыла турған істер бойынша өндірістің қысқаруы 51

Қорытынды 70

Пайдаланылған арнайы әдебиеттер 73

 

 

Кіріспе

 

Бірінші дәрежелік бағыт ретінде құқықтық мемлекетті құру жөніндегі міндеттерді шешу тұлғаның құқықтық қорғалу механизмінің жетілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кепілдіктерін оңайлатуын ойластырады. Қылмыстық-процессуалдық әрекетті жүзеге асырған кезде құқықтық реформаның берілген бағытын іске асыру бірінші кезекте сот әділдігінің процессуалдық кепілдеріне сүйенуі керек, тұлғаны құқықтық қорғауға назар аударуды күшейту, қылмыстық сот ісін жүргізудің қағидаларын жузеге асырудың кепілдерін бекіту керек. Қылмыстық процесс қазіргі талаптардың деңгейінде көп жақтық анализді қажет етеді. Қылмыстық процесс орын алып отырған тұтыныстарды анықтауды, оның жетілуін қажет етеді. Қылмыстық сот ісін жүргізу жағдайы бойынша, оның құқықтық регламентациясы бойынша құқықтың жалпы күйі жөнінде оның қоғамның даму сипаты мен деңгейіне қаншалықты сәйкес екендігін ойлап білуге болады. Қьлмыстық процесс процедурасы негізгі кінәлау және айыптау, азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсету жағдайларын жоюға, адамдарды заңға құрметпен қарау рухына тәрбиелеуге алып келеді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сұрақтарды шешкен кезде де заң талаптары қатаң сақталынуы керек, өйткені мұндай шешім қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындауда ғана көрініс тауып қана қоймай, процесс қатысушыларының мүдделерін, сонымен қатар жедел сот олардың құқығын қозғайды.

Қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін шешу өз мақсаты ретіңде қылмыстың жылдам және толық ашылуын, оны жасаған тұлғаны әшкерелеп және қылмыстық жауаптылыққа тарту әділ соттық талқылау және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. Процестің жылдамдығы қылмысты уақтылы бұлтартпауды, азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың заңды мүдделерін қалпына келтіруді ғана қамтамасыз етпей, ол істің барлық жағдайларын толық жан-жақты және объективті зерттеуді, іс бойынпа шындықты анықтауды қамтамасыз етеді. Процестің кәдімгі барысын бөлу дәлелдемелік материалдың жоғалуына әуреленуге алып келуі мүмкін, ол сот әділдігінің міндеттерін жүзеге асыруда жақсы көрініс таппайды. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың сұрақтарын оқудың қажеттілігі дәл осымен анықгалынады. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру қылмыстық-процессуалдық құқықтың маңызды институттарының бір ретінде ұзақ уақыттар бойы процессуалист — оқымыстылардың мұқият назарында болып отыр. Біздің республикамыздың қолданыстағы қылмыстық- процессуалдық заңдылығы бұл институтты мүлде жаңа түрде көрсетіп отыр, ол бұрынғы 1997 жылы Қылмыстық-процессуалдық Кодекс қабылданғанға дейін күші болған нормалардан анағұрлым ерекшеленеді.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың негіздері өзгерді — бұрынғы заңда қарастырылған үш негіздің орнына істі тоқтата тұрудьң сегіз негізі енгізілген. Олардың мөлшері өзгеріп қана қоймай, олардың сипаты да өзгерді, егер бұрын іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері іс бойынша іс жүргізуге айыпталушының (айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын тұлға) қатысуға мүмкіншілігінің жоқтығымен байланысты болса, қазір заң бірқатар басқа да негіздерді қарастырады.

Істі тоқтата тұрған негіздегі заң бұзушылықтар көбіне дәлелдемелік материалдың жоғалып кетпеуіне алып келеді және ол қылмыстық процесс міндеттерін орындауда көрініс табады.

Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру институтын жалпы алғанда құқықтық реттеу және сотта іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру қолданылатындығы қылмыстық-процессуалдық заң бойынша аса жетілмеген. Іс бойынша іс жүргізудің тоқтата тұру туралы заң ережелерін қолдану тәжірибесінде, соның ішінде заңдылықтың жетіліп даму жолы мен олардың одан әрі шешілуін талап ететін көптеген сұрақтар мен түсініксіздіктер пайда болады.