МАЗМҰНЫ

Кіріспе. 2

1-тарау. Тонау мен шабуыл жасап тонаудың жалпы сипаттамасы. 4

1.1. Тонау мен шабуыл жасап тонаудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы 10

1.2. Тонау мен шабуыл жасап тонаудың криминалистік сипаттамасы. Анықталатын мән-жайлар. 18

1.3 Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезеңдеріне тән жағдайлар. 20

2 тарау. Алғашқы тергеу және жедел іздестіру шаралары.. 22

2.1 Алғашқы тергеу әрекеттері, жедел іздестіру шаралары, тергеуді жоспарлау ерекшеліктері 24

2.2 Тағайындалатын сараптамалар. 28

3 тарау. Тонау мен қарақшылық қылмыстары бойынша сезіктіден жауап алу тактикасы 30

Қорытынды.. 33

Пайдаланған әдебиеттер. 34

Кіріспе

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін, барлық егеменді мемлекеттің, я оның халқының өмірін құрайтын құқықтық жүйесін түбірімен қайта құру қажеттілік туындайды. Бұл бағытта біраз іс жасалды: көптеген заңдар мен үкімдер жобаланды және ендірілді. Бұл заңдар мен актілер республиканың алғы қатарлы құқықтанушы – ғалымдар мен тәжірибелі – заңгерлер терең талқыланды, ал олардың ішінде маңыздысы, мысалы, Негізгі Заң - Қазақстан Республикасын Конституциясы бүкілхалықтық республикалық референдумда қолдау тапты.

Қазақстан халқы өз алдына тарихи мақсат – құқықтық мемлекет құру қойды. Мұндай құқықтық мемлекет құру үшін, қоғам өмірін гуманизациялау және демократизациялауға, жынысына қарай, ұлтына, қоғамдағы мүліктік жағдайына, әлеуметтік жағдайына, беделіне қарай төмендетудің кез-келген нысасын жоюға бағытталған жаңа құқықтық жүйе құру қажет болды.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен дербестігін алғаннан кейін, нақты осындай құқықтық жүйе құрыла бастады. Қазақстан Республикасының бірнеше жыл дербес өмір сүру кезінде халық өмірінің көптеген жақтарын жақсартуға бағыттылған заңдар мен басқа да нормативтік – құқықтық актілер орасан зор мөлшерде қабылданды. Осы мезгіл ішінде заң шығару процессі үлкен жылдамдықпен жүрді.

Заң адамның өмірін және денсаулығын, оның бостандығын, ар-намысы мен абыройын оның табиғи құқықтарына қол сұғушыдан қорғауға міндетті. Сондықтан, барлық адамдар оларды қорғайтын құқықтарды білуге міндетті. Заңдарды мұқият зерттеу бізге Қазақстанда қандай мемлекет құрылып жатқанын, азаматтар қандай құқықтар мен бостандықтар бар екендігін, сондай-ақ егер де олардың құқықтар мен бостандықтарын лауазымды тұлғалармен, басқа азаматтармен бұзылған жағдайда олардың заңды мүдделерін кімдер қорғайды.

Құқықтық мемлекет құруда, елдегі заңдылық пен құқық тәртібі сақталуында ерекше роль құқық-қорғаушы органдарға жүктелген. Яғни қағидалардың сақталуы мен заңбұзушылықтың жауаптылығы осы органдарға байланысты.

Міне осыдан мен өзіме «неге мен осы тақырыпты алдым» деген сұрақ қойдым. Бұл тақырып қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы екі-үш жалдықта тонау мен қарақшылық қылмыстары үлкен қарқынмен өсіп келді. Тонау мен шабуыл жасар тонаудың (қарақшылықтың) басқа қылмыс түрлерінен ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтау үшін, қандай адамдар осы қылмыстарды жүзеге асыратынын, қандай жағдайда бұл қылмыстар жасалады.

Қарақшылық (немесе шабуыл жасап тонау) – ұрлықтың аса қауіпті нысаны болып табылады. Мүлікке қарсы қылмыстардың қатарында қарақшылық маңызды орын алып тұр, соңғы онжылдықта осы қылмыстардың өсу тенденциясы көзге анық көрініп отыр. Осылайша, тек 1987 жылдан 1990 жылға дейін біздің мемлекеттегі тонау мен қарақшылықтың жалпы саны 55.5 мыңнан 151.9 мыңға көтерілді, яғни жуықтап алғанда үш есеге өсті. Сонымен қатар, осы қылмыстардың 90 %-ы азаматтардың мүлкін иеленіп алуға бағытталған, соның ішінде қарасын үйлерге кірумен бірге жасалғандар да бар[1].

Тәжірибеге байланысты, соңғы жылдары осы қылмыстар ұйымдасқан топтармен немесе кәсіпкой қылмыскерлермен жасалатыны анықталды, олар қылмыс жасау әдісімен, шабуылға дайындалу процесіне әр түрлі әрекеттер қосатындығымен, қылмыстың нақты жасалануымен, үйлерге кірушілігімен, құндылықтарды заңсыз иеленумен, сондай-ақ, қылмыстық озбырлықтың іздерді жасырумен ерекшеленеді.

Мен бұл жұмысымда тонау мен шабуыл жасап тонаудың, әрекеттегі заңдар мен өзге нормативтік-құқықтық актілерін талдауға негізделе отырып құрастыруға болатын өзекті сипаттамаларын ұрлықтың негізгі бір түрлері ретінде қарастырымын. Сонымен қатар, тонау мен қарақшылықтың квалификациялы түрі және осылардың ұрлықтық басқа түрлерінен, мысалы талантараж немесе қорқытып алушылықтан айырмашылығы зерттеледі.



[1] Өкінішке орай қазіргі күндегі тонау мен қарақшылық қылмыстарының өсу динамикасы әдебиеттерде көрсетілмеген.