Кіріспе 3
І тарау. Бала асырап алу 9
1.1. Бала асырап алу институтының тарихы              9
1.2. Бала асырап алу түсінігі                                         22
1.3. Бала асырап алудың жүру реті мен тәртібі    24
ІІ Тарау. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алудың құқықтық реттелуі 36
2.1. Шетел азаматтарының қазақстандық балаларды асырап алу тәртібі
2.2. Шетел азаматтарының қазақстандық балаларды асырап алу шарттары.         46
ІІІ Тарау. Бала асырап алудың құқықтық салдары 52
3.1. Бала асырап алудың құқықтық салдары
3.2. Бала асырап алу құпиясы 58
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 64






Кіріспе
Осы жұмыс «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының балаларын асырап алу тәртібі» атты тақырыпқа арналған.
Бұл тақырыптың өзектілігі күмәнсіз. Халықаралық құқық және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың мүдделерін қамтамасыз ету – неке құқығының негізгі мақсаты. Балалар тумысынан белгілі құқықтарға ие тәуелсіз тұлғалар ретінде қарастырылады. 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған «Отбасы және неке туралы» ҚР Заңында бекітілгендей балалардың негізігі құқықтары - өмір сүру мен отбасыда тәрбиелену [1]. 
1989 жылы 20 қарашада халықаралық қоғамдастықта оқиға болды: БҰҰ Бас Ассамблеясы бір дауыстан бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады. Конвенция Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесімен ратификацияланды, ал 1994 жылдың 08 маусымында ол Қазақстан Республикасы үшін күшіне енді [2].  
Қазақстан конвенцияны қабылдау арқылы жетім балаларды мемлекеттік мекемелерге тәрбиелікке беру бойынша ұзақ уақыт бойы қалыптасқан тәжірибеге қарағанда сол балаларды орналастырудың отбасылық нысаның басымдылығын таныды.
Прокурорлық және тергеу тәжірибесінің мағлұматтары бойынша отбасыларға орналастырылған балалардың санын азаюы және балалар үйі мен интернаттық мекемелерде тәрбиеленетін «мемлекеттік балалардың» санының көбеюі көрінеді.
Асырап алушылдыққа берілетін балалардың ішкі нарығы өз өмірін жалғастырып келуде, халықаралық бала асырап алушылықтың маңызды коммерциализациясы байқалады. Асырап алушылыққа жататын балаларды табатын әр түрлі қазақстандық және шетелдік ұйымдардың заңсыз делдалдық қызметпен айналысатын өкілдері Қазақстан Республикасының территорисында өз жұмыстарын жалғастыруда. Сол арқылы заңмен бекітілген ата-анасының қамқорысыз қалған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды қазақстандық отбасыларға орналастыру басымдылық қағидасы бұзылып отыр. Құзыретті қайнар көздердің берген мәліметтері бойынша ішкі мемлекеттік және халықаралық бала асырап алу салаларындағы саны көп бұзушылықтар және теріс пайдаланушылықтар орын алып отыр.
Қазақстандық қоғамның алдында тұрған мәселелердің өткірлігі мен өзектілігі шұғыл шешімді талап етеді. Бала асырап алуды дайындайтын және ол туралы шешімді қабылдайтын органдардың қызметіндегі жемқорлықпен күрес жүргізудің сауатты шараларын қабылдау.
Өкінішке орай, көптеген балалар әр түрлі себептермен ата-анасының қамқорысыз қалып жатады, осындай жағдайларда олардың мүдделерін қорғау мемлекетке артылады. Дәлірек айтқанда ол өз органдары арқылы әр баланың толық және қалыпты отбасыда тәрбиелену құқықтарын жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Балалардың отбасыға тәрбиелікке алынуының бірнеше дәстүрлі нысандары бар. Ең маңызды институт – бұл бала асырап алу институты. Мұның себебі біздің мемлекетте отбасылық тәрбие алудың басымдылығына көп көңіл бөлінеді, себебі тек бала асырап алу институты ғана сондай тәрбиелік нысанды қамтамасыз ете алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйене отырып, бала асырап алудың аспектілерін ашу.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды шетелдіктердің асырап алуы. 
