Жоспар

 

Кіріспе

1. Алқа билер сотының пайда болуы

    1. Алқа билер сотының даму тарихы мен кезеңдері

    2. Алқа билер институтының ортағасырлар кезеңінің үлгісі

1.3. Алқа билер сотының континенталдық жүйесінің даму негіздері

 

2. Алқа билер сотының теориялық және тәжірбиелік мәселелері

2.1. Алқа билер сотының теориялық негіздері

2.2. Алқа билер сотының институтының теориялық проблемалары және енгізу жұмыстары

 

3. Қазақстан Республикасындағы алқа билер сотының ерекшелігі

3.1 Алқа билер сотын дайындау кезіндегі өрескел заңсыздықтар

3.2 Алқа билер институтының біздің заңымызға қабылдануы

3.3 Алқа билер соты: пайымдаулар мен проблемалар

 

Қорытынды бөлім

 

 

Кіріспе

Саяси - әлеуметтік ортаның өзгеруі, мемлекетіміздің демократия жолындағы қол жеткізген жетістіктері мен бүгінгі заман талабы алқа билер сотының жұмыс істеуін яғни, сот төрелігін алқа билердің қатысумен іс жүргізу арқылы дамытуды қажет етеді. Алқа билер соты – бүгінгі соттың ең озық қағидаттары мен дәстүрлері ескерілген қазақстандық нұсқа деген ойды құқықтанушылар айтқан болатын. Яғни, бұл халық өкілдерінің бұқара тарапынан сот билігін жүзеге асыруға және әділ шешім шығаруға қатысуы деген сөз.

Алқа билердің қатысумен сот ісін жүргізудің мақсаты – қоғамдағы азаматтардың құқықтарын қорғау ісіне қатысу, шешім шығаруда ұтымды да, тиімді жолдарын қарастыру және пайдалану, сот төрелігінде әділ үкім шығаруға ат салысу, азаматтардың мүдделерін заң талаптарын бұзуы әрекеттерінен қорғау болып табылады. Халық өкілдері атынан қатысатын алқа билер институты адамдардың құқығы мен бостандығы және заңды мүдделерін заңсыз әрекеттерден қорғайды. Сонымен қатар қоғамдағы құқық қорғау қатынастарын реттеу, осы институтты тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, сот билігінде әділ шешім шығаруға ат салысу мәселелерін көздейді.

Алқа билер институтының маңыздылығы, ең алдымен, оның өлім жазасы көзделген қылмыстық істерге қатысуында. Ал олардың қатысуын сотталушы мен қорғаушы талап ете алады. Бұл жағдай қалыпты құбылыс болуы тиіс. Өйткені, алқа билер институтын құрудағы қажеттіліктің бірі осы өлім жазасы көзделген қылмыстық істерді қарау болып табылады. Кеңес өкіметі кезінде халық заседательдері қызметін жүзеге асырғанымен оның айтарлықтай сапасы да үлгі аларлықтай нәтижесі де болмады. Жалпы қазақ жұрты үшін халық өкілдерінің сот билігін жүзеге асыруға қатысу жат құбылыс емес. Өйткені қазақ елінің салт – дәстүрі, ғұрыптық ережелер жолымен құқықтық жүйені енгізген билер сотының жалғасын табу осы мәселенің бастауы болып табылады. Алқа билер институтының мәні қарапайым халыққа билік айтқыза отырып, оны билікке жақындатады. Сондай – ақ кәсіби емес судьялар болып табылатын адамдардың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы оның сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Алқа билер дербес тұрақты қолданылып жүрген сот мекемесі емес, өзінің өмірлік тәжірибесі және ішкі адал сезімі негізінде айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы мәселені айқындайтын, оны шешу үшін сотқа уақытша шақырылатын, 2 кәсіби судья, 9 алқа биден тұратын алқалық құраммен қатысатын соттың ерекше нысандағы институты. Республикамызда болашақта алқа билердің қылмыстық әрекеттердің басқа да санаттары кіретін сот үрдістеріне қатысуы мәселесінің қарастырылуы да мүмкін. Олардың қатысумен жүргізілетін сот үрдісі қорғаушылар қылмыстық сот ісін жүргізуде бәсекелестікке ынталандырады, судьялардың, прокурорлардың кәсіптік дағдыларын арттыруға қол жеткізеді. Алқа билердің қатысумен болған іс жүргізу кезінде сотталушыны кінәлі емес деп таныған жағдайда айыпталушы сот залынан тікелей босатылуы тиіс. Айыпталушы алқа билердің қатысумен сот ісін жүргізу құқығына ие болған соң шешім тек заң нормасы мен жинақталған сот тәжірибелері негізінде ғана шығарылмайды, сондай – ақ нақты қылмыс туралы және барлық жағдайлар бойынша тәуелсіз өзі талқылайтын адамдар тарапынан айыпталушының кінәлілік мәселесін қарайтын қоғам пікірімен де шешіледі. Осылайша, айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігі жөніндегі қылмыстық тергеудің негізділігі туралы мәселені шешуді халық өкілдері жүзеге асырады. Қазіргі кездегі Қазақстандағы сот жүйесіне енгізілген алқа билер соты айтарлықтай жақсы дамытылған жоқ, деп есептесек те болады. Бұл сот жүйесіне шет елдегідей жүйеге жету үшін, біздерге көптеген қызметтер мен еңбек ету қажеті анық.

Алқа билерге қойылатын талаптарда мемлекеттік тілді меңгермеген азаматтарға алқа би ретінде қатысуға жол бермеуді келісім шығару кезінде алқа билердің тәуелді болмауын қамтамасыз ету және қосымша осы институтқа қатысты шығарылатын нормативтік актілердің, қосымша нұсқаулық кітапшалардың алдымен мемлекеттік тілді дайындалуын, алқа билердің қатысумен жүргізілетін іс жүргізудегі барлық іс құжаттар бланкілерінің мемлекеттік тілде болуын шартты талапқа айналдыру керек. Алқа билер сотындағы субьектілерді мемлекеттік қорғау мәселелерін толық қарастырып, алқа билер сотының жұмыстарын ұйымдастыруды, яғни олардың сотқа шақыртылуы мен сотқа шақырған кездегі қызметтерінен босатылуы, төлем ақысы мен жол шығындары мәселелерін нақты шешу қажет. Алқа билер қатарына халық тарихын, әдет – ғұрпын, салт – санасын білетін ғылымның әр саласынан хабары бар адамдар сайланған жағдайда олардың қатысумен өтетін іс жүргізу үдерісінің мәні де зор болмақ. Олардың даулы мәселені қарау барысында адамның жан – дүниесін, мінез – құлқын бір көргеннен айтуға дағдылануының да маңызы өте зор.

Айта кету керек, заң шығарушы алқа билер институтының лайықты моделін таңдауда қазақстандық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері мен біздің қоғамның менталитетін барынша ескеруге тырысты.