МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ           4

1 ӘКІМШІЛІК–ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ                    12

1.1 Заң процесінің түсінігі, мазмұны және белгілері                                         12

1.1.1 Заң процесінің  түсінігі           12 

1.1.2 Заң категориялары ретіндегі процестің ерекшеліктері                                 15

1.2 Заң процесінің құрылымы: іс жүргізу, сатылары, кезеңдері                           18

1.3 Заң процестерінің түрлері. Әкімшілік іс-жүргізу                                             19

1.3.1 Процестердің құрылымы және олардың классификациясының принциптері           19

1.3.2 Заң процестерінің түрлерін құқықтық реттеудің ерекшеліктері                20

1.3.3 Процестің  әкімшілік іс жүргізу түрі                                                              21

1.4 Әкімшілік-іс жүргізу құқығының мәні, нормалары, институттары               33

1.4.1 Әкімшілік-іс жүргізу құқығының заңды мәні           33 

1.4.2 Әкімшілік-іс жүргізу құқығының нормалары                                               34

1.4.3  Әкімшілік процесс құрылымы                                                                       35

1.4.4  Әкімшілік процестегі іс жүргізу                                                                    37

2  ӘКІМШІЛІК-ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                        43

2.1 Әкімшілік-құқықтық даулар: жалпы мәселелері                                              43

2.1.1 Әкімшілік-құқықтық даулар түсінігі                                                              43

2.1.2 Әкімшілік-құқықтық даулардың мазмұны 45

2.1.3 Әкімшілік-құқықтық даулардың түрлері және оларды жіктеудің

тәсілдері           48

2.1.4 Әкімшілік даудың негізгі белгілері           52

2.2 Қазақстан Республикасындағы әкімшілік соттар: теория және 

тәжірибе мәселелері          53

2.3 Қазақстан Республикасындағы әкімшілік процестің мазмұны, түрлері, негізгі институттары және жүзеге асырылу принциптері          60

2.4 Әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының қайнар көздері (теориялық аспекті) және даму болашағы65

2.5 Әкімшілік – іс жүргізу қатынастары          78

2.6. Қазақстан Республикасының әкімшілік жауапкершілік  

институтының даму мәселелері          82

3  ӘКІМШІЛІК ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ІС ЖҮРГІЗУ ТҮРЛЕРІ                  91

3.1 Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-юрисдикциялық қызмет:әкімшілік юрисдикция түсінігі мен негізгі принциптері3.1.1 Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысты әкімшілік юрисдикцияның түсінігі мен мазмұны                      

3.1.2 Қазақстан Республикасындағы әкімшілік юрисдикция принциптері       101

3.2 Әкімшілік-юрисдикциялық іс жүргізу түрлері                                               114

3.3 Әкімшілік-юрисдикциялық процесс сатылары         124

4   ӘКІМШІЛІК-ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ 

ШЕТ ЕЛДІК ҮЛГІСІ130

4.1 Англо-саксондық құқықтық жүйесіндегі әкімшілік процесс                        130

4.2 Француз әкімшілік процесс үлгісінің ерекшеліктері         137

4.3 Германиядағы әкімшілік процесс дамуының тенденциялары         147

4.4 Ресей Федерациясы және постсоциалистік мемлекеттердегі әкімшілік процесс дамуының қазіргі кезеңі

4.4.1 Ресей Федерациясындағы әкімшілік процестің жалпы принциптері        159

4.4.2 Салық органдарының нормативті емес актілерін  шағымдау үлгісіндегі жекелеген әкімшілік процесс  түрлерінің ерекшеліктері

4.4.3 Әкімшілік-іс жүргізу қызметі саласындағы ресей заңнамасының 

Новеллалары         168

4.4.4 РФ әкімшілік дауларды азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде шешудің принциптері, тәсілдері, нормативті –құқықтық базасы

4.4.4.1 РФ әкімшілік дауларды азаматтық процесс шеңберінде шешудің жалпы принциптері                    

4.4.4.2 Нормативті емес актілерді жарамсыз деп тану бойынша салық дауларының үлгісінде, Ресей Федерациясының азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде әкімшілік дауларды сот тәртібінде шешудің ерекшеліктері          172

