МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………4

 

1 БӨЛІМ. ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА………………..................................................................................6

    1. Әдет-ғұрып құқығының шығу тегі және тарихи дамуы……….....6

1. 2. Әдет-ғұрып құқығы құқықтың бастапқы түрі ретінде………........11

2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ………………...........................................................................................16

2.1. Қазақ әдет - ғұрып құқығы түсінігі және сипаты…………..16

2.2.Қазақ әдет-ғұрып құқық нормаларыцың қайнар көздері………22

2.3. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы құқық шығармашылық

қызметі………………………………………………………………….…31

3 БӨЛІМ. Қазақ құқығында дау шешудің құқықтық табиғаты......................................................................................................37

3.1. Жер және су дауы көшпелі қазақ қоғамының дәстүрлі дауларының бірі ретіне...............................................................................37

3.2. Мал-мүлік дауының құқықтық болмысы..........................44

3.3. Неке қатынастар саласындағы даудың құқықтық табиғаты........................................................................................................51

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………..56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………….59

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.

Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебабтығы, елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп жазылып жүр. Шын мәнінде бұл әдет - ғұрып нормаларының нағыз беріктігін, бірлігін және біркелкілігін көрмеу еді. Олар өстіп құбылмалы, елгезек, өзгергіш болу арқылы өздерінің мақсаттарына жетіп, өздері реттейтін қатынастардың беріктігін, тұрақтылығын, бір қалыпта сақталуын қамтамасыз етеді.

Тақырыптың өзектілігі. Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе - ерекше құбылыс. Яғни, әдет ғұрып нормалары - өзгеше бір әлеуметтік кеңестіктің, қоғамдық емірдің көріністері, сондықтан олардың өлшемдері мемлекет заңдарынан бөлек. Әдет -ғұрып құқығы нормаларын дұрыс ұғынып, түсіну олардың ішкі мәніне сай көзқарас, зерттеу әдістері керек. Демек, әдет - гұрып құқығын зерттеуде бірізділік, біржақтылық сарыны біршама орын алған.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Ендігі міндет жеткен жетістіктерді ескере отырып, сонымен қатар жіберген олқылықтарымыздың орнын толтыру, аталмыш мәселені зерттеудегі, оған баға берудегі кеткен қателерден уақытылы арылу. Сөйтіп, әдет - ғұрып құқығын құқық формасы ретіндегі өмір арнасының шынайы табиғатын ашу қажет.

Жұмыстың жаңалығы. Көшпелі қазақ қоғамында мемлекеттік биліктің ең кең және шырқай дамыған саласы - сот билігі болатын. Ол мемлекеттік биліктің іске асуының негізгі құралының бірі еді, сондықтан сот қызметі (билердің құқықшығармашылық қызметі) өкімет органдары жүйесінде әмбебабтық сипатқа ие.

Қазақ қоғамындағы сот билігі бірнеше даму кезеңін басынан өткерді. Осыған сәйкес оның құрылымы, қызметінің мәні мен мазмұны және бағыт бағдары да өзгерістерге ұшырады. Сот билігінің негізгі кейіпкеріби, ал құқықтық негізі - әдет - ғұрып құқық нормалары болғандықтан, олар да тарихи сабақтастыққа сот эволюциялық даму үстінде болды.

Ұсынылып отырған диплом жүмысында әдет- ғұрып құқығын құқық формасы ретінде көпаспектілі жүйелік кұбылыс тұрғысынан қарастырып, соның ішінде көшпелі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқық нормаларының сипатына ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің құқықшығармашылық қызметінің орнының биіктігі сонша, ол кейбір кездері хан билігінен де жоғары тұрған. Қалай десек те, билердің құқықшығармашылық қызметінің нәтижесі қазақ қоғамында беделді, халыққа кең тарамды- билердің шешімі, төтенше билер съезінің ережелері.

Ұлттық сананың қайта түлеп, жанданып-жаңғырығуы бірте-бірте құқықтық саланы қамтып, дәстүрлі құқықтық жүйені жаңа қырынан зерттеуге жол ашады.

Қорғауға ұсынылып отырған негізгі тұжырымдары:

  • әдет-ғұрып құқығы екі негізгі кезеңдерді қамтиді: мемлекетке дейінгі және мемлекеттік.

  • Әдет-ғұрып құқық жүйесіндегі әдет-ғұрып нормасының ерекшелігін, оның орны мен маңызын зерттеей келе, әдет-ғұрып нормалары былайша жіктеледі:

    • а) Айқындалған көрініс дәрежесі бойынша-норма идеяға, норма принципке және норма ережесіне;

    • б) Құқық жүйесіндегі маңызына (ролі мен орнына) және жұмыс жасау көлемі бойынша - басты және жергілікті;

    • в) Пайда болу тәсілі бойынша - бастапқы және қайталанушы;

    • г) Көрініс (тіршілік ету) формасы мен жүзеге асырылу ерекшелігіне байланысты-синкретті және жіктелген.

    • Құқықтык нормалардың ресми нысаннан биресми нысанға түсуінің бірнеше жолын көрсетуге болады:

  • көшпелі қазақ қоғамындағы әлуметтік, адам аралық қатынастарды реттеудің тек мемлекеттік билікке тәуелді емес. Көшпелі қоғамда ата-бабадан қалған, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған табиғи және тарихи өзін-өзі реттеу, өзін-өзі басқару жүйесі болды;

  • Қазақ қоғамындағы даудың юридикалық табиғаты талданды.

  • Жер-су дауларының ұстанымы, қағидалары анықталды.

  • Мал-мүлік пен жесір дауларын шешу юридикалық шеберлігі мен тосын әдіс-тәсілдері сараланды.

Диплом жүмысы 3 бөлім, 8 параграфтан түрады.