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының балаларын асырап алу түсінігін анықтау;
2. Қазақстан Республикасының балаларын асырап алудың негіздері мен жағдайларын жете қарастыру;
3. Қазақстандық балаларды шетел азаматтарының асырап алуының себептері мен құқытық салдарын біліп алу.
Жұмыстың ғылымдық жаңалығы қазақстандық неке құқығында алғаш рет Қазақстанның жаңа экономикалық және қоғамдық-саяси құрылысына, нарықтық экономикаға көшу кезіндегі жағдайларда неке құқығы бойынша бала асырап алуды құқықтық реттеудің негізгі теоретикалық мәселелерін кешенді монографиялық зерттеуге алынуы және неке заңнамасының халықаралық стандартар мен шетелдің неке заңнамасына жақындауы болып табылады.
Қазіргі қызмет етуші неке заңнамасының және оның қолдану тәжірибесінің анализы біздің қоғамның қазіргі даму кезеңіне сәйкестілігінің, бала асырап алудағы құқықтық қатынастарды тиісті реттеуде қамтамасыз ету қабілеттігінің, мемлекеттің тәрбиелік функциясын және балалар құқығын қорғауды орындауының көз қарасы бойынша жүзеге асырылған.
Бала асырап алу институтының мәселелік аспектілері көптеген қазақстандық авторлармен қарастырылады. Олардың ішінде Байқадамов Б., Базарбаев Б.Б., Ким В.А., Сартаева С.С., Мухамеджанова Э.Б., Майлыбаева Б.А., және т.б. теоретик және тәжірибе танушы құқықтанушылар. Неке заңнамасының кейбір ережелерін жүзеге асыру мәселелерін зерттеу жұмыстарына беделді қатысады, осы институттың қызмет етуінің тиімділігін арттыру және шетелдің ілгері тәжірибесін қолдану бойынша кеңестер береді. Осыған байланысты осы тақырыпты негізгі түсініктерді қарастырудан бастауды жөн көріп отырмыз.
«Бала асырап алу» термині заң ғылымында әр түрлі мазмұнды болып кездеседі. Көп ғалымдар бала асырап алуды ата-анасының қамқорысыз қалған балаларды орналастырудың нысаны ретінде түсіндіреді. Енді біреулері – заңды акт деп есептейді, оның нәтижесінде бір жағынан бала асырап алушы мен оның туыстары, екінші жағынан асырап алынған баламен арасында туған ата-анасы мен туған туыстар арасындағыдай құқықтар мен міндеттер пайда болады. Бұл жағдайда бала асырап алу жоғарыда аталған тұлғалардың арасында жаңа құқықтық байланысының пайда болуына және баланың туғандарымен құқықтық байланысының үзілуіне әкелетін заңды факт ретінде түсіндіріледі.
Сайып келгенде, бала асырап алу – бұл құқық құраушы және құқық тоқтаушы заңды акт.
Заңнамада және заңды әдебиеттерде бала асырап алу асырап алушымен (оның туыстарымен) және асырап алынған баламен (оның ұрпақтарымен) бала асырап алу актісі негізінде пайда болатын құқықтық қатынас болып танылады.
Кейбір авторлармен бала асырап алу баланың құқықтарын сотпен қорғаудың бір тәсілі ретінде қарастырылады. Негізінен, бала асырап алу ата-анасының қамқорысыз қалған баланың, ең алдымен, отбасыда тұру мен тәрбиелену және қорғауға ие болу құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған.
Ақырында «бала асырап алу» бала асырап алу бойынша қатынастарды реттеуге қолданылатын құқықтық нормалардың жиынтығын ұсынатын және бала асырап алуды бекіту және тоқтату тәртібін, құқықтық қатынастарға түскен қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтайтын неке құқығының бір институтын белгілейді.   
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Жұмыс нәтижелелірінің тәжірибелік маңыздылығы келесіде: бала асырап алуда құқықтық реттеу сұрақтарын әрі қарай ғылыми жасауда қолданылатын кейбір теоретикалық ережелер мен шешімдер; неке құқығын оқыту кезінде некелік заңнаманы жетілдіру; біздің қоғамның қазіргі кездегі даму кезеңінде бала құқықтарын қорғау және ведомстволық пен сот тәжірибесінің бала асырап алу сұрақтарын шешудегі мәселелерін зерттеу.