4.4.4.3 РФ мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне шағымды қарастырудың іс жүргізу ерекшеліктері     

4.4.4.4 Ресей Федерациясында әкімшілік-құқықтық дауларды сот тәртібінде шешудің мәселелері

4.4.4.5 Посткеңестік мемлекеттердегі әкімшілік - іс жүргізу заңнамасының дамуы         

ҚОРЫТЫНДЫ         

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ                

 

 

 КІРІСПЕ

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста қазіргі таңдағы қазақстандық заңнамада, әрқайсысы белгілі бір дәрежеде тиісті заң актілерімен реттелетін және осыған байланысты тиісті процестердің ерекшелігін көрсететін бірнеше түрлері реттеледі.  

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуден басқа әкімшілік процесс және оның іс жүргізу түрлері әлі күнге дейін тиісті құқықтық реттелумен қамтамасыз етілмей отыр. Процестің барлық түрлерінің ішінде тек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық түрлері ғана  құқықтық құбылысқа ие болуына байланысты, процестің осы түрлерін реттейтін нормалар жиынтығы маңызды жүйелік сипат -  азаматтық - іс жүргізу, әкімшілік - іс жүргізу және қылмыстық -  іс жүргізу түріндегі қазақ құқығындағы іс жүргізудің дербес саласының мәртебесіне ие. Осыған байланысты, процестің жаңа түрі ретіндегі  әкімшілік іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс қызығушылық тудырады. 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның Негізгі заңы бойынша адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін алуына, мемлекеттің халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі ретінде әлемдік қауымдастыққа енуіне және елдегі экономикалық, саяси саладағы өзгерістерге байланысты, қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде әкімшілік-іс жүргізу саласын түбегейлі өзгерту туралы мәселенің өзектілігі артып отыр. 

ХХ ғ 60 ж ортасына дейін іргелі құқықтық санат ретіндегі процестің мәні туралы ғылыми көзқарастар сол дәуірдегі азаматтық және қылмыстық процестер негізінде қалыптасты. Сондықтан да, осы процестердің юрисдикциялық сипаты: құқық туралы (азаматтық процесс) дауды шешу және мәжбүрлеуді қолдану (қылмыстық процесс) маңызды болды. Азаматтық және қылмыстық процестердің мұндай түсіндірілуі, азаматтық және қылмыстық юрисдикция мақсаттары үшін арнайы құрылған орган ретіндегі соттың әлеуметтік бағытынан шығады.

ХХ ғ 60 жж басында құқықтанушы ғалымдардың процесс түрлеріне, оның ішінде әкімшілік процесті зерттеуге деген қызығушылықтары арта бастады.  1964 ж басылымнан шыққан Н.Г. Салищеваның алғашқы монографиялық еңбегінде әкімшілік процесс, азаматтық және қылмыстық процестердің көрінісі ретінде сипатталған. 

Зерттеу жұмысының өзектілігі сонымен қатар, әкімшілік процесс түсінігін тар мағынада анықтау үшін оның юрисдикциялық сипатының алынуына да байланысты. Әкімшілік процесті түсіндірудің осы түрдегі тәсілінің тиімсіздігін біз төмендегідей мәселелерден байқаймыз:  

Біріншіден, юрисдикциялық қызмет, мемлекеттік органдар және ұйымдар жүргізетін атқарушы әкімшілік қызметінің тек бір бөлігін ғана білдіреді. 

Екіншіден, әкімшілік процесс шеңберінде юрисдикциялық сипаттағы істердің санаттарын ғана қарастыру, мемлекеттік басқару органдарының көпжақты ұйымдастырушылық қызметінің әкімшілік іс жүргізу, басқару сипатын жоққа шығару болып табылады. 

Үшіншіден, әкімшілік процесс функцияларын юрисдикциялық сипатта ғана қарастыру барысында, оның шеңберінде көптеген жеке істерді шешу мәселелері елеусіз қалады. 

Төртіншіден, әкімшілік процесті тек юрисдикциялық қызметпен шектеу, оны қылмыстық және азаматтық процестермен теңестіреді, бұл мәселені оң деп айту қиынға соқтырады. 

Бесіншіден, әкімшілік процесті, процесс және әкімшілік іс жүргізу деп  бөліп қарастыру, осы құқықтық құбылыстың мәнін дұрыс анықтауда қиындық тудырады, өйткені әкімшілік істердің нақты санаттары бойынша іс жүргізу процесстің құрамдас бөлігі болып табылып, ерекше және жалпы түрдегі ара қатынаста болады. 

Алтыншыдан, әкімшілік процесс әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін қолдану түрі болып табылады және материалдық әкімшілік құқықтың салаларымен қатар, басқа да құқық салаларының материалдық нормаларын қамтиды. 

Ел дамуының бағдарламалық құжаты – «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп–өркендеуі, қауіпсіздігі және әл–ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев "тәуелсіз, гүлденуші және саяси тұрақты Қазақстанды құру қажеттілігі, оған тән ұлттық бірлікті, әлеуметтік әділеттілікті, бүкіл халықтың экономикалық жайлы жағдайын қарастырумен байланысты" [1], деп айрықша атап өткен. Осы орайда, Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, биліктің әрбір тармағын, ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына етене жақын, азаматтың құқығы мен бостандығын қамтитын атқарушы билікті зерттеудің жаңа әдістерін қажет етеді. Осы мәселеге байланысты, мемлекетіміздің қазіргі таңдағы даму кезеңінде, арнайы іс жүргізу нормалары арқылы әкімшілік-құқықтық дауларды қарастыратын әкімшілік соттар жүйесін құрудың қажеттілігі туралы мәселе өзекті болып отыр. 

Біріншіден, 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалық етуіне байланысты, Еуропа Кеңес мүшелігіне үміткер Қазақ елі үшін адамның құқықтары мен бостандығын қорғау деңгейін еуропалық және әлемдік талаптарға, стандарттарға сәйкестендіру аса маңызды. Бұл ең алдымен, қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ескере отырып дербес әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысты мәселе.  

Екіншіден, қазіргі кезеңде жария-құқықтық қайшылықтарды реттейтін нормалар шашыраңқы түрде, бұл әрине оларды қолдануда және бірыңғай құқықтық саясатты қамтамасыз етуде қиындық тудыруда. 

Үшіншіден, Қазақстан Республикасында дербес, мамандандырылған әкімшілік сот ісін жүргізуді құру, мемлекеттің саяси идеяларына және азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін шенеуніктердің қияндықтарынан қорғаудың тиімді механизмдерін құруға бағытталған қайта құруларға сәйкес келеді. 

Қазіргі таңдағы заң доктриналарындағы «әкімшілік іс» және «әкімшілік-құқықтық дау» терминдері күрделі және талас тудырып отырған ұғымдар екенін ескерте кеткен жөн. Бірқатар ғалымдардың осы заң санаттарын түбегейлі түрде зерттеуге ұмтылып отырғанына қарамастан, әлі күнге дейін олардың  ара-қатынасы және өзара байланысына қатысты ортақ тәсілі болмай отыр. Барлық құқықтанушылардың, "әкімшілік-құқықтық дау" және «әкімшілік іс» ұғымдары өзара байланысты болуы керек деген көзқарастарына қарамастан, олар ұқсас болмай отыр. Берілген термин, атқарушы билік органдары қызметінің саласымен қатар, әкімшілік әділеттің мамандандырылған сот органдарында немесе арбитражды соттар және әкімшілік-құқықтық дауларды шешетін жалпы юрисдикциядағы соттар қызметінде де қолданыла алады. Бүгінгі таңда заң ғылымында, әкімшілік дауларды әкімшілік юрисдикция арқылы шешу керек деген пікірлер айтылуда. Алайда, әкімшілік дау түсінігін тек сот ісін жүргізумен шектеп қана қарастыруға болмайды, себебі әкімшілік-құқықтық даудың, яғни әкімшілік істің сипаты бірыңғай және даулы құқықтық қатынастарды шешудің тәртібі оны өзгерте алмайды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қазіргі таңда әкімшілік істердің, сот органдарының және басқа да биліктік уәкілеттік органдарының юрисдикциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру арқылы шешіле алатындығын ерекше атап өтеміз. 