Қызмет етуші бала асырап алу туралы заңнаманың ережелерін ескере және шетелдердің тәжирибесіне сүйене отырып, осы жұмысты таңдаған тақырыптың ерекшеліктерін белгілеп құрауға тырыстық. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады.
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы:
Жұмыс мазмұнында бала асырап алу неке құқығы институты ретінде оның соңғы түсіндірмесінде қарастырылады. Бала асырап алу институтын құқықтық институт ретінде қалыптасу және даму аспектісінде қарастырылуға негізгі көңіл бөлу жинақталған. Бала асырап алу институты ежелгі құқықтық институттардың бірі болып табылады және қазіргі кездегі құқықтық жүйелерде орын алып отыр. Бала асырап алу институтының әр түрлі даму кезеңдеріне және бала асырап алу сұрақтары бойынша заңнаманың тарихи дамуына шолу жасалынады. Өз тағайындауы бойынша бала асырап алу институты терең гуманисті сипатта. Ата-анасы жоқ немесе белгілі себептермен ата-анасының қамқорысыз қалған балаларға отбасылық өмірді және тәрбиені қамтамасыз етуге тиісті.
Бала асырап алу туралы қазіргі кезде қызмет етуші мен бұрынғы кездегі заңнаманы, оның жетілуін және дамуын салыстыру фактісі қызықты. Осы институтты кейбір шетел мемлекеттерінде заңнамалық реттеуінің мысалдары келтіріледі.
Кейін қазіргі кездегі бала асырап алу қатынастары қарастырылады. Баланы асырап алу түсінігі және бала асырап алудың жүру реті мен тәртібі белгіленген.
Шетелдіктердің бала асырап алу ерекшеліктері және процедурасы, балаларды шетелдіктерге асырауға берудің қандай ережелері, бала асырап алуға тілек білдіретін шетелдіктердің құқықтары мен міндеттері, бала асырап алу кезінде шетелдіктердің қажетті ұсынатын құжаттары мен материалдары, Қазақстан Республикасының балаларын асырап алуға тілек білдірген тұлғалар мен шетелдіктердің есебі кіммен жүргізілетіні, асырауға берілген балалардың өмір сүру және тәрбие алу жағдайларына бақылау кіммен жүргізілетіндігі ашылады.
Біздің балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер санының көптігі, олардың біздің балаларды асырап алу себептері, бала асырап алу үшін қандай қаражат сомасы керектігі және мемлекет ішінде асырап алынған балалармен не болатындығы ерекше қызығушылықты тудырады. Бала асырап алу тілегін білдірген тұлғалардың кездесетін мәселелері бойынша мысалдар келтірілген.
Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша бала асырап алудың құпиялығы, асырап алушылар мен асырап алынғанның арасындағы құқықтар мен міндеттері және бала асырап алудың құқықтық салдары көңіл аударуды талап етті. Қандай балалар асырап алынуға жататындығы, олардың және бала асырап алуға тілек білдіруші тұлғалардың есебінің кіммен жүргізілуі сияқты мағлұматтар орын алды.
Сонымен қатар тұлғаның баланы асырап алуға мүмкінсіздігін тудыратын ауру түрлерінің тізіліміне, бала мен асырап алушының арасындағы жас айырмашылығына, қандай жағдайларда бала асырап алу заңсыз деп танылатындығына және бала асырап алу қалай тоқтатылатындығына көңіл бөлінген.
Бала асырап алу түсінігін және оның жағдайларын, асырап алушының жеке тұлғасына деген талаптарын, бала асырап алудың құпиялығын қамтамасыз етуін, Қазақстан Республикасының балаларын шетелдіктердің асырап алуының және бала асырап алудың құқықтық салдарының мәселелерін зерттеу тек асырауға жататын баланың ғана емес, сонымен бірге асырап алушылардың және олардың туыстарының, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сәйкестілік көз қарас бойынша қарастырылады.