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заң әдебиеттерінде біздің зерттеп отырған мәселелеріміз Абросимова  Е., Аверков Н.О., Алехин А.Н.,                  Афанасьев Н.К., Бахрах Д.Н., Воробьев  Е.В.,  Горшнева В.М., Измайлов А., Ильичев А.Н., Кикотя В.Я., Клюшниченко А.П., Козлов Ю.М., Кононов П.И., Манахина С.Н. Масленников М.Я., Петухов А.Н., Панова И.В.,  Попова Л.Л.,  Салищева Н.Г., Сальникова В.П., Самойленко А.В., Сорокин В.Д.,  Сорочевский Б.Д., Старилов Ю.Н., Студенкин С.С., Хаманев Н.Ю.,                                           Ядвинов К.Е. еңбектерінде қарастырылған.

Заңның басқа да салаларын зерттеп жүрген заңтанушы ғалымдар әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процеске де назарын аударуда. Ғалымдардың осы тобының ішінен Е.Н. Губанов, Г.Н. Кирько, Г.П. Евгеньев, Ш.Ш. Алимов, К.Тулеевтерді ерекше атап өтуге болады. Дегенмен, зерттеу тақырыбына  қатысты бірқатар мәселелер әлі күнге дейін пікірталастар тудырып келеді және толық зерттеле қоймаған. Әкімшілік процесті жетілдірудің жаңа жолдарын қарастырып, оны қазіргі тарихи жағдайларға және жаңа заңнамаға бейімдеу аса қажет дүние. 

Қазақстандық зерттеушілер қатарында соңғы  жылдары әкімшілік құқық саласындағы  қарқынды  зерттеулерімен танылып жүрген, әкімшілік құқықтық мәжбүрлеудің теориялық мәселелерін зерттеген  Б.А. Жетпісбаев [2],  әкімшілік құқықтағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеген А.Е.  Жатқанбаева [3],   кәмелетке толмағандардың әкімшілік  жауапкершілігінің ерекшеліктерін зерттеген   А.С. Бахралинов [4],  ҚР ішкі  істер  қолданатын әкімшілік- процессуалдық шараларға қатысты зерттеу жүргізген Қ.К. Шағатаев [5] сияқты  зерттеушілердің тұжырымдамалық пікірлері мен қорытындылары басшылыққа  алынды.

Зерттеу объектісі - әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс деңгейінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.          

Зерттеудің пәні. Тақырыпқа байланысты әкімшілік-іс жүргізу құқығының теориясын, тәжірибелері мен әкімшілік процестің ҚР заңнамасындағы алатын орны. 

Жұмыстың мақсаты мен міндеті – әкімшілік-іс жүргізу құқығының теориясы мен тәжірибелерін жетілдіру және Қазақстан Республикасындағы әкімшілік процесс ролін арттыру. 

Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес келетін мынандай міндеттер алға қойылды: 

  әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының генезисіне талдау жасау, осыған орай зерттеу жұмысында заң процесінің түсінігі, мәні және сипаттары, заң санаты ретіндегі процестің ерекшелігі жан-жақты қарастырылды;

  заң процесінің құрылымын, іс жүргізу түрлерін, кезеңдерін, сатыларын айқындау;

  процестердің түрлік құрамын және оларды жіктеудің принциптерін анықтау;

  заң процестерінің түрлерін құқықтық реттеу ерекшеліктерін қарастыру;

  процестің дербес түрі ретіндегі әкімшілік процестің орнын анықтау;

  әкімшілік–іс жүргізу құқығының мәнін, нормаларын және институттарын ашып көрсету;

  әкімшілік –іс жүргізу құқығының заңды мәні туралы жаңа мағлұматтар алу;

  әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының әдіснамалық және теориялық негіздеріне талдау жасау;

  әкімшілік-құқықтық даулар санатындағы жалпы мәселелерді қарастыру;

  Қазақстан Республикасындағы әкімшілік соттардың теория және тәжірибелері мәселесін анықтау;

  әкімшілік юрисдикцияның іс жүргізу түрлерін ашып көрсету және талдау жасау;

  әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының шет елдік үлгісіне шолу жасау.

Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Кешенді, терең сараланатын ғылыми жұмыс әрдайым әрбір мәселені зерттеуде міндетті түрде ғылыми-тәжірибелік әдістерді пайдаланады. Сол себепті біз диссертацияның мазмұнында айқындалған мәселелерді қарастырғанда төмендегі зерттеу әдістерін қолдандық:

1. ҚР әкімшілік процесті жетілдіруге байланысты жиналған теория мен 

тәжірибені ғылыми талдау.

2. Жүйелі – құрылымдық әдіс әкімшілік – құқықтық нормаларды басқа да  өзара байланысқан құқықтық элементтердің бір құрамдас бөлігі     ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.  

3. Тарихи және салыстырмалы құқықтық әдістер.

4. Логикалық синтездеу, қисындылық әдістер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақстандық ғылымда алғаш рет әкімшілік –құқықтық қатынастар мәселелерін кешенді және жүйелі түрде талдау отандық заң ғылымының жаңа бетін ашады.

Автордың алғаш рет әкімшілік-іс жүргізу мәселелерін кешенді зерттеуі өзіндік ғылыми жаңалық болып және оны ғылыми айналымға алғаш рет енгізу де жаңалық болып табылады. Зерттеу жұмысында, Қазақстан Республикасының әкімшілік заңын және оны қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған жаңа ғылыми тұжырымдар жасалды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

Зерттеу жүргізу нәтижесінде автор қорғауға өзінің төмендегі ғылыми тұжырымдарды ұсынады:

1. Қазіргі таңдағы әкімшілік-құқықтық қатынастардың, құқықтық нормалармен бекітілген және қамтамасыз етілген, құқық пен міндеттердің жеткізушісі ретінде өзара байланысты бірнеше жақтары бар. Әкімшілік-құқықтық қатынастар әрқашанда мемлекеттің мүддесін білдіретін болғандықтан, мемлекеттің даму жолындағы өзгерістерге байланысты әкімшілік-құқықтық реттеу нормалары да өзгереді. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан, шынайы әкімшілік тәжірибесіндегі осы түрдегі реттеу әкімшілік-құқықтық даулар түрінде іске асырылады. 

2. Әкімшілік процесті заңды іс жүргізу түрі теориясы тұрғысынан қарастыра және Қазақстан Республикасындағы құқықтың басқа да  іс жүргізу салаларындағы қалыптасқан түсініктерді ескере отыра, іс жүргізу түрін қолдана отырып, әкімшілік іс жүргізу түрін сот ісін жүргізу сипаттамасымен қатар, мемлекеттік-билік қызметінің әдістері сипаттамасымен байланыстыру керектігі туралы қорытынды жасауға болады.  

3. Әкімшілік процесс - бұл ең алдымен, құқықпен реттелген, мемлекеттік-биліктік басқару өкілеттілігі берілген, субъектілердің құзыретін іске асыру барысында пайда болатын әкімшілік – құқықтық дауларды шешуге бағытталған, ерекше түрде жүзеге асырылатын және әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша қызмет. Кең мағынадағы құқық шығармашылық қызметі «әкімшілік процесс» түсінігіне кіргенімен, позитивті басқару іс әрекеттерін әкімшілік процестен айрықшалап, басқару процессі шеңберіне біріктіруге болады. Мұндай жағдайда, әкімшілік процесс әкімшілік – юрисдикциялық қызмет түріне айналады. 

4. Көптеген авторлар, барлық мағынада әкімшілік–құқықтық дауды әкімшілік процесс құрылымына жатқызады, дегенмен процесті түсіндіру тәсілдерінің шеңбері әкімшілік-құқықтық дау түсінігінің ауқымына да әсерін тигізеді. Біздің пікірімізше, әкімшілік құқықтың мәні, әкімшілік процестің мәнін анықтауы тиіс. 

5. Әкімшілік әділеттің барлық жүйесіне, бір жағынан азаматтар мен заңды тұлғалар және екінші жағынан әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалар арасындағы әкімшілік басқару саласындағы  дауларды қарастыру тән. Кейбір жағдайларда әкімшілік-құқықтық дауларды шешу функциясын, әкімшілік  даулардан басқасын да шеше алатын, әкімшіліктен тәуелсіз жалпы соттар атқарады. Келесі бір жағдайларда юрисдикциялық функциялар, жалпы соттар жүйесінен және әкімшілік органдардан тыс құрылатын арнайы әкімшілік соттарына жүктеледі. Қазақстан Республикасында осы екінші үлгі әкімшілік реформалар шеңберінде іске асырылған. Алайда, әкімшілік соттар жүйесін қалыптастырудың толық аяқталмауына және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінен тыс әкімшілік құқықтың іс жүргізу нормаларының кодификацияланған құқық көздерінің болмауына байланысты, берілген жүйенің тиімділігі туралы сөз қозғау ерте болып отыр. 

6. Әкімшілік құқық ғылымында, әкімшілік әділет ретінде азаматтар мен мемлекеттік басқару органдары, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары арасындағы (оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару) әкімшілік – құқықтық дауларды ерекше іс жүргізу тәртібінде (қарапайым іс жүргізу түрінен ерекше түрде) шешетін арнайы әкімшілік соттардың қызметі қарастырылады.  

7. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық дамуында, басқа да биліктік әкімшілік құқық қолдану түрлеріне қарағанда жоғарғы соттың үстем ролін арттыратын үрдіс байқалады. Нәтижесінде қазіргі таңдағы Қазақстандағы әкімшілік әділет, әкімшілік құқық туралы даулар (кең мағынадағы) сот қарастыруының нысаны болып табылатын даулы істерді шешуге бағытталған. 

8. Біздің ойымызша, әкімшілік-құқықтық даулардың басым бөлігі соттан тыс тәртіпте шешіле алады және шешілуі тиіс. Ең алдымен бұл  биліктік (субординациялық) қатынастар шеңберіндегі, сонымен қатар бірқатар жағдайларда өзара іс әрекет қатынастары шеңберіндегі әкімшілік-құқықтық дауларға қатысты. Маңыздысы, мұндай дауларды шешу механизмдерін таңдауда басымдық императивтікке қарағанда консенсуалды тәсілге беріліп, әкімшілік келісім-шарттар және соттан тыс әкімшілік процедуралардың бірыңғайлылығы негізінде іске асырылуы керек. 

9. Соңғы жылдары әкімшілік соттар Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып отыруына байланысты, тиісті соттар қызметінің іс жүргізу түрлерін реттеу мәселесі туындады. Біздің көзқарасымыз бойынша осы мәселені шешудің тиімді жолы- Әкімшілік-іс жүргізу кодексін дайындау және шығару болып табылады. 

10. Әкімшілік процесс - бұл ведомстволық бағыныстылыққа кіретін істер бойынша әкімшілік органдардың биліктік құқық қолдану қызметі, ал әкімшілік сот ісін жүргізу, ағымдық әкімшілік істерді әкімшілік органдардың бастапқы шешуі негізінде қозғалған істерді қарастыру бойынша соттардың биліктік құқық қолдану қызметін білдіреді.  Мұнда айрықша ескере кететін жәй, біз заң процесстерінің аталған түрлерін өзара қайшы келеді деп отырғанымыз жоқ, керісінше олар бірін бірі толықтыра отырып, жүйеде атқарушы биліктің өз құқықтарын іске асыру кезіндегі заңдылықты қамтамасыз етеді. Әкімшілік процесті және әкімшілік сот ісін жүргізуді қандай түрде реттеуге болады? деген орынды мәселе көтеріледі. Біздің ойымызша бұл мәселені шешудің тиімді жолы екі түрдегі іс жүргізу кодекстерін қабылдаудан көрінеді. Яғни, әкімшілік органдардың әкімшілік процестің жалпы құқықтық негіздерін және әкімшілік іс жүргізудің жекелеген түрлерін іске асыруының құқықтық негіздерін реттеуге басты назар аударатын Қазақстан Республикасының әкімшілік- іс жүргізу Кодексін және әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін, яғни әкімшілік құқық бұзушылықтан шығатын істерді соттардың қарастыру тәртібін реттейтін іс жүргізу нормалары қамтылған Қазақстан республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу Кодексін қабылдау қажет. 

11. Әкімшілік – іс жүргізу қызметінің және Қазақстан Республикасындағы барлық деңгейдегі басқару жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі әкімшілік-құқықтық дауларды шешудегі бірыңғай механизмінің болмауы. Сот тәртібінде қарастырылатын осы түрдегі даулардың үлес салмағының өсуі, осы дауларды шешудің соттан тыс тәртібін нақтылап, әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде биліктік өкілеттіліктерді асыра пайдалану мүмкіндіктерін жоққа шығаратын, әкімшілік – құқықтық даулардың түрлерін реттейтін тәртіпті нормативтік - құқықтық негізде бекіту қажеттігін көрсетеді. 

12.  Қазақстан Республикасы және көпшілік посткеңестік республикалардағы барлық деңгейдегі басқару жүйесінің ортақ мәселелерінің бірі, Германия, Франция және басқа да континенталдық құқық елдерінің құқықтық жүйесінде заң түрінде бекітілгендей,  әкімшілік – құқықтық дауларды шешудің бірыңғай механизмінің болмауы болып табылады. Осы түрдегі даулар үлесінің артуы әкімшілік соттар жүйесін қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді. Мұнда, Қазақстан Республикасы және Украинаның осы саладағы тәжірибесін қолдана отырып, осы дауларды шешудің соттан тыс тәртібін нақтылап, әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде биліктік өкілеттіліктерді асыра пайдалану мүмкіндіктерін жоққа шығаратын, әкімшілік – құқықтық даулардың түрлерін реттейтін тәртіпті нормативтік - құқықтық негізде бекіту қажет.

Осы мәселе бойынша Қазақстан республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы құқықтық ынтымақтастық өзара тиімді және жемісті болмақ. Өйткені, бұрыннан қалыптасқан және теориялық негізі жетілдірілген әкімшілік құқықтың ресейлік бағытын және әкімшілік соттарды қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесін ұштастыру арқылы, екі елдің мемлекеттік құрылымын ескере отыра, бірлескен әкімшілік – іс жүргізу және сонымен қатар әмбебап соттық кодексін қалыптастыруға жағдай жасар еді. 

Зерттеудің теориялық маңызы. Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кезеңдегі жиі қолданылып жүрген диалектикалық, жүйелік, тарихи салыстырмалы, логикалық ұлттық ерекшеліктерді үйлестіру, т.б әдістерді кеңінен пайдаландық. Тұжырымдардың Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс салаларындағы ғылыми танымдарды кеңейтуіне және дамытуына байланысты. Ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша норма шығармашылық қызметінде, ведомстволық бағыныстағы нормативті актілер және әкімшілік процесс саласындағы әдістемелік нұсқауларды дайындауда пайдалы болуы мүмкін. 

Сонымен қатар, зерттеудің теориялық негізі ретінде қазақстандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектерінің талдаулары қолданылды. Ресей патшалығы, кеңес өкіметі тұсындағы зерттеуші ғалымдардың жұмыстары зерттелді.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Жеке нәтижелер, қорытындылар мен тұжырымдар автордың ғылыми мақалаларында берілген. Зерттеу жұмысы жеті ғылыми-тәжірибелік  конференциялардағы жарияланымдарында мазмұндалды. Диссертация материалдары «Әкімшілік-іс жүргізу құқығы» пәні бойынша дәріс оқу және семинар сабақтарын өткізу барысында жоғарғы оқу орындарының оқу процесіне енгізілген. 

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмысы алдына қойылған мақсат пен міндеттерімен анықталынған. зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі төрт тